Thu . 19 Aug 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Жылыой ауданы

индекс жылыой ауданы, жылыой ауданының экологиялық жағдайы
Қазақстан

Кіреді:

Атырау облысы

Енеді:

5 ауылдық округ, 1 қалалық округ

Әкімшілік орталығы:

Құлсары

Құрылған уақыты:

1928

Ресми тілі:

Қазақ тілі

Тұрғыны (2014):

77 300 (1 орын)

Тығыздығы:

2,4 адам/км²

Жер аумағы:

29,4 км² (1 орын)

Уақыт белдеуі:

UTC+5

Телефон коды:

+7 71237

Пошта индекстері:

0601XX

Автомобиль коды:

06

Жылыой ауданыАтырау облысының шығысында орналасқан әкімшілік бөлініс. 1928 жылы құрылған. Аудан орталығы батыр әрі бидің атымен аталған Құлсары қаласы. Жер аумағы 29,4 мың км². Тұрғыны 70 мың адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге 2,4 адамнан келеді (2008). Алғашқыда Ембі ауданы, 1993 жылдан Жылыой ауданы аталған. Облыстар әкімшілікке бөлінбей тұрып бұл мекен "Маңғыстау ойы" аталған.

Мазмұны

  • 1 Географиясы
  • 2 Табиғаты
  • 3 Әкімшілік бөлінуі
  • 4 Жылыой ауданының қысқаша тарихы
  • 5 Климаты
  • 6 Экономикасы
    • 6.1 Пайдалы қазбалары
    • 6.2 Жол қатынастары
    • 6.3 Ауыл шаруашылығы
  • 7 Мәдени, оқу-ағарту мекемелері
  • 8 Белгілі тұлғалар
  • 9 Дереккөздер
  • 10 Сыртқы сілтемелер
  • 11 Түсініктемелер

Географиясы

Солтүстік-шығысында Мақат ауданымен, батысында Атырау қалалық әкімдігі аумағымен, шығысында Ақтөбе облысының Байғанин ауданымен, оңтүстігінде Маңғыстау облысының Бейнеу ауданымен шектеседі. Аудан аумағындағы 23 елді мекен, 1 қалалық, 6 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген. Аудан орталығы – Құлсары қаласы. Аудан жерінің басым бөлігін Каспий маңы ойпатының шығыс бөлігі алып жатыр. Ақ толағай қырқасы адырлы, шоқылы келеді. Оңтүстік жағында ауданның ең биік жері – Желтау (221 м) тауы орналасқан. Каспий маңы ойпатының беті жазық әрі теңізге қарай еңіс болып келеді. Оның солтүстік жағын сорлар, оңтүстістігін Қарақұм құмы алып жатыр. Аудан жерінің теңіз деңгейінен биіктігі шығыстан батысқа қарай 221 м-ден –26 м-ге дейін аласарады. Ауданның жер беті сулары Каспий теңізінің шығыс жақ айдынынан, Жем өзені сағасының теңізге жетпей жоғалатын төменгі ағысынан және жазда қарасуларға бөлініп қалатын Жақсы Қарасай, Жаман Қарасай өзендері мен Бартылдақты, Маше, Ақкөл, Бейбіт, Қамыскөл, т.б. тұзды көлдерден тұрады. Ауданның теңізге жақын бөлігінде Сор топырақ, басқа жағында сортаңды Қоңыр құм, Құмдақ және Саздақ топырақ тараған.

Табиғаты

Теңіз бойында құрақ пен сораң өсімдіктер, басқа жерлерде Жусан, Бұйырғын, Сораң, Эфемерлі шөптер өседі. Жануарлар дүниесінен Қасқыр, Түлкі, Қоян, Ақ бөкен, Қарақұйрық бар, өзен бойларында су құстары ұя салады.

Әкімшілік бөлінуі

Ауданда бір қалалық (Құлсары қаласы), алты ауылдық округтік Жаңа Қаратон, (Қосшағыл, Жем, Қара-арна, Ақкиізтоғай, Майкөмген) әкімшілік аумаққа бөлінген. Аудан орталығы Құлсары кентіне 2001 жылғы 22 қыркүйекте қала мәртебесі берілді. Құлсары қаласы облыс орталығы Атырау қаласынан 230 шақырым қашықтықта орналасқан. Елді мекендердің ең ірілері: Құлсары, Қаратон, Қосшағыл, Сарықамыс, ауылдық елді мекендердің ірілері: Ақкиізтоғай, Майкөмген, Тұрғызба, Шоқпартоғай.

