Mon . 19 Sep 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Жаңаөзен

жаңаөзен
ЖаңаөзенМаңғыстау облысындағы қала, қалалық әкімшілік орталығы. Облыс орталығы — Ақтау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 150 км жерде, Маңғыстау үстіртінің оңтүстік-батыс етегіндегі жазық шөлді белдеуде орналасқан. Тұрғыны 48,9 мың адам (1999).

Мазмұны

  • 1 Тарихы
    • 1.1 Жаңаөзен оқиғалары
  • 2 Халық саны
  • 3 Экономикасы
  • 4 Транспорты
  • 5 Оқу орындары
    • 5.1 Колледждер:
    • 5.2 Лицейлер:
  • 6 Мәдениет
  • 7 Қалада қарауға тұрарлық жерлер
  • 8 Дін
  • 9 Спорт
    • 9.1 Спорттық клубтар:
    • 9.2 Спорт үйлері:
  • 10 Бауырлас қалалар
  • 11 Белгілі адамдар
  • 12 Дереккөздер

Тарихы

Өзеннің алғашқы қоныстанушылары

Алпысыншы жылдардың басында Өзен кенорнына барлаушы-геологтар түпкілікті қоныстанып, өздерінің зерттеу-барлау жұмыстарын жоспарлы жүргізді. Қызылсайда алғашқы мекен-жайлар пайда болып, жан-жақтан халық жинала бастады. Алғашында жертөлелер мен вагондар орналастырылып, соңынан сол маңдағы жерқабақтардағы жұмыс тастарды тұрғын үй тұрғызуға пайдаланады. Сөйтіп барлаушы-геологтар мекені Өзен поселкесі пайда болды. Түбекті игерушілердің жанқиярлық еңбегі босқа кетпеді. Алпысыншы жылдары Өзен кенорнынан газ бен мұнайдың көзі ашылды. 1964 жылы қазіргі мұнайшылар қаласының қазығы қағылып, қала типтес жұмысшы поселкесі пайда болды. Онда Маңғыстау жарты аралында тұңғыш рет мұнай кәсіпшілігі басқармасы құрылды, бұл өлкеде екпінді құрылысшы бригадалары жасақталып, тұрғын үйлер мен мәдени нысандарды салу жұмыстары жүргізілді.

Кеңестік кезеңдегі қала түрі

1968 жылы 21 Қазанда Қазақ КСР Жоғары Кеңес Президиумының қаулысымен Гурьев (қазіргі Атырау) облысы құрамында Өзен ауданы құрылып Жаңаөзен поселкесі қала статусын алды.

Жаңаөзен оқиғалары

Толық мақаласы: Жаңаөзен оқиғасы (1989 жыл)

1989 жылы жергілікті халық сырттан келген жұмысшылардың қазақтарға қатысты кемсітушілігіне наразылық танытып бас көтерді. Кавказ ұлтының өкілдерін арнайы ұшақтармен көшірді. Халықтың бас көтеруі "Витязь" арнайы әскер жасағының күшімен тоқтатылды.

Толық мақаласы: Жаңаөзен оқиғасы (2011 жыл)

16 желтоқсан күні Жаңаөзен қаласының орталық алаңына еңбек дауына байланысты жеті айдан бері ереуілге шыққан Өзенмұнайгаз мекемесінің бұрынғы қызметкерлері мен жергілікті құқық қорғау органдары арасында болған қақтығыс. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан қару қолданылып, оқ атылды. Қаладағы тәртіпсіздіктер коммерциялық нысандар мен мемлекеттік органдардың ғимараттарына ауысты. Полиция оқ қару қолдануы салдарынан ереуілшілер тарапынан көп адам опат болып, көбі жараланды.

Халық саны

Жаңаөзен қаласының және оған іргелес елді мекендердің (Теңге және Қызылсай селоларында, Рахат кентінде) туу көрсеткішінің есебінен жыл басынан бері 4500 адамға өсіп, халқының саны 130 000 адамды немесе облыс бойынша халық санының 22,2 пайызын құрайды. Жаңаөзен қаласының әкімшілік - аумақтық құрамына 2 селолық округ - Теңге (18700 адам) және Қызылсай (3500 адам), сондай ақ 2012 жылы жаңадан құрылған Рахат кенті(30800 адам) кіреді.

