Wed .19 Sep 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Заң

заңдар, заң туралы
Заң, құқықта (ағылш. law) - мемлекет белгілеген бүкіл нормативтік-құқықтық актілер, жалпыға бірдей міндетті ережелер; мемлекеттік биліктің жоғары өкілетті органы қабылдаған немесе тұрғындардың тікелей ерік білдіруі арқылы (мысалы:референдум тәртібімен) қабылданған, неғұрлым маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт. Заң мемлекеттің құқықтық жүйесінің негізін құрайды. Мемлекеттік биліктің дербес бастауы ретінде Заң ежелгі замандарда-ақ тәжірибеге еніп, әдет-ғұрып жосындарының орнын басқан. Заң күші кез келген нормативтік актінің нормаларын жоя алады. Бүкіл мемлекеттік органдардың актілері заңға сәйкес келуге, оның қағидалары негізінде және оны орындау бағытында шығарылуға тиіс, яғни заңға негізделген сипатта болуы шарт. Заңға қарама-қайшы келетін кез келген құқықтық акт "қолданысқа жарамсыз" деп танылуға тиіс. Заңды қабылдаудың айрықша тәртібі бар. Мазмұндалған нормалардың маңызына қарай заңдар конституциялық заңдар және қарапайым заңдар болып бөлінеді. Конституциялық заңға конституцияның өзі және Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар жатады. Ал қарапайым заңдарға жүйелік және ағымдағы заңдар жатады.

Мазмұны

  • 1 Бюджеттік заң
  • 2 Неке және отбасы туралы заң
  • 3 Заңды тұлғаның заңы
  • 4 Дереккөздер

Бюджеттік заң

Бюджеттік заң - нақты кезендегі бюджет пен оның әрекет ету мерзімі мен тәртібін, бюджеттік ресурстар бойынша негізгі тағайындалуы мен бюджеттік қаржы бөлуді бекітетін жалпы мемлекеттік заңнамалық акт.

Неке және отбасы туралы заң

Неке және отбасы туралы заң - неке мен отбасыға тиесіліктен пайда болатын қатынастарды реттеп, нормаларды біріктіретін, бірыңғай жүйелендірілген заңнамалық акт.

Заңды тұлғаның заңы

Заңды тұлғаның заңы - занды тұлға құрылған елдің құқығы, осы заңды тұлғаның заңы болып саналады.

Занды тұлғаның азаматтық құқық қабілеттілігі осы заңды тұлғаның заңымен анықталады.

Шетел құқығы бойынша заңды тұлға болып табылмайтын шетел ұйымдарының азаматтық құқық кабілеттілігі, ұйым құрылған елдің құқығы бойынша анықталады.

Дереккөздер

  1. ↑ Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы:«Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
Бұл заң саласына арналған жаңа мақалаға бастама. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесуіңізді сұраймыз.

заң газеті, заң және біз, заң және жастар, заң символ, заң суреттер, заң туралы, заңдар, заңды білу заман талабы, заңдылық, заңғар нұртас


Заң Туралы Ақпарат

Заң


  • user icon

    Заң beatiful post thanks!

    29.10.2014


Заң
Заң
Заң Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Заң бұл, Заң кім, Заң сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

NGC 831

NGC 831

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Альберт Март Ашылу уақыты 18 қараша 1863 Бақылау мәліме...
Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл. Ауыл Полтава ауылдық округінің әкiмш...
Бёмфельд

Бёмфельд

Бёмфельд (нем. Böhmfeld) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципа...
NGC 4316

NGC 4316

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Вильгельм Темпель Ашылу уақыты 17 наурыз 1882 Бақылау м...