Tue .19 Sep 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Жаяу жарыс

жаяу жарыс казан, жаяу жарыс сабақ
Жаяу жарыс — жер шарының көптеген халықтары арасында, оның