Tue . 19 Oct 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Жорға жарыс

жорға жарыс казан, жорға жарыс сабақ
Жорға жарыс, жорға салу – жорға мінген шабандоздар жарысы; ұлттық ат спорты түрлерінің бірі. Жақсы жорғалар жарыс кезінде ешқашан да шоқыраққа, желіске не шабысқа көшпейді.

Жорға жарысы спортының да өзіне тән ерекшелігі бар. Жорға өзінің жұмсақ та тайпалма жүрісімен көзге түседі. Жорға оң жақтағы алдыңғы аяғы мен оң жақтағы артқы аяғын, сол жақтағы артқы аяғымен, сол жаңтағы аяңтарын бір мезгілде алады. Жарыс кезінде нағыз жорғалар жорғасынан танбайды. Ондай жорғаларды су жорға дейді. Өйткені ондай жорғалармен алып жүрген су шайқалмайды да, төгілмейді. Ондай жорғалар жарыс кезінде басынан аяғына дейін жорғасынан бір танбайды. Егерде жорға жарысына қосқан жорға жорғасынан жаңылып, шоқырақтап шабатын болса, оны жарысқа қосушы иесіне айып салынады. Ал ол тәртіпті төртке дейін бұзатын болса, онда жарыстан шығарылып тасталатын болады.

Жорға жарысы тек қысқа, жол ыңғайына қарай 2—3 шақырым аралықта өткізіледі. Мұның өзі аттың шаршап, жорғадан шабысқа түспеуі үшін қолданатын тәртіп екені түсінікті. Жарысқа түсетін аттар — көбінесе жол жорғалар мен шаппа жорғалар болады.

Жорға аттарды мұқият іріктеп, саралап алу қажет. Жорға түрін араластырмау — басты шарт.

Жарысқа қолданылып жүрген қазіргі тәртіп бойынша жорға жарыстарына әйелдер мен қыздар да қатынаса алады.

Жорға жарысы, сөз жоқ, спорттың пайдалы түрі, спортшының күші мен моральдық сапасын жетілдіреді және жалпы спортқа оның ішінде ат спортына сүйіспеншілігін арттырады. Оның тағы бір бағалылығы — қазақ әйелдері мен қыздарының арасында физкультура мен спортты дамыта түсетіндігінде.

Тағы қараңыз

  • Қазақтың ұлттық ойындарының тізімі

Дереккөздер

  1. ↑ Қазақ энциклопедиясы, 4 том;
  2. ↑ Сағындықов Е. С. / Қазақтың ұлттық ойындары. — Алматы: «Рауан» баспасы, 1991 жыл .—176 бет. ISBN 5-625-01063-3

жорға жарыс би, жорға жарыс казан, жорға жарыс сабақ, жорға жарыстар


Жорға жарыс Туралы Ақпарат

Жорға жарыс


  • user icon

    Жорға жарыс beatiful post thanks!

    29.10.2014


Жорға жарыс
Жорға жарыс
Жорға жарыс Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Жорға жарыс бұл, Жорға жарыс кім, Жорға жарыс сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Протон

Протон

 Басқа мағыналар үшін Протон (айрық) деген бетті қараңыз. Протон Протон[1](грекше prоtos ...
Дондығұл

Дондығұл

 Қазақстан, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Тау жүйесі Арғанаты Пайда болған кезеңі Архе...
Фукар

Фукар

Фукар (фр. Foucart) — Франциядағы коммуна. Жоғарғы Нормандия аймағына қарасты Сен-Маритим департамен...
Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (фр. Chevannes) — Франциядағы коммуна. Бургундия аймағына қарасты Кот-д'Ор департаментінде ор...