Жылыой ауданының қысқаша тарихы

Жылыой ауданы 1928 жылы 6 мамырда Қазақ Орталық Атқару Комитетінің қаулысымен құрылған. Жер көлемі 29,3 мың шаршы км құрайды. 2009 жылы өткізілген санақ бойынша аудан халқы 77 300 адам болса, оның 56 003 қала халқы, 21 297 адамы ауылдық округ тұрғындарын құрады. Жылыой ауданы Атырау облысының шығыс бөлігіндегі Каспий теңізінің солтүстік шығыс жағалауымен Жем, Қайнар өзендерінің сағалық бойын қамтиды.
Ауданның қазіргі аумағында Кеңес өкіметі орнағанға дейін Орал губерниясының Гурьев уезіне қараған бірнеше болысы болған. Осы өңірді мекендеген ел Орынборға дейін жаз жайлауға көшіп барып жүрген. Бірақ 1868 ж. патша үкіметінің әкімшілік реформасы, губерниялар мен ояздардың (уездердің) құрылуы халықты ол мүмкіндіктен айырды. Ол кезде 200 үй бір болысқа бірігетін еді. Егер үй саны 200-ден кем болса, ол басқа болысқа қосылып отырған. Казақстан мұнайы тарихындағы бірінші мұнай бұрқағы 1899 Аққұдық аулынан солт.-батысқа қарай 12 км жердегі Қарашүңгіл ұңғысынан атқылады. 5 мың тоннаға жуық мұнай берген бұл бұрқақ 18 сағатқа созылады. 1922 ж. Кеңестердің Гурьев уездік съезі құжаттарында Жылыой ауданы туралы сөз айтылады. Сол жылдарда ауданда Ақбас, Жаршық, Жылыой, Карабайлы, Қарашығыр болыстары болған. Аудан аз уақыттан кейін таратылады да, болыстар оязға тікелей бағынады. 1928 жылғы 6 мамырда Қазақстан Орталық Атқару Комитетінін (КазЦИК) 3- сессиясы құрамына Ембі, Ембі—Атырау, Ақжал болыстары кірген Жылыой (Жыло- косинский) ауданын кұру туралы Президиумның қаулысын бекітеді. Аудан орталығы 1938 жылға дейін Жылыой (Қаңбақты, 1873 ж. іргесі қаланған) кенті болды. Сол кезде ауданда тұрған 21261 адам (1928) негізінен мал шаруашылығымен шұғылданды.
Жылыойда балық кәсіпшілігі болды. Кейін 4 балық ұжымшары құрылады. 1928 ж. жұтта мал саны өте азайып кетеді; бірақ тез өскен мал басы 1932 ж. 18 250-ге (оның ішінде 2083 жылқы, 4366 сиыр малы, 5259 қой, 6373 түйе), ал 1940 ж. тек қойдың өзі 50 мыңға жетеді. 30-жылдары ауданда мұнай барлау жұмысы кең көлемде жүргізіліп, 1935 ж. Қосшағыл мұнай кеніші пайдалануға беріліп, аудан өнеркәсіптік дамуға бағыт алды.

Ұлы Отан соғысы кезіндегі көрсеткен көмектері

Соғыс жылдарындағы ерен еңбегі үшін ферма меңгерушілері Ж.Мергенбаева, С.Шәкірова, шопан Н.Арқабаев, жылқышы Т.Дешенов 1947 жылы Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. Жылыой ауданынан Ұлы Отан соғысына 3550 адам шақырылды. 1944 жылы 2 мамырда мұнай құбырларын жару мақсатында Киров колхозының маңына жау ұшағы 13 адамнан тұратын Агаев бастаған десанттық топ түсірді. Осы топты жедел жою шаралары ұйымдастырылып, оны аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Шәкір Ғазизов басқарды. Жау десантының қолынан колхозшы Байжан Атағозиев қаза тапты. Отан соғысынан 3192 жылыойлық оралмады. XX ғасырдың 50-90 жылдары аудан экономикасы қарқынды дамыды. Мұнай өндіру күрт өсті. Оған Мұнайлы (1948), Қаратон (1949), Кәкімбет (1955), Тереңөзек (1956), Төлес (1958), Тәжіғали (1960), Прорва (1962), Қара-арна (1974) мұнай кеніштерінің берілуі ықпал етті. 1954 жылы аудан орталығы Құлсары кентіне көшірілді. Поселке атауы бұрын осы өңірді мекендеген, бейіті сақталған Құлсары деген кісінің есімімен аталған.80-жылдардың ортасынан бастап бірегей Теңіз кенішін игеру жұмыстары кеңінен жүргізілді. 60-80 жылдар аралығында «Құлсарымұнайгаз», «Прорвамұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары, «Оңтүстік мұнай барлау канторы», Ұңғыларды күрделі жөндеу канторы мұнай зерттеу, өндірумен шұғылданса, Теңіз кенішін игеруге байланысты «Теңізмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасы пайда болды. 80-90 жылдары 3 өндірістік бірлестік («Теңізмұнайгаз», «Теңізмұнайгазқұрылыс», «Теңізэнергоқұрылыс»), 13 трест, ондаған басқармалар жұмыс істеді. Еліміздің тәуелсіздік алуымен бірге бұл мекемелердің көпшілігін қаржыландыру тоқтатылып, кейін 1993 жылы қазақ-американ біріккен «Теңізшевройл» кәсіпорны құрылды. Шетелдік мердігерлік мекемелер мұнай өндіру, газ айыру жұмыстарын үйлестіру мақсатында мұнай айыру зауытын салудың жаңа кезеңдерін іске қосты. Осының нәтижесінде ауданда мұнай өндіру 2004 жылы 13 млн тоннаға жетті.

