Mon . 19 Nov 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Испандар


1st row: Isabella I of Castile ·Ferdinand II of Aragon ·Francisco Pizarro ·Hernán Cortés ·Ignatius Loyola ·Teresa of Ávila
2nd row: Cervantes ·Francisco Goya  · Rosalía de Castro ·Picasso · Dalí ·Sara Montiel

3rd row:Placido Domingo ·Julio Iglesias ·Antonio Banderas ·Penelope Cruz ·Cayetano Rivera ·Rafael Nadal Бүкіл халық саны

Spain 41,242,592 Nationals abroad : 1,702,778 – 37.6% were born in Spain
61.6% Americas – 35.4% Europe – 3% other

Маңызды жұрты бар аумақтар
United States 635,253
Аргентина 345,866
 Франция 189,909
 Венесуэла 173,456
 Германия 108,469
Швейцария 93,262
 Бразилия 92,260
 Мексика 86,658
 Куба 75,433
Үлгі:Country data UK 60,368
 Уругвай 58,623
 Аустралия 58,271
 Доминикан Респ. 14,808
 Колумбия 14,688
 Перу 13,180
 Эквадор 10,147
Тіл(дер)і Languages of Spain (Spanish, Basque, Catalan, Galician and others). Дін(дер)і Christian (Mostly Roman Catholicism 76%)
No religion 13% ·Atheism 7.3% ·other faith 2.1% incl.
Jewish · Muslim · Buddhist · Hinduism Қатысты этникалық топтары Portuguese ·French ·Italians
other Western Europeans ·Hispanics ·Sephardi Jews

Испандар (өздерінің атауы – эспаньолес) – Испанияның байырғы халқы. Жалпы саны – 32 млн. адам (1999 жыл). Испанияда 29 млн., Аргентинада 400 мың, Бразилияда 200 мың, АҚШ-та 200 мың, Мексикада 100 мың, Францияда 500 мың, Германияда 174 мың, Африкада 350 мың испандар тұрады.

Антропологиялық жағынан еуропалық нәсілдің үнді-жерортатеңіздік түріне жатады. Үндіеуропа тілдер шоғырының роман тобының испан тілінде сөйлейді. Испан тілі арагон, астури, кастил, леон, т.б. диалектілерге бөлінеді. Жазуы латын әліпбиіне негізделген. Испандар христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Б.з.б. 1-ші мыңжылдықта Пиреней түбегіне қоныс аударған ибер, ішінара кельт тайпалары Испаниядағы ең ежелгі халықтың қалыптасуына әсер етті. Рим империясының үстемдігі Пиреней түбегіндегі халықтың романдануын тездетті. Одан кейінгі 5-6 ғасырларда келіп қоныстанған герман тайпалары жергілікті халықпен араласып кетті.

711-718 жылы Испанияға басып кірген арабтар мен берберлер де испан этносының қалыптасуына өз әсерін тигізді. 15 ғасырда біртұтас испан мемлекетінің құрылуы халықтың этникалық бірлігін нығайтты. Америка құрлығы ашылғаннан кейін Испандар жаңа жерге көптеп қоныс аударып, Бразилиядан басқа бүкіл Латын Америкасы халықтарының бәрінің этностық қалыптасуына әсер етті. 19 ғасырдың соңына қарай испан халқы ұлтқа айналды. 1983 жылы Испаниядағы субэтн. топтар мен каталон, галиси, баск секілді ұсақ этностарға автономия берілді.

Негізгі кәсіптері – суармалы егін шаруашылығы Бидай, АРПА, күріш, жүгері, картоп, қант қызылшасын егеді. Цитрус, жүзім плантациясы көп. Мал шаурашығымен қосымша кәсіп ретінде айналысады. Қой, ешкі, мүйізді ірі қара, шошқа өсіреді. Балық аулау кәсібі дамыған. Дәстүрлі коррида сайысына арнап бұқа өсіреді.

Сәулет өнері, ағаштан ою-өрнек ою, өрім мен тоқыма кәсібі, әйнектен әшекейлеп бұйым жасау қолөнері дамыған. Испандардың басым көпшілігі қалалы жерде халыққа қызмет көрсету саласы мен өнеркәсіпте жұмыс істейді. Әр аймақтың табиғи географиялық жағдайына орай тұрғын үйлердің түр-түрі кездеседі. Елдің Оңтүстік өңірінде тастан, кірпіштен қаланған дөңгелек немесе сопақша пішінді үйлер (пальясо) салынады. Орман-тоғайы аз жерде саз балшықтан, саманнан, ал Солтүстік өңірде тастан, каркастан қалап тұрғызылған екі қабатты үйлер көбірек. Оның астыңғы қабатында шаруашылық саймандары болады да, екінші қабаты тұрғын-жайға арналған.

Ұлттық киімдері – ерлер тізеге дейін шолақ шалбар, ақ жейде, әр түрлі үлгіде тігілген кеудеше мен куртка киеді. Беліне матадан тігілген белбеу буынады. Басына кең жиекті қалпақ, берет, аяқтарына теріден тігілген немесе эспартодан тоқылған аяқ киім киеді. Әйелдер әр алуан кестемен әшекейленеді. Ұзын көйлек, кең белдемше алжапқышымен, сарафан, тоқылған аяқ киім киеді.

Ұлттық тағамында қуырылған, бұқтырып пісірілген шошқа еті мен майы (сало) көп қолданылады. Ас тұздығына пияз, сарымсақ, қызыл бұрыш пайдаланады. Дастарқан мәзірінде балық, көкөніс мол. Сусындары – кофе, сүт, жеміс-жидек, жүзім, цитрус шырындары. Туыстық жүйесі ағылшын тектес. Испандар өздерінің тұрмыс-тіршілігінде католик дініне қатысты жоралғыларға баса көңіл аударады. Діни мейрамда, көктемгі карнавалда, т.б. мереке кезінде жәрмеңке ұйымдастырып, корридалар аренаға шығады. Театрланған қойылымдар көрсетіледі. Халық ауыз әдебиетінде лиро-эпикалық мазмұнды романстар мен аңыз әңгімелер елеулі орын алады. Әсем қимылмен, қызу орындалатын Испандардың дәстүрлі би өнері (фламенго) кеңінен танымал.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

Дереккөздер

  1. ↑ www.diariocritico.com Spanish population 2010
  2. a b c d e f g h i j k l m n o Españoles residentes en el extranjero (CERA) por país
  3. ↑ Americans reporting Spaniard as their ancestry
  4. ↑ Swiss Federal Statistical Office (2009)
  5. ↑ Australian Bureau of Statistics



Испандар Туралы Ақпарат

Испандар


  • user icon

    Испандар beatiful post thanks!

    29.10.2014


Испандар
Испандар
Испандар Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Испандар бұл, Испандар кім, Испандар сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

IC 4089

IC 4089

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Вероника шашы Тура шарықтауы 13...
Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ) (нем. Niederhausen (Nahe)) — Германия Федеративтік Республикасының Рейнланд-Пфальц...
Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

 Басқа мағыналар үшін Қарашоқы деген бетті қараңыз. Қарашоқы тауы Координаттар: Координатта...
NGC 2139

NGC 2139

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Уильям Гершель Ашылу уақыты 17 қараша 1784 Бақылау мәлі...