Mon . 19 Jul 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Жітіқара


ЖітіқараҚостанай облысының Жітіқара ауданындағы қала, аудан орталығы. Облыс орталығы – Қостанай қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 215 км жерде, Шортанды өзенінің орта ағысының екі жағалауында, сұлыбас, бетеге, ақселеу өскен қоңыр қызыл топырақты дала белдемінде орналасқан. Тұрғыны 36,2 мың адам (1999). Іргесі 20 ғ-дың бас кезінде Тобыл өзенінің жоғарғы ағысында ашылған Аққарға, одан кейін Жітіқара алтын кен орындарын игеруге байланысты қаланды. Алғашқы кезде «Веселый аул» деп аталды. 1913 жылы мұнда 12 алтын кеніші, 2 химия зауыты болған. Жылына 2,5 ц алтын өндіріліп, Ресейге жіберілетін. 1939 жылы жұмысшы кенті қалаға айналды. Жітіқарада 1959 жылға дейін алтын өндіріліп келді. 1960 жылы осы маңда хризотил-асбест кен орнының ашылуына байланысты қала тез қарқынмен өсіп, түгелдей жаңарды. Қаладағы асбест комбинаты, нан зауыты, ет және сүт, т.б. мекемелер «Қостанайасбест» акционерлік қоғамына, «Жітіқара жылу энергия компаниясы» мемлекеттік кәсіпорнына, т.б. біріктірілген. Әлеуметтік инфрақұрылымында 8 мектеп, 2 балабақша, мәдениет үйі, қонақ үй, 6 кітапхана, кинотеатр, аудандық аурухана, емхана, т.б. мекемелер жұмыс істейді. Қалада демалыс саябағы салынған. Тұрғындары темір жол және автомобиль жолы арқылы көрші елді мекендермен қатынасады. Астана-Қарталы теміржол бұтағының теміржол бекеті (109 км).

Тарихы

Жетіқараның негізі 1915 жылы салынған, 1939 жылдан бері қала дәрежесіне ие. Қалада таскендір шығаратын бір ірі кәсіпорын істейді. Халық ұлыс немістердің департацисы жарым-жарты түзелді. Замандас Қазақстанда мынау халық бас қайтқан миграцияны. Қаланы айнала Строитель, Мичуринец, Ветерок, т.б. сияқты саяжай поселкелері орналасқан.

Сыртқы сілтемелер

  • официальный сайт района
  • неофициальный сайт города

Дереккөздер

  1. ↑ ҚР елді мекендерінің тұрғындар саны
  2. ↑ "Қазақ Энциклопедиясы", 4 том 3 бөлім


Жітіқара Туралы Ақпарат

Жітіқара


  • user icon

    Жітіқара beatiful post thanks!

    29.10.2014


Жітіқара
Жітіқара
Жітіқара Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Жітіқара бұл, Жітіқара кім, Жітіқара сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Б. з. д. 179 жыл

Б. з. д. 179 жыл

— б. з. д. I ғасыр Мазмұны 1 Оқиғалар 2 Туғандар 3 Қайтыс болғандар 4 Тағы қараңыз 5 Түсінік...
Дассов

Дассов

Дассов (нем. Dassow) — Германия Федеративтік Республикасының Мекленбург-Алдыңғы Померания жерінде ор...
Камподипьетра

Камподипьетра

Камподипьетра (итал. Campodipietra) — Италиядағы коммуна, Молизе әкімшілік аймағына қарасты Кам...
Паладжанелло

Паладжанелло

Паладжанелло (итал. Palagianello) — Италиядағы коммуна, Апулия әкімшілік аймағына қарасты Таран...