Климаты

Ауданның климаты континенттік, қысы біршама жылы, жазы ыстық. Ауаның орташа температурасы қаңтарда –8,8°С, шілдеде 25,8°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 140 – 150 мм аралығында. Желді күндер басым келеді, жазда жел көбінесе батыстан, қыста солтүстік-шығыстан соғады. Климаты қуаң, континенттік, жазы ыстық, қысы суық. Қаңтардың орташа температурасы теңіз жағалауында -8 градус, солтүстігінде -14, кейде -30 градус дейін аязды күндер болады. Шілденің орташа температурасы +22-24 градус аралығында. Жауын-шашынның орташа мөлшері 150-200 мм, ал булану мөлшері 1000 мм-ге жуық. Жер рельефінің ерекшелігі – оның ойпатты, жазық болуында. Жер бетінің биіктігі теңізге қарай көлбейлене, кеми береді. Жылыой ауданының шаруашылығы 1930-шы жылдарға дейін балық және ауыл шаруашылығымен шектелді. Аудан орталығы балықшылардың мекені Қаңбақты (Жылыой) поселкесі болды.

Экономикасы

Пайдалы қазбалары

Жылыой ауданы – Қазақстандағы ең ірі мұнай өндіретін аудан. Мұнда мұнай өндіру өнеркәсібі тұңғыш рет 1899 жылы Қарашұңғыл деп аталатын қоныстағы №7 ұңғымадан Қазақстандағы тұңғыш мұнай атқылауы басталды. Қазір мұнай (және газ) Теңіз, Құлсары, Прорва, Королев, Сарықамыс, Қаратон кендерінен өндіріледі. Теңіз кенінде мұнай мен газ өңдейтін өте ірі мұнай-газ зауыты жұмыс істейді. Басты кен байлығы – мұнай мен газ. Аудан жерінің қойнауында 40-қа жуық көмірсутек кен орындары бар және олардың жалпы қоры (2,5 млрд т) бойынша республикада 1-орын алады. Ең ірі кен орындары: Теңіз, Қарамылтық, Королев, Прорва, Қаратон, Ақінген, Сарықамыс және Каспий теңізіндегі Шығыс Қашаған. Жылыой өңірінде алғаш мұнай тапқан Қызылбаев Бешім ақсақал. Ол жер бетіне шығып жатқан мұнайды барлаушы-геологтарға апарып көрсеткен. Мұнай халық комиссары Қызылбаев Бешімге осы еңбегі үшін өмірлік зейнетақы тағайындаған. 1930 жылдан бастап ауданда мұнай іздеу жұмыстары қолға алынып, Қаратон, Иманқара, Қарашүңгіл, Қосшағылға бұрғы салынды. 1935 жылы Қосшағыл кен орны игеріліп, басқа да мұнай алаңдары ашылғанан кейін, аудан орталығы Қаңбақты (Жилая каса) поселкесінің экономикалық, әкімшілік орталығы ретінде қалу мәні кете бастады. Аудан орталығы 1938 жылы Қосшағыл поселкесіне ауыстырылды. Енді Жылыой өңірінің болашағы мұнаймен байланысты болды. Аудан өнеркәсіппен, ауылшаруашылық бағытында дами бастады. Ауданда бұрғылау жұмыстары кеңінен етек алды. Ұлы Отан Соғысы жылдарында жылыойлықтар «Бәрі де майдан үшін, бәрі жеңіс үшін» деген ұранмен бүкіл күш-жігерін жеңісті жақындатуға жұмсады. Аудан еңбекшілері майданға жылы киімдер жіберді. «Қазақстан», «Жаңа жол» колхоздарының төрағалары Қалдан Өмірбаев, Батырбай Бөлекбаев, Атыраубай Танкиевтер 100 мың сомнан, Абай атындағы орта мектеп мұғалімдері мен оқушылары 25 мың сом қаражат жинап, майдан жеңісіне үлес қосты. Сол үшін ауданға Жоғарғы Бас қолбасшы И.В.Сталиннен алғыс жариялаған хат келді.

