Tue . 20 Jan 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Камчатка

камчатка видео, камчатка карта
Камчатка — Азияның солтүстік-шығысындағы аса ірі түбек. Ресейдің Камчатка өлкесі және Коряк автономды округі аумағын алып жатыр. Ұзындығы 1200 км, ені 450 км, ауданы 370 мың км². Тынық мұхиттық тектоникалық белдеуде жатуына байланысты жанартаулық және жер сілкіну әрекеттері күшті жүреді. 160 жанартау бар, оның 28-і әрекетті. Ыстық бұлақтар мен гейзерлер көп (ең ірісі – Великан, ыстық суды 50 м биіктікке атады). Орта тұсымен бір-біріне қатар Орта және Шығыс жоталары өтеді. Олардың арасын Орталық Камчатка ойпаты бөледі. Батыс жағалауы ойпатты. Шығыс жағалауы биік үстіртті (700 – 750 м). Оның үстінде жанартау конустары орналасқан (Ключи шоқысы, 4750 м). Тау бастарын мұз басқан (аум. 874 км²). Өзендері суға мол. Жанартау кратерлерінде пайда болған көлдер көп. Климаты қоңыржай теңіздік, орт. мен солтүстігінде қоңыржай континенттік. Ақпан айының жылдық орташа температурасы –130С, тамызда 120С. Көп жерін сирек, қайың орманы мен қылқан жапырақты орман басып жатыр. Солтүстігі – тундра. Өзен бойында биік және қалың шалғын өскен. Көмір, алтын, күміс, құрылыс материалдары, күкірт кен орындары табылған. Минералды және ыстық суға бай. Ыстық су көздері үй жылытуға, өсімдік жылыжайына кеңінен пайдаланылады. Геотермалдық тәжірибе электр стансалары жұмыс істейді. «Крона» атты биосфералық қорық ұйымдастырылған.

Дереккөздер

  1. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Kamchatka

камчатка, камчатка видео, камчатка википедия, камчатка время, камчатка долина гейзеров, камчатка карта, камчатка на карте, камчатка новости, камчатка полуостров, камчатка фото


Камчатка Туралы Ақпарат

Камчатка


  • user icon

    Камчатка beatiful post thanks!

    29.10.2014


Камчатка
Камчатка
Камчатка Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Камчатка бұл, Камчатка кім, Камчатка сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік – Ақтөбе облысының Темір ауданындағы ауыл, Шығырлы ауылдық округінің құрамында Халқы 211 ада...
Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасының Ұлттық жиналысы (국회 (Кукхве)) — Корея Республикасының бірпалаталы, 300-орынды ...
IC 213

IC 213

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Тоқты Тура шарықтауы 02h 1...
Бейіт

Бейіт

Бейіт - қайтыс болған адамның зиратта жерленіп белгі қойылған орны. Бейіт- араб тілінде «үй», «пәтер...