Fri . 19 Oct 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Жетібай


ЖетібайМаңғыстау облысының Қарақия ауданындағы кент, кенттік әкімшілік округі орталығы. Облыс орталығы — Ақтау қаласынан шығысқа қарай 75 км, аудан орталығы Қарақия кентінен солтүстік-шығысқа қарай 85 км жерде, Маңғыстау үстіртінің солтүстік-батысындағы шөлдік белдемде орналасқан. Тұрғыны 9,1 мың адам (1999). Іргесі 1961 ж. өзі аттас мұнай кен орнын игеруге байланысты қаланған. 1960 жылдары көптеген өндірістік, байланыс, тұрғын үй, мәдени-ағарту, денсаулық сақтау мекемелерінің ғимараттары салынып, тез қарқынмен өсті. Жетібайда “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ-на біріккен Жетібай, Шығыс Жетібай, Оңтүстік Жетібай мұнай-газ өндіру кәсіпшіліктері бар. Бұлардан өндірілген мұнай Өзен — Жетібай — Ақтау мұнай құбыры арқылы Ақтау портына тасымалданады. 1961 — 97 ж. аралығында аталған кәсіпшіліктерден 59,5 млн. т мұнай, 11,653 млрд. м3 газ өндіріліп, тұтынушыларға жіберілді. Кент жанындағы карьерден ұлутас өндіріледі. Жетібайда “Маңғыстаумұнайгаз” акционерлік қоғамының “Жетібаймұнайгаз” филиалы, Жетібай технологиялық көлік кәсіпорны, “Маңғыстаугеология” акционерлік қоғамы, т.б. мекемелер жұмыс істейді. Кентте 3 орта мектеп, 2 кітапхана, 2 бала бақша, аурухана, емхана, клуб, кинотеатр, мәдениет үйі, стадион, саябақ, т.б. мәдени-ағарту және денсаулық сақтау орындары бар. Кент арқылы Ақтау — Жаңаөзен, Қарақия — Жетібай — Шетпе автомобиль жолдары, оның оңтүстік жағындағы Мұнайшы кенті арқылы АқтауЖаңаөзен темір жолы өтеді. Жетібай кенті 1984 — 92 жылдары салынған 72 км-лік Жетібай — Өмірзақ магистральдік су құбыры арқылы сумен қамтамасыз етіледі.


Жетібай - Маңғыстау облысындағы бірінші ірі мұнай кәсіпшілігі, мұнайшылар мен бұрғышылардың қалалық типтегі кенті, Мақат-Ақтау жол тармағындағы темір жол станциясы. Ақтау қаласынан оңтүстік-шығыста 80 км жерде орналасқан.

Тарихы

Өзімен аттас мұнай-газ-конденсат кен орны негізінде іргесі 1961 жылы қаланған. Кәсіпшіліктің инфрақұрылымы өндірістік ғимараттармен байланысты. Мұнай құбыр жүйесі, тұрғын үй, мәдени-тұрмыстық нысандар 60-жылдарда жедел қарқынмен тұрғызылды. Жетібай кентінің негізінде қазіргі таңда "Ескі Жетібай", "Мүнайшы", "Железодорожный" кенттері жұмыс істейді. Олар арқылы автотрасса және Өзен-Жетібай Ақтау мұнай-газ желісі өтеді.

Дереккөздер

  1. ↑ "Қазақ Энциклопедиясы"



Жетібай Туралы Ақпарат

Жетібай


  • user icon

    Жетібай beatiful post thanks!

    29.10.2014


Жетібай
Жетібай
Жетібай Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Жетібай бұл, Жетібай кім, Жетібай сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

IC 4089

IC 4089

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Вероника шашы Тура шарықтауы 13...
Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ) (нем. Niederhausen (Nahe)) — Германия Федеративтік Республикасының Рейнланд-Пфальц...
Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

 Басқа мағыналар үшін Қарашоқы деген бетті қараңыз. Қарашоқы тауы Координаттар: Координатта...
NGC 2139

NGC 2139

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Уильям Гершель Ашылу уақыты 17 қараша 1784 Бақылау мәлі...