Жол қатынастары

Аудан жерімен МақатҚұлсарыБейнеу темір жолы, АтырауҚосшағылСарықамыс және МақатҚұлсарыҚосшағыл автомобиль жолдары, Құлсары – Прорва – Сарықамыс, СарықамысТеңіз кен орны мұнай құбырлары, Бұхара – Орталық газ құбыры, ӨзенАтырауСамара мұнай құбыры өтеді. Елді мекендер мен шаруашылық салаларын сумен қамтамасыз етуде Мақат – Қосшағыл, Қосшағыл – Қаратон – Сарықамыс, Құлсары – Прорва, Қосшағыл-Мұнайлы су құбырлары мен Қиғаш – АтырауҚұлсарыӨзен магистральдық су құбырының маңызы зор. Кең көлемде жол қатынасы жүйесінде Құлсары темір жол станциясы, №11 жол дистанциясы, 2 сигнал және байланыс дистанциясы, Орта Азиядан, Теңіз кенішінен келетін газды жөнелтетін Құлсары компрессор станциясы (ЛПУ), Өзен-Атырау-Самара мұнай құбырын айдайтын Құлсары мұнай құбырлары басқармасы, «Теңізавтокөлік», «Казпетротранс» ЖШС қызмет етеді. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы аудандағы ірі кәсіпорындарға «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ, «Бақай» корпорациясы, «НСС» ЖШС, «Теңізмұнайқұрылыс» ЖШС, «КОССК» ЖШС, «Атырау-Жарық» ЖШС, «Казкомсервис», «АБТ-ЛТД», «Мако», «Транс», «Олжа» ЖШС-тері т.б. жатады. Аудан жерінен Атырау-Маңғыстау темір жолы, Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолы өтеді.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығына жарамды жері 2,21 млн га, оның ішінде тың жер 2,2 мың га, егістігі 534 га, шабындығы 17,1 мың га, жайылымы 2,18 млн га. Ауыл шаруашылығымен айналысатын 244 шаруа қожалығы және «Жаңа таң» ЖШС бар. Аудан бойынша барлық шаруашылықтарда 15819 мүйізді ірі қара, 87138 бас қой-ешкі, 5132 бас жылқы, 7654 бас түйе, 3492 дана құс өсіріледі. Өндірісі негізінен: мұнай және газ өндіру саласы. 2009 жылдың 1-ші қаңтарындағы есеп бойынша аудан жылына 19028,8 мың тонна мұнай, 8995,6 млн.куб.м газ өндіреді. Ауданда 4354 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде 549-і заңды тұлғалар, 244-і шаруа қожалықтары, 3561-і жеке кәсіпкерлер.

Мәдени, оқу-ағарту мекемелері

Бүгінде 21 мектеп, 5 балабақша, №9 кәсіптік лицей, Құлсары гуманитарлық-техникалық коллежді, 2 балалар мен жасөспірімдер мектебі, 1 өнер, 2 саз мектебі, 1 жас техниктер станциясы, 3 аурухана, 2 емхана, 1 аудандық өлкетану мұражайы, орталықтанған кітапхана мен 16 бөлімшесі, «Мереке» кинотеатры, 2 мұнайшылар клубы қызмет етеді. Бұқаралық ақпарат құралдары әртүрлі атпен 1933 жылдан бері шығатын «Кең Жылой», 2002 жылдан апталық «Көкжиек-Горизонт», 2003 жылдан «Құлсары» газеттері шығады.

Белгілі тұлғалар

Ауданан шыққан белгілі адамдар ішінде 11 Социалистік Еңбек Ері – бұрғышылар Мұханбет Ақаш, Махутов Әбілғазым, Балгенжиев Зейнел, мұнайшы Әбдірахманов Ұлықпан, ауылшаруашылығынан Дощанов Татан, Арқабаев Нұрмағанбет, Шәкірова Сәли, Мергенбаева Жанбөпе, Дүйсенбеков Әбді, Асабаев Кісенбай, Еңбек Даңқы орденінің толық иегері Кенжеғариев Аманжол, 80-ге жуық Ленин ордені иегері, 30-дан астам әр салада ҚР-ның еңбек сіңірген қызметкерлері, 5 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты бар. Ауданды басқарған аудандық партия комитетінің бірінші хатшылары: Сапарғалиев Аман (1928 ж), Сағиденов Р(1928-1929 жж), Теңізбаев (1930-1932 жж), Жиенғалиев С (1933-1938 жж), Сағындықов Н (1938-1939 жж), Айтмұханов Меңдіғазы (1939 – 1940 жж), Ғазизов Шәкір (1940-1944 жж), Өтебаев Сафи (1944 – 1951 жж), Оспанов Құлқайыр (1951 – 1953 жж), Балғымбаев Өтеп (1953 – 1958 жж), Тауманов Ерғожа (1958-1959 жж.), Өтесінов Рахмет (1959-1961 жж), Мұқашев Саламат (1961-1970 жж),Сағынбаев Мұсабай (1970-1975 жж), Беклиев Әбутай (1975-1977жж), Ізтілеуов Беркін (1977-1986 жж), Түгелбаев Сағат (1986-1987 жж), Думчев Владимир (1987-1988 жж), Еламанов Болат (1988-1991), Түсіпқалиев Бақтығали (1991-1993). Еліміздегі басқару жүйесінің өзгеруіне байланысты 1992 жылдың басында атқарушы орган – аудандық әкімшілік құрылды. Жылыой ауданы әкімшілігінің алғашқы әкімі Түсіпқалиев Бақтығали, кейін аудан әкімшілігі аудан әкімі аппараты болып өзгертіліп, әкімдікке Саппаев Меңдіғали (1993-1994 жж), Қилыбаев Мақсот (1994 ж), Жұмағұлов Төкен (1994-1998 жж), Артығалиев Рзабек (1998-2001 жж), Бисенов Асқар (2001-2002 жж), Мұхтаров Нұртас (2002-2005 жж), Нақпаев Сәлімжан (2005-2006 жж), Еңсегенов Сәрсенбай (2006 ж), Бекенов Асхат (2006-2007 жж), Дүйсенғалиев Саламат (2007-2009 жж), Нұғманов Рахметолла 2009 жылдың маусынан Жылыой ауданының әкімі болып қызмет етеді.

Дереккөздер

"Қазақ Энциклопедиясы"

Сыртқы сілтемелер

Жылыой ауданы

Түсініктемелер

  1. ↑ http://www.stat.gov.kz/faces/wcnav_externalId/homeNumbersPopulation;jsessionid=vknTJGZStb2JLnQx1TQwpv2bJhYpbrtm6zGnyCv5plxT7VQjM0pH!-1198873997?_adf.ctrl-state=2bicwwe72_136&_afrLoop=246870281860756#%40%3F_afrLoop%3D246870281860756%26_adf.ctrl-state%3Disjf890u3_4

жылыой ауданының экологиялық жағдайы, индекс жылыой ауданы


Жылыой ауданы Туралы Ақпарат

Жылыой ауданы


  • user icon

    Жылыой ауданы beatiful post thanks!

    29.10.2014


Жылыой ауданы
Жылыой ауданы
Жылыой ауданы Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Жылыой ауданы бұл, Жылыой ауданы кім, Жылыой ауданы сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду (порт. Vila de Prado) — Португалиядағы елді мекен және аудан (фрегезия), Брага округін...
Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима (порт. Aveiras de Cima) — Португалиядағы аудан (фрегезия), Лиссабон округінің құрамы...
Шекшек Ата

Шекшек Ата

Шекшек Ата, Сексек ата — ешкі пірі, иесі. Дәстүрлі қазақ қоғамында әрбір түлік малдың пірі болған. Ш...
Бокхорст

Бокхорст

Бокхорст (нем. Bockhorst) — Германия Федеративтік Республикасының Төменгі Саксония жерінде орналасқа...

Кездейсоқ Мақалалар (searchxengine.com)

Куйтун ауданы

Куйтун ауданы

Ресей Ресей мәртебесі муниципалдық ауданы Иркутск облысы енгізілген 21 муниципалитетов қаланың
Ресей бокс федерациясы

Ресей бокс федерациясы

Ресей бокс федерациясы - әуесқой боксшылардың Ресей Федерациясы Кеңес Одағы ыдырағаннан және КСРО Бо
Волово (Липецк облысы)

Волово (Липецк облысы)

Волово - ауыл, Липецк облысының Воловский ауданының орталығы. Воловского ауылдық кентінің орталығы.
Қант алақаны

Қант алақаны

Викимедиа бойынша жүйелі - Суреттер Wikimedia Commons-тегі ITIS 506704 бойынша NCBI 145669 - қант