Fri . 20 Sep 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Жүзгін

жүзгін
Жүзгін, қандым, жүзген, дүзген (лат. Callіgonum) – тарандар тұқымдасына жататын ағаш не тармақталған бұталар.

Солтүстік Африка, Азия және Еуропада кездесетін 80-ге жуық түрі белгілі. Биіктігі 40 см-ден 7 м-ге дейін болады. Жапырағы өте ұсақ, ұзынша ине тәрізді. Гүлі қос жынысты, ақ не қызғылт түсті, хош иісті. Жемісі – қатты қабықты ұсақ жаңғақша. Жүзгіннің негізгі тамырының ұзындығы 1,5 – 2 м, ал көлбей өскен тамырының ұзындығы 12 – 20 м. Жүзгін тұқымынан, атпа тамырларынан өсе береді. Топырақ талғамайды, қуаңшылыққа төзімді; құмда, тасты жерде де өседі. Жүзгіннің 80-ге жуық түрі бар. Қазақстанның шөл, шөлейтті далаларында 30-ға жуық түрі кездеседі. Қызыл жүзгін (Callіgonum aphyllum), елек жүзгін (Callіgonum jucnceum), тікенді жүзгін (Callіgonum cetosum) кең таралған. Жүзгіннің отындық, жемшөптік маңызы бар, сусымалы құм мен қарды тоқтату үшін де өсіріледі. Жас бұтағы мен жемісін түйе, қой мен ешкі сүйсініп жейді.


Жүзгін - жапырақсыз, жасыл өркенді, бунақ-бунақ болып өсетін бұталы өсімдік. Сыр өңірі, Аралдың шығыс бетіндегі шөлді аймақта өсетін жүзгінді түйе малы сүйсініп жейді. Жаз басында гүлдейтін жүзгінді жайылымға зауқын арттырады деп қой мен түйені жаяды. Шөлейт жердің түрғындары жүзгінді баялыш, теріскен, шимен араластыра өріп, арасына құм салып қалап, желде ықтасын, аязда суық өткізбейтін жылы қора соғуға көп пайдаланады. Сондай-ақ жүзгіннен түйенің мұрындығын жасаса, түйе танауын іріңдетіп, қабындырмайды делінеді. Ел аузында «Түйе айтыпты» деген төмендегідей жыр жолдары кездеседі:

Мұрындыгым дүзгеннен болсын, Төсегім күлден болсын, Бұйдам алалы болсын, Жабуым шималы болсын, Өспегенде немене.

Дереккөздер

  1. ↑ "Қазақ Энциклопедиясы"
  2. ↑ Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
  3. ↑ Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2

жүзгін


Жүзгін Туралы Ақпарат

Жүзгін


  • user icon

    Жүзгін beatiful post thanks!

    29.10.2014


Жүзгін
Жүзгін
Жүзгін Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Жүзгін бұл, Жүзгін кім, Жүзгін сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені 43°46′43″ с е 69°31′42″ ш б / 4377861° с е 69...
Аттинг

Аттинг

Аттинг (нем. Atting) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципалите...
Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі — Атырау облысы, Жылыой ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Қосшағыл, Қар...
Лаимберды

Лаимберды

Лаимберды — Ресейдегі өзен. Башқұртстан Республикасы, Оренбург облысы[1] жер аумақтарынан ағып өтеді...