Fri .19 Oct 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Жағалау


Жағалау (Побережье) — құрлық пен теңіз (көл, өзен жөне т.б) арасындағы жер бедерінің қазіргі және ежелгі замандардағы нысандар таралған шекаралық жолақ.

Жалпы мәліметтер

Ол су жиегіндегі жағалық беткейден және су асты жағалық беткейден тұрады. Жағалаудың қалыптасуының ең негізгі факторлары — толқын және толқынның жағаға ұру ағыны, сондай-ақ, арналық ағын. Теңіздің жағалық белдемінің құрлық жағындағы шекарасы — теңіз суының толысуы және теңіз дауылы кезіндегі соқпа толқын шалпылы жететін сызықпен, ал теңіз жағындағы шекарасы — изобата (толқын қозғалысы әрекетінің тоқтау шегі) сызығымен шектеледі. Өзендер мен басқадай экзогенді агенттер құрлықтан жағалық өңірге кесек және түйіршік тау жыныстарын әкелуі салдарынан жағалаулық-теңіздік тосқындар қалыптасады, ал оның геологиялық құрылысы мен жер бедері жағалаудың бағыты мен даму барысына тікелей әсер етеді. Теңіз толқындары қуатының таралуы мен тасымалдануы литосферамен әрекеттесуі нәтижесінен абразивтік және аккумуляттық жағалаулар пайда болады. Қазіргі теңіз бен мұхит жағалаулары б.з.б. 6 мың жыл бұрын, құрлықты соңғы мұз басу кезінде құрлықтардың шеткі жақтарын су басып (трансгрессия), мұхит деңгейі 90 — 100 м-ге көтерілуі нәтижесінде пайда болды. Соның әсерінен ингрессиялық жағалаулардың мұздық (фьордты, шхерлі), эрозиялық (риасты, лиманды), құрылымдық-денудациялық (далмациялық) және т.б. түрлері қалыптасқан. Абразиялық және аккумуляттық процестер ингрессиялық жағалаулардың контурын тегістеп отырады. Жағалау сипатына қазіргі тектоникалық қозғалыстар да үлкен әсер етеді. Әр түрлі табиғат факторлары атыраулық, коралдық (маржандық), мангрлық, қамысты-құрақты, т.б. Жағалауларды қалыптастырады. Қазақстанның су айдындарына эолдық (Аралдық тип) және эрозиялық жағалаулар тән.

Тағы қараңыз

  • Жаға бекітетін имарат;
  • Жаға бойлық ағыс;
  • Жаға бойлық тасынды ағыны;
  • Жағажай;
  • Жағалық белдем;
  • Жағалық беткей;
  • Жағалық жал;
  • Жағалық морена;
  • Жағалық процестер;
  • Жағалық сызық;
  • Жағалық терраса;
  • Жағалық эрозия;
  • Жағаны бекіту құрылысы.

Дереккөздер

  1. Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов, 2000. — 328 бет.
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.



Жағалау Туралы Ақпарат

Жағалау


  • user icon

    Жағалау beatiful post thanks!

    29.10.2014


Жағалау
Жағалау
Жағалау Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Жағалау бұл, Жағалау кім, Жағалау сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Итмұрын (айрық)

Итмұрын (айрық)

Итмұрын:Итмұрын — раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктер:...
Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен (нем. Ermershausen) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан ...
Эльтман

Эльтман

Эльтман (нем. Eltmann) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан қала. Төме...
IC 2921

IC 2921

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі:J2000.0) Шоқжұлдызы Арыстан Тура шарықтауы 11h ...