Экономикасы

Өзенмұнайгаз АҚ филиалы

Есепті кезеңде өнеркәсіптік кәсіпорындар қолданыстағы бағада 141,9 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 112,4 пайызды құрады. Жаңаөзен қаласының мұнай және газ өндіретін ірі кәсіпорындардың бiрі-"Өзенмұнайгаз" АҚ,"ҚазГӨЗ" ЖШС. 2012 жылдың сәйкес кезеңінен мұнай өндіру көлемі 457,4 мың тоннаны құрады немесе 2,9 пайызға көбейді.

Транспорты

Қаладан Солтүстік-Оңтүстік темір жол линиясы басталады (Жаңаөзен - Гызылгая - Берекет - Этрек - Горган бағыты ). Қалалық транспортты жолаушы "Газельдер"(12 маршрут,120 - ға жақын бірлік) және жекеменшік таксилер құрайды. Жолаушы проездінің бағасы-40 теңге(балаларға 20 теңге), ал таксиге-150-300 теңге.

Оқу орындары

Қалада 5 колледж бен 1 лицей орналасқан.

Колледждер:

■Маңғыстау облыстық медициналық колледж

■Жаңаөзен мұнай мен газ колледжі

■"Лингва" тіл мен аударма колледжі

■Жаңаөзен политехникалық колледжі

■"Каспий" педагогика мен өнеркәсіптік технологиялар колледжі

Лицейлер:

■Жаңаөзен кәсіпқой лицейі

Мәдениет

Қалада қалалық мұражай, "Мұнайшы" мәдениет үйі, "Жалын" кинотеатры,"Өнер" МКҚК, кітапханалар бар. Қалаға іргелес Қызылсай мен Теңге селоларында "Шаңырақ" және "Атамұра" мәдениет үйлері бар.

Қалада қарауға тұрарлық жерлер

■Бала мен дельфин скульптурасымен әшекейленген фонтан

■Тәуелсіздік алаңы

■Репрессия құрбандарына арналған тарихи - мемориалдық комплекс

■Қашаған ескерткіші

■"Дулыға" алаңы

■Мұнайшылар аллеясы

■1989 жылға арналған ескерткіш

■Мұнайшыларға арналған ескерткіш

Дін

Қалалық сүнниттік мешіті

Қалада және іргелес селоларда қалалық сүнниттік мешіті, Қызылсай мен Теңге селоларының сүнниттік мешіттері жұмыс істеуде. Қала тұрғындарының ақшасына қаладағы ең ірі мешіт салынуда.

Спорт

Спорттық клубтар:

"Өзенмұнайгаз - Мұнайшы" футзал клубы футзалдан ҚР чемпионатында өнер көрсетеді.

Спорт үйлері:

■Әмин Тұяқов атындағы стадион.

■Рахмет Өтесінов атындағы Дене - Шынықтыру Сауықтыру Комплексі.

■"Энергетик" Балалар мен Жасөспірімдер Спорт Мектебі.

Бауырлас қалалар

Қала Жыл Елі
Ақтау 2012  Қазақстан

Белгілі адамдар

Жаңаөзенде тұрған әлде туылған:

■Рахмет Өтесінов - Қазақ КСР еңбек сіңірген мұнайшысы

■Дәуіт Шайхисламов - қазақстандық шоумен,КВН қатысушысы

■Алтынай Сапарғалиева - қазақстандық әнші, Супер Старс KZ қатысушысы

■Динара Бақтыбаева- қазақстандық кино актрисасы

Дереккөздер

  • www.zhanaozen.gov.kz,
  • www.visitkazakhstan.kz

жаңаөзен


Жаңаөзен Туралы Ақпарат

Жаңаөзен


  • user icon

    Жаңаөзен beatiful post thanks!

    29.10.2014


Жаңаөзен
Жаңаөзен
Жаңаөзен Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Жаңаөзен бұл, Жаңаөзен кім, Жаңаөзен сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Б. з. д. 179 жыл

Б. з. д. 179 жыл

— б. з. д. I ғасыр Мазмұны 1 Оқиғалар 2 Туғандар 3 Қайтыс болғандар 4 Тағы қараңыз 5 Түсінік...
Дассов

Дассов

Дассов (нем. Dassow) — Германия Федеративтік Республикасының Мекленбург-Алдыңғы Померания жерінде ор...
Камподипьетра

Камподипьетра

Камподипьетра (итал. Campodipietra) — Италиядағы коммуна, Молизе әкімшілік аймағына қарасты Кам...
Паладжанелло

Паладжанелло

Паладжанелло (итал. Palagianello) — Италиядағы коммуна, Апулия әкімшілік аймағына қарасты Таран...