Sun .19 Oct 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Жолбарыс

жолбарыс, жолбарыс мультфильм
P. t. tigris
P. t. corbetti
P. t. jacksoni
P. t. sumatrae
P. t. altaica
P. t. amoyensis
†P. t. virgata
†P. t. balica
†P. t. sondaica

СинонимдеріFelis tigris Linnaeus, 1758

Tigris striatus Severtzov, 1858

Tigris regalis Gray, 1867Жолбарыс

Жолбарыс (лат. Panthera tigris) – сүтқоректілер класының мысықтар тұқымдасына жататын ірі жыртқыш аң. Қазіргі кезде Ресейдің Қиыр шығысында, Үндістан түбегінде, Қытайда, Ява, Суматра аралдарында ғана кездеседі. 20-ғасырдың 50-жылдарына дейін Тұран жолбарысы Қазақстанда Сырдарияның төменгі ағысындағы қалың қамысты, тоғайларды мекендеген; осы өңірде соңғы жолбарыс 1933 ж., ал Балқаш жағалауында 1948 ж. атылған.

Range of the tiger including the western part 1900 and 1990

Тұрқы 160 – 290 см (ең ірілері 3 м-ден асады), құйрығының ұзындығы 110 – 120 см-дей, салмағы 200 – 220 кг (кейде 300 кг-нан артық). Еркегі ұрғашысынан ірі болады. Басы жұмыр, жүнінің түсі қызыл жирен, арқасы мен екі бүйірінде көлденең қара түсті жолақтары айқын байқалады. Құлағы қысқа, төрт қатар мұртшалары ірі қылшықты (ұзындығы 14 – 18 см).

Көзінің қарашығы ашық сары түсті. Сойдақ тістері өте ірі әрі өткір, иілген тырнақтары мықты, алдыңғы аяғы артқы аяғынан жақсы жетілген. Көбінесе, қоныс ауыстырып, жеке жүреді. Жабайы шошқа, бұғы, марал, елік, т.б. тұяқты жануарларды ұстап жейді, кейде малға, қасқырға, итке де шабады. Жолбарыс 2 – 3 күшік туады, оларды 5 – 6 ай емізеді. Табиғи жағдайда 40 – 50 жылдай тіршілік етеді. Дүние жүзінде жолбарыстың саны жылдан жылға азаюда. Мысалы, 2000 ж. жолбарыстардың жалпы саны 7 мың болды. Қазіргі уақытта жабайы ортада (13 мемлекетте) мекендейтін жолбарыстардың саны 3200 шамасында ғана қалды. Сондықтан жолбарыстың барлық түрі қорғауға алынып, Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген. Жолбарысты қазақ халқы ежелден күштіліктің символы санаған. 12 - 13-ғасырларда Тоқтамыс хан соқтырған тиында жолбарыс бейнесі салынған.

Дереккөздер

  1. ↑ Chundawat, R.S., Habib, B., Karanth, U., Kawanishi, K., Ahmad Khan, J., Lynam, T., Miquelle, D., Nyhus, P., Sunarto, Tilson, R. & Sonam Wang (2008). Panthera tigris. In:IUCN 2008. IUCN Red List of Threatened Species. Downloaded on 9 October 2008.
  2. ↑ Wild Tiger Conservation.Save The Tiger Fund. Тексерілді, 7 наурыз 2009.
  3. ↑ WWF
  4. ↑ "Қазақ Энциклопедиясы"

Ішкі сілтемелер

  • Тұран жолбарысы


жолбарыс, жолбарыс жануар, жолбарыс мультфильм, жолбарыс ойын, жолбарыс охота, жолбарыс сейфуллин, жолбарыс сейфуллин рост, жолбарыс туралы малимет, жолбарыс фото, жолбарыстын баласы


Жолбарыс Туралы Ақпарат

Жолбарыс


  • user icon

    Жолбарыс beatiful post thanks!

    29.10.2014


Жолбарыс
Жолбарыс
Жолбарыс Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Жолбарыс бұл, Жолбарыс кім, Жолбарыс сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду (порт. Vila de Prado) — Португалиядағы елді мекен және аудан (фрегезия), Брага округін...
Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима (порт. Aveiras de Cima) — Португалиядағы аудан (фрегезия), Лиссабон округінің құрамы...
Шекшек Ата

Шекшек Ата

Шекшек Ата, Сексек ата — ешкі пірі, иесі. Дәстүрлі қазақ қоғамында әрбір түлік малдың пірі болған. Ш...
Бокхорст

Бокхорст

Бокхорст (нем. Bockhorst) — Германия Федеративтік Республикасының Төменгі Саксония жерінде орналасқа...