Tue .19 Oct 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Жетіқарақшы


Жетіқарақшы (лат. Big Dipper) — аспанның Солтүстік жарты шарындағы Үлкен аю шоқжұлдызының ең жарық жеті жұлдызы. Аталған жеті жұлдыз шөміш пішінді иіліп солтүстік аспаннан өте анық көрінеді және ол Темірқазық жұлдызын жердің өз өсінде айналуына орай әр күні айналып жүргендей көрінеді. Жетіқарақшының жеті жұлдызының ішінде 1,8 жұлдыздық шамаға дейін жалтырап көрінетін ең жарық жұлдыз – Ырық (Алиот) пен Ерік (Дубке) есептеледі. Және оның шеткі екі жұлдызы (ε және α) бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады. Жеті қарақшы шоқ жұлдызының төңірегінде көптеген галактикалар мен планетарлық тұмандықтар бар. Ең жақын галактика мен Жердің арақашықтығы 70 млн. жарық жылын құрайды.

150 000 жылдағы Жетіқарақшы өзгерісі (3D red cyan әйнегімен көру керек)

Мазмұны

  • 1 Қазақы түсінік
  • 2 Мәдени сипаты
  • 3 Жетіқарақшы өзгерісі
  • 4 Дереккөздер:

Қазақы түсінік

Түнгі күзеті көп мал шаруашылығымен шұғылданған қазақ халқы түні бойы батпай Темірқазықты айнала қозғалатын Жетіқарақшыны Жер тараптары мен түн мезгілдерін айыруда жиі пайдаланған. Жетіқарақшының ең жақсы көрінетін айлары — наурыз, сәуір айлары. Жетіқарақшы республиканың барлық аумағынан айқын көрінеді.

Жетіқарақшы мен Темірқазық (АҚШ Аляска штатының туы)

Қазақ ертегілері бойынша Жетіқарақшы және Темірқазыққа қатысты екі ертегі сақталған.

Біріншісі:Тәңірі өз аттарын Темірқазыққа байлайды. Темірқазықтың қасындағы қос жарық жұлдыз сол Ақпоз ат пен Көкбоз ат есептеледі. Темірқазыққа арқандалған тұлпарларды ұрлау үшін жеті қарақшы жылқыны торуылдап, жайылған жылқының соңынан қуалап баспалап айналып жүреді. Бірақ әр күні таң атып кетіп олар қапы қалып отырады.

Екіншісі:Осыдан көп заман бұрын аспан әлемінде ағайынды жеті жігіт өмір сүріпті.Өздерінің ауызбіршілігі мықты, күшті, сотқарлықпен аты шығып жүріпті. Күндердің күнінде ағайындылардың бірі Үркер шоқжұлдызының Үлпілдек атты сұлу қызына ғашық болып, ұрлап кетіпті. Сол әрекетінен кейін оларды басқалар Жетіқарақшы атап кетіпті. Қыздарын қарақшылардан құтқарып алу үшін Үркеліктер әлі де Жетіқарақшыны қуып жүр екен дейді, жақындап қалғанда ылғи да таң атып қала береді екен. Қуып жеткенде олардың қырғын соғысынан ақырзаман болады дейді, аңыз. Ең жарқырап тұрғаны қарақшылардың атаманы, жанында көмескіленіп тұрғаны сол Үлпілдек ару екен. Шын мәнінде зер салып байқап қарасақ, Жетіқарақшының сабы жағынан қарасыңыз Екінші әлде үшінші жұлдыздың түбінен әлсіз жарықты жұлдызды көресіз. Одан соң аспан әлемінің екеуі екі қарама қарсы тұсынан туса да таң бозарғанда бір-біріне өте жақындап қалады,

Бәлкім көптеген халықтарда Жеті санының қастерлі болуы, әсіресе апта санауының жеті күнді негіз етуі осы жеті жұлдыздан құралған Жетіқарақшыға қатысты болса керек.

Мәдени сипаты

Зевстің соғыс арбасы, 1876ж. Альфред шіркеуінде сақталған

Үнділердің мәдениеті бойынша Жетіқарақшы "Saptarshi" деп аталған, яғни, Жетіқарақшының жеті жұлдызы Үнділердің жеті әулиесіне өкілдік етеді деп есептеп, оны "жеті әулие" деген мағынада атаған.

Қытайлар оны "Солтүстік түкпірдің жеті жұлдызы" (běidǒu qīxīng) деп атаған.

Гомердің «Илиада» дастанында "Аюдайын бұл адамдар Жетіқарақшы" деген өлең жолдары кездеседі екен.

Грек мифологиясы бойынша Зевс сүлу ару Каллистоны ханымы Гераның қызғанышынан құтқару үшін оны бір аюға айналдырып жіберген екен. (Кейбір аңыздар бойынша аюға айналдырушы Гера.) Бірақ Гера оны қуғындауын тоқтатпай әйел аңшы құдайы Артемидаға әлгі аюды атып алуды бұйырады. Сонымен Зевс Аюды ғарышқа шығарып жіберуге мәжбүр болады. Сөйтіп Үлкен аю шоқжұлдызы пайда болады. Ал, Темірқазық сол шоқжұлдыздағы өте жарық жұлдыздардан құралып, шөміш пішінді әйгілегендіктен, дербес те қарастырыла береді.

Жетіқарақшы өзгерісі

Үлкен аюға тән бес жұлдыз Үлкен аю шоқжұлдызы айналуымен бірге қозғалады. Екі шетіндегі Ерік (Дубхе) мен Дес (Алькаид) бұл шоқжұлдызға тән емес болғандықтан олар басқа бағытта қозғалады. Жетіқарақшының бүгінгі шөміш секілді пішіні ұзақ замандық өзгерістің жемісі. Жетіқарақшыны құраған жұлдыздардың қозғалыс ерекшелігі бойынша есептегенде, шамамен 50 000 жылдан кейін оның қазіргі пішіні толық өзгереді.

Жұлдыз атыҚазақшасыАғылшыншасыБайер жұлдыздық таңбасыЖарқырау шамасыарақашықтығы
(жарық жылы)
ДубхеЕрікDubheα UMa1.79124
МеракЖігерMerakβ UMa2.3479
ФекдаҚайратPhecdaγ UMa2.4184
МегрецҚуатMegrezδ UMa3.3281
АлиотЫрықAliothε UMa1.7681
МицарҚұдіретMizarζ UMa2.2378
АлькаидДесAlkaidη UMa1.85101

Дереккөздер:

Қазақ ұлттық энциклопедиясы

  1. ↑ Homer Book XVII // The Iliad.


Жетіқарақшы Туралы Ақпарат

Жетіқарақшы


  • user icon

    Жетіқарақшы beatiful post thanks!

    29.10.2014


Жетіқарақшы
Жетіқарақшы
Жетіқарақшы Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Жетіқарақшы бұл, Жетіқарақшы кім, Жетіқарақшы сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Порте

Порте

Порте (итал. Porte) — Италиядағы коммуна, Пьемонт әкімшілік аймағына қарасты Турин провинциясын...
Патриотизм

Патриотизм

Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүддел...
Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин - 1927 жылы 11 мамырла Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданында туған. 2004 жылы 29 наур...
Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Диқан ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Мазмұны 1 Геогра...