Mon . 19 Dec 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Калимантан

калимантан на карте, калимантан
Калимантан, Борнео – Үлкен Зонд аралдары құрамында, Малай топаралындағы ең үлкен арал. Аумағы 734 мың км². Аралдың басым бөлігі (540 мың км²) Индонезия иелігінде, қалған бөлігінде Малайзияның провинциялары және Бруней мемлекеті орналасқан. Калимантан аралы Оңтүстік Қытай, Сулу, Сулавеси, Ява теңіздерімен қоршалған. Теңіздерден Каримата және Макасар бұғаздары бөліп тұрады. Аралдың жағасы, негізінен, жалпақ, батпақты келген. Геологиялық құрылымы жөнінен Калимантанның Солтүстік-батыс бөлігі мезозойға дейінгі Зонд платформасына, Оңтүстік мен шығысы мезозойлық және альпілік қатпарлы өңірге жатады. Жері, негізінен, таулы. Орталық мен Солтүстік-шығысында жақпар тасты жоталар мен таулы қыраттар орын алған. Аралдың ең биік жері де (Кинабалу тауы, абсалют биіктігі 4101 м) осында орналасқан. Оңтүстік мен батысында төбелі жазықтар мен батпақты ойпаттар басым. Климаты экваторлық және субэкваторлық. Жағалауындағы жылдық орташа температура 25 – 270С, таулы өңірде біршама салқын. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері таулы аймақтарда 5000 мм, жазық өңірлерде 2000 – 3000 мм. Ірі және суға мол өзендері: Капуас, Барито, Махакам. Күлгін латеритті топырақ басым. Калимантан аралының басым көпшілік бөлігін (3/4 бөлігін) мәңгі жасыл орман көмкерген. Өсімдіктің 11 мыңға жуық түрі кездеседі. Аралда биологиялық резерваттар көп. Жануарлардан піл, ірі маймылдар (орангутан, гиббон), аю (салм. 65 кг ең кішкентай малай аюы – бируан тіршілік етеді), керік, жабайы өгіз, т.б. кездеседі; құстың 600-ден астам түрі мекендейді. Арал тұрғындарының негізгі кәсіпшілік ететін дақылдары: күріш, гевея, копра, кокос пальмасы, каучук ағашы. Жағалауларында балық аулау кәсіпшілігі дамыған. Калимантан аралында мұнай мен газдың кен орны мол. Ірі қалалары: Понтианак, Банджармасин, Самаринда (Индонезия), Кучинг (Малайзия), Бандар-Сери-Бегаван (Бруней).

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том


калимантан, калимантан на карте, калимантанская кошка, о.калимантан, остров калимантан


Калимантан Туралы Ақпарат

Калимантан


  • user icon

    Калимантан beatiful post thanks!

    29.10.2014


Калимантан
Калимантан
Калимантан Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Калимантан бұл, Калимантан кім, Калимантан сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Аттимис

Аттимис

Аттимис (итал. Attimis) — Италиядағы коммуна, Фриули-Венеция-Джулия әкімшілік аймағына қарасты ...
Бөгенбай би ауылы

Бөгенбай би ауылы

Бөгенбай би ауылы — Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл, Викторов ауылдық округінің құрамында. Ге...
Алмас қажақты құрал

Алмас қажақты құрал

Алмас қажақты құрал (Алмазный абразивный инструмент) — кесу бөлігі байламмен бекітілген алмас ұнтағы...
Лабастид-Сезерак

Лабастид-Сезерак

Лабастид-Сезерак (фр. Labastide-Cézéracq) — Франциядағы коммуна. Аквитания аймағына қарасты Атлантик...