Mon . 19 Jul 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Зонд

зонд желудочный, зонд блекмора
Зонд (французша: sonde) – медициналық құрал.

Зондты қолдану арқылы іш қуысын, қуыс органдарды, ішкі жараны т.б. зерттеп, емдейді. Зонд қай органға қолданылуына қарай металдан (күміс, болат) не жұмсақ серпімді заттан, әр түрлі пішінде жасалады. Зондтың өңешке, асқазанға қолданылатын түрі – диаметрі 10 – 12 мм, ұзындығы 60 – 70 см, резинадан жасалған түтік. Оны ауыз арқылы қарынға жеткенше жұтып, одан қарын сөлін алып зерттейді. Сондай-ақ, асқазанды жуып-шаюға да қолданады. Ұлтабарға қолданылатын зондтың 1 – 1,5 м резина түтігінің ұшында металдан жасалған сорғыш болады. Зондпен жараның тереңдігін, көлемін, т.б. анықтап, қарын сөлін, өт алады. Диагностикалық және емдік дәрілерді жібереді.

Науқасты зонд арқылы тамақтандыру Мақсаты: Зонды енгізіп науқасты тамақтандыру Көрсеткіштері: тілдің, жұтқыншақтың, өңештің, асқазанның жарақаттануы, күюі, зақымдану және ісу, жұту мен сойлеудің нашарлауы (бульбарлы паралич), ессіз жату, асқазан жарасының жазылмауы, психикалық ауруларда тамақ ішпеу. Қарсы көрсеткіштер: асқазан жарасы ауруының қозуы. Керекті құралдар (залалсыздандырылған): жіңішке асқазан зонды ( дм8-10 мм), оймыш -200 мл немесе жаңа шприц, глицерин, салфетка, фурациллин ерітіндісі 1/2000, 3-4 стакан жылы тамақ(600-800 мл.) 1. Дайын жылытылған сұйық тамақты (38-40 градуста) Және шприцине сорып алу қажет, ауасын шығарып алу қажет. 2. Зондты кеңсіріктен төстің семсер өсіндісіне дейін олшеп ( немесе науқастың бойының ұзындығынан 100 см алып), белгілейміз. 3. Зондың дөңгелектенген басын фурацилинге салып алу қажет. 4. Зондтты мұрын-жұтқыншақ қуысы арқылы асқазанға еңгізу қажет. Белгіге дейін. 5. Зондтың асқазанда екеніне көз жеткізген соң оны бинтпен науқастың басына айналдыра байлау керек (қозғалып шығып кетпеу үшін). 6. Науқасты орташа Фаулер жағдайында отырғыз. 7. Әзірленген Және шприцін зондтың бас жағына жалғап, тамақты ақырындап асықпай жібер. 8. Және шприці жоқ болса, зондқа 200 мл оймышты жалға да оны науқас асқазанына дейін түсі, тамақты оймышқа құй. 9. Оймышты жоғары көтер, ішіндегі тамақ оймыштың мойнына келгенше. 10. Осы әдіпен асқазанға оймыш арқылы бірнеше рет тамақ жібер. 11. Тамақ біткен соң зондтың қуысын тазарту үшін қайнаған су немесе шай жібер. 12. Зондтан оймышты немесе Және шприцін шығарып ал да, қысқышпен зондтың бос ұшын қыс және бос ұшына залалсыздандырылған салфетканы байла. 13. Зондты науқастың басына бинт арқылы бекітіп қой.

Зонд өңешке немесе асқазанға түссе науқастың жағдайы өзгермейді. Егер, зонд тыныс жолына түссе, науқас көгеріп, жөтеліп қақалады. Бұл жағдайда зондты тез шығарып ал, оттегімен дем алдыр.

Сілтемелер

  • «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том


зонд блекмора, зонд желудочный, зонд кохера, зонд пуговчатый, зондер команда, зондирование, зондовый массаж, зондские острова, зондский пролив, зондський басейн


Зонд Туралы Ақпарат

Зонд


  • user icon

    Зонд beatiful post thanks!

    29.10.2014


Зонд
Зонд
Зонд Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Зонд бұл, Зонд кім, Зонд сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Протон

Протон

 Басқа мағыналар үшін Протон (айрық) деген бетті қараңыз. Протон Протон[1](грекше prоtos ...
Дондығұл

Дондығұл

 Қазақстан, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Тау жүйесі Арғанаты Пайда болған кезеңі Архе...
Фукар

Фукар

Фукар (фр. Foucart) — Франциядағы коммуна. Жоғарғы Нормандия аймағына қарасты Сен-Маритим департамен...
Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (фр. Chevannes) — Франциядағы коммуна. Бургундия аймағына қарасты Кот-д'Ор департаментінде ор...