Mon . 19 Aug 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Иерусалим

иерусалим, иерусалим стена плача
Иерусалим немесе әл-Құдыс (ивр. יְרוּשָׁלַיִם‎ — Йерушалаим (ақп.); араб.: القُدس‎ — әл-Құдс (ақп.), «Киелі». Тәурат пен Інжілде араб.: أورشليم‎ Ұршалим; Исраелде ресми: араб.: أورشليم القدس‎ Ұршалим-әл-Құдс (ежелгі мен қазіргі арабша атауларының қоспасы) — Жерорта теңізі мен Өлі теңізі сушекарасында, 650-840 м биіктікте орналасқан ежелгі қала. Қала жасы — 3500 жылдан астам. Әл-Құдыс үш діннің — иудаизм, христиан және ислам діндерінің орталығы болып табылады, түрлі елдердің тарихи, мәдени ескерткіштері ерекше көп мекен.

Бұрын көне Иудей патшалығының орталығы болған, бүгін Израил мемлекетінің ресми астанасы болып табылады. Әйтсе де, Шығыс Әл-Құдысқа деген Израил егемендігін дүниежүзілік қауымдастықтың басым бөлігі мойындамайды.

Мазмұны

  • 1 Тарихы
  • 2 Географиясы
  • 3 Тұрғындары
  • 4 Панорама
  • 5 Сілтемелер

Тарихы

Иерусалим қаласы б.з.б. 2-мыңжылдықтың орта шеніндегі жазбаларда кездеседі. Иерусалим патшасы Абди-хибаның Мысыр перғауыны Аменхотеп ІV-ге жазған хаттары Тель әл-Амарн архивінде сақталған (б.з.б. 1400 ж. ш.), б.з.б. 1000 жылы шамасында Иерусалимді Дәуіт жаулап алды да, қала Израиль-Иудея патшалығының, ал б.з.б. 935 ж. шамасында Иудея патшалығының астанасына айналды. Дәуіттің мирасқор ұлы Сүлеймен қаланы әжептәуір кеңейтті: финикиялықтардың жәрдемімен Яхве ғибадатханасын (Сүлеймен әулеті ғибадатханасы) салды. Б.з.б. 586 жылы қаланы Вавилон патшасы Навуходоносор ІІ қиратты. Б.з.б. 6 ғасырдың соңғы ширегінде иудейлер қайта қоныстанды. Б.з.б. 3 ғасырда қала Птолемей әулеті мен Селевки әулеті арасындағы күрестің нысаны болды. Б.з.б. 140 жылдан Иерусалим Хасмонейлер (Маккавейлер) мемлекетінің астанасына айналды. Б.з.б. 63 жылы қаланы римдіктер басып алды. Иудея соғысы (66 – 67) кезінде Иерусалим римдіктерге қарсы қарсыласу орталығы болды. Б.з. 70 жылы римдіктер қаланы басып алып қиратты. 2 ғасырда Иерусалимнің орнында Рим қонысы – Элия Капитолина салынды. 4 ғасырда, Рим императоры ұлы Константин тұсында Иерусалим христиандардың қасиетті орталығына айналды. 638 жылы Омар халиф тұсында Иерусалимді Асаб халифаты жаулап алды да, ол мұсылмандардың Меккеден кейінгі қасиетті орталығына айналды. 1099 жылы Иерусалимді крестшілер, 1187 жылы Мысыр сұлтаны Салах әд-Дин басып алды. Қала 1517 – 1917 жылы Осман империясының құрамында болды. ]]1917]] жылы желтоқсанда Иерусалимді ағылшын әскерлері басып алды. 1920 – 1948 жылы қала ағылшындардың мандаттық жері – Палестинаның әкімшілік орталығы болды. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1947 жылы 29 қарашадағы Палестинаны бөлу туралы шешімі бойынша Иерусалим қаласы халықаралық аймаққа айналды. Бірақ араб-израиль соғысынан (1948 – 1949) кейін Иерусалим екіге бөлінді, батыс бөлігі (қаланың дені) Израиль мемлекетіне, ал азғантай шығыс бөлігі Иорданияға өтті. 1950 жылы БҰҰ-ның Иерусалимді дербес әкімшілік бірлік етіп бөлу туралы шешіміне қарамастан оның батыс бөлігін Израиль өз астанасы деп жариялады. 1967 жылы Израиль Иерусалимнің шығыс бөлігін де басып алды. 1980 жылы шілдеде бүкіл Иерусалимді Израиль өз елінің “мәңгі және бөлінбейтін астанасы” деп жариялады.

Географиясы

Бойлық-ені: 31°46′N, 35°14′E Қала Жерорта теңізі және Өлі теңізі аралығында Иудея тауларының етектерінде Өлі теңіз алқабындағы шөлейт таулы үстіртте орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 650—840 м. Темір жол стансасы, тас жол торабы. Өнеркәсіп, сауда, мәдени және діни орталық. Радиотехника, тамақ, тоқыма, тері илеу, аяқ киім тігу, металл кәсіпорындары жұмыс істейді. Қолөнер кәсіпшілігі дамыған. Қаланың ескі шығыс бөлігінде Ежелгі Грекия, Рим империясы және ерте христиандық дәуірлерде салынған архитектуралық ескерткіштердің қалдықтары сақталған, Құббат ас-Сахра мешіті (687–691), 11 – 12 ғасырлар шіркеулері, көне қамал (14 – 16 ғасырлар) бар.

Тұрғындары

Қалалық әкімшілік алғашқы рет 1863 жылы құралған. 1948 — 1967 жылдары қала екі аймаққа бөлінге: израиль аймағы (қаланың батыс жағында) және арабтар бөлігі (шығыс жағында). Әр бөлімшесіне өз басына мэрия және қала басқармасы болған.

2013 жылғы санақтың мәліметі бойынша, Иерусалимде 828 500 адам тұрған. Халық санының өсуі — жылына 2,0 %-ы құрайды.

Ұлттық құрамы (2013 жылдың 1 қаңтарының мәліметі): евреилер — 530,3 мың (64,0 %), оның ішінде репатрианттар — 539,9 мың (65,1 %), арабтар — 279,7 мың (33,8 %), оның ішінде: мұсылман-арабтар — 267,9 мың (32,3 %), христиан-арабтар — 11,8 мың (1,4 %), армяндар — 5,6 мың (0,7 %), басқалар — 3,3 мың (0,4 %), оның ішінде: орыстар — 0,8 мың, америкалықтар — 0,45 мың, француздар — 0,3 мың, немістер — 0,25 мың, украиндықтар — 0,2 мың, ағылшындар — 0,2 мың, молдавандар — 0,15 мың.

Соңғы мәлімет: 19.05.2014жылы Иерусалимнің тұрғындарының саны 853 355 адам болыпты.

Панорама


Сілтемелер

  1. ↑ Local Authorities
  2. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
  3. ↑ Данные по населённым пунктам Израиля // на сайте ЦСБ Израиля (иврит).

иерусалим, иерусалим википедия, иерусалим иерусалим, иерусалим история, иерусалим карта, иерусалим на карте, иерусалим старый город, иерусалим стена плача, иерусалим фильм, иерусалим фото


Иерусалим Туралы Ақпарат

Иерусалим


  • user icon

    Иерусалим beatiful post thanks!

    29.10.2014


Иерусалим
Иерусалим
Иерусалим Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Иерусалим бұл, Иерусалим кім, Иерусалим сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду (порт. Vila de Prado) — Португалиядағы елді мекен және аудан (фрегезия), Брага округін...
Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима (порт. Aveiras de Cima) — Португалиядағы аудан (фрегезия), Лиссабон округінің құрамы...
Шекшек Ата

Шекшек Ата

Шекшек Ата, Сексек ата — ешкі пірі, иесі. Дәстүрлі қазақ қоғамында әрбір түлік малдың пірі болған. Ш...
Бокхорст

Бокхорст

Бокхорст (нем. Bockhorst) — Германия Федеративтік Республикасының Төменгі Саксония жерінде орналасқа...

Кездейсоқ Мақалалар (searchxengine.com)

Ангарск каскадтық гидроэлектр станциясы

Ангарск каскадтық гидроэлектр станциясы

Гидроэлектрстанцияларының Ангарск каскадыны - Ресейдегі гидроэлектростанциялардың ең үлкен кешені. И
Бурабайдағы Тринити шіркеуі

Бурабайдағы Тринити шіркеуі

аймақтық архитектуралық ескерткіші Православие шіркеуі Троицы шіркеуі Қасиетті Троицаның Үштік ші
Ishikawa, Kasumi

Ishikawa, Kasumi

Касуми Ишикава Яп 石川 佳 純 Ишикава: Касуми 1993 жылы 23 ақпанда дүниеге келген - жапондық спортшы, үст
Черноморочка

Черноморочка

Алексей Коренев басқарған комедия - Сценарий авторы - Евгений Помещиков Басты рөлдерде - Светлана Ж