Fri . 19 Apr 2019

Иван Васильевич Мушкетов


Мушкетов Иван Васильевич (1850 жылы 9 қаңтар, Ресей, қазіргі Волгоград облысы Алексеевская станциясы – 1902 жылы 10 қаңтар, Санкт-Петербург) – орыс геологы және географы, Түркістан өлкесін алғаш зерттеушілердің бірі. Санкт-Петербург тау-кен институтын бітірген (1872). 1874 жылы Түркістан генерал-губернаторының жанындағы ерекше тапсырмалар бөлімінде қызмет істеген. 6 рет ғылыми-зерттеу экспедицияларына қатысып, Тянь-Шань, Жоңғар (Жетісу) Алатауы, Памир-Алтай тауларын зерттеді. Түркістан өлкесінің картасын түзетіп, толықтыруға ат салысты. Орта Азия тау тізбектерінің орографиялық құрылысы туралы бұрынғы түсінік өзгертіліп, Тянь-Шань мен Памир-Алай тауларының солтүстікке қарай иілген ендік доғалардан тұратындығын анықтады. 1884 ж. Г.Д.Романовскиймен бірге Түркістанның тұңғыш геологиялық картасын жасады. Арал Қарақұмының шығу тегін, Каспий теңізі. деңгейінің көтерілу мөлшерін зерттеп, Батыс Қазақстанда геологиялық және географиялық бақылаулар жүргізді. 1887 ж. Верныйға келіп, жер сілкіну себептерін және оның зардаптарын анықтады. Өлкедегі зерттеулерін 2 томдық “Түркістан” деп аталатын еңбегінде қорытындылады. Бұл еңбекте аймақтың тұңғыш геологиялық және орографиялық толық сипаттамасы берілді. Мушкетов әр жылдары Оңтүстік Оралда, Кавказда геологиялық және кен барлау жұмыстарымен айналысты. 2 томдық “Физикалық геология” атты теориялық еңбегі жарияланған. Мушкетов құрметіне Сібірдегі тау, Тянь-Шаньдағы мұздық аталған.

Шығармалары

  • Туркестан, т. 1 – 2, СПб., 1886 – 1906; Физическая геология, ч. 1 – 2, СПб., 1888 – 91;
  • Геологические исследования в Киргизской степи в 1814, Тр. Геол. ком., т. XІV, ғ5, 1896.

Дереккөздер

  1. Қазақстан энциклопедиясы, VI-том



Иван Васильевич Мушкетов Туралы Ақпарат

Иван Васильевич Мушкетов


  • user icon

    Иван Васильевич Мушкетов beatiful post thanks!

    29.10.2014


Иван Васильевич Мушкетов
Иван Васильевич Мушкетов
Иван Васильевич Мушкетов Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Иван Васильевич Мушкетов бұл, Иван Васильевич Мушкетов кім, Иван Васильевич Мушкетов сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені 43°46′43″ с е 69°31′42″ ш б / 4377861° с е 69...
Аттинг

Аттинг

Аттинг (нем. Atting) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципалите...
Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі — Атырау облысы, Жылыой ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Қосшағыл, Қар...
Лаимберды

Лаимберды

Лаимберды — Ресейдегі өзен. Башқұртстан Республикасы, Оренбург облысы[1] жер аумақтарынан ағып өтеді...