Mon . 19 Nov 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Зәйтүн


Зәйтүн, олива (Olea) – зәйтүн тұқымдасына жататын мәңгі жасыл көп жылдық ағаш тектес өсімдік.

Негізінен тропиктік, субтропиктік аймақтарда өседі. 80-ге жуық түрі бар. Соның ішінде шаруашылық үшін маңызды түрі – еуропалық Зәйтүн (O. europaea). Бұл түр жабайы түрде кездеспейді. Биіктігі 5 – 6 м, кейде 10 – 12 м-ге дейін жетеді. Жапырақтары ұсақ, сопақша келген, қарама-қарсы орналасқан. Гүлі ұсақ, қос жынысты, гүл шоғы ақшыл. Жемісі – сүйек, сопақша, толық піскен кезде күлгін немесе қара түсті келеді. Зәйтүн атпа тамыр сабақтарымен, тұқымымен, қалемшемен және ұластыру арқылы көбейтіледі. Тұқымымен көбейткенде 10 – 12, ал басқа жолмен көбейткенде 4 – 5 жылда өнім сала бастайды. 200 жылға дейін өнім береді, бірақ ең мол жеміс беретін кезеңі 20 – 50 жыл аралығында. Ағаштары 300 – 400 жыл өседі. Бір ағаш жылына 20 – 40 кг-дай жеміс береді. Зәйтүннің шикі жемісінің құрамында шамамен 50 – 75% май болады, сонымен қатар қант, белок, пектин, В, С дәрумендері, А провитамині, т.б. құнды заттар кездеседі. Жемістерін жасаң кезінде жеуге болмайды, өйткені құрамында дәмі өте ащы глюкозид олеуропеин заты болады. Жемістерін қайта өңдегеннен кейін пайдаланады. Жемістерін салқындай сығып алған бірінші фракциясы зәйтүн майы деп аталады, ол тағам дайындауда, консерві өнеркәсібінде және медицинада дәрі ретінде, ал қалған жемісін, тұқымын қыздырып барып, сығып алынған екінші фракциясы – ағаш майы сабынын қайнатуда қолданылады. Сығындысы мал азығы ретінде пайдаланылады. Зәйтүн дақылы өнімдерін ең мол өндіретін елдер – Италия, Испания, Грекия, Португалия, т.б. ТМД елдерінде Зәйтүн дақылы 13 ғ-дан белгілі. Қырымда, Әзірбайжанда, Түрікменстанда, Грузияда, Ресейдің Краснодар өлкесінде өсіріледі. Зәйтүннің кеңінен тараған 500-ден аса сорты шығарылған. Зәйтүн жемісі Қазақстанда да тағамға көп пайдаланылады.

Таралуы

Зәйтүе ағаштары әлемнің субтропикалық аймақтарында кездеседі, оны әлемнің көптеген елдерінде- Ипанияда, Италияда, Туркияда, Тунисте, Мароккода, Сирияда және Португалияда өсіреді.

Дереккөздер

  1. ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  2. ↑ Шаңырақ: Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. АлматыҚаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9



Зәйтүн Туралы Ақпарат

Зәйтүн


  • user icon

    Зәйтүн beatiful post thanks!

    29.10.2014


Зәйтүн
Зәйтүн
Зәйтүн Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Зәйтүн бұл, Зәйтүн кім, Зәйтүн сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Б. з. д. 179 жыл

Б. з. д. 179 жыл

— б. з. д. I ғасыр Мазмұны 1 Оқиғалар 2 Туғандар 3 Қайтыс болғандар 4 Тағы қараңыз 5 Түсінік...
Дассов

Дассов

Дассов (нем. Dassow) — Германия Федеративтік Республикасының Мекленбург-Алдыңғы Померания жерінде ор...
Камподипьетра

Камподипьетра

Камподипьетра (итал. Campodipietra) — Италиядағы коммуна, Молизе әкімшілік аймағына қарасты Кам...
Паладжанелло

Паладжанелло

Паладжанелло (итал. Palagianello) — Италиядағы коммуна, Апулия әкімшілік аймағына қарасты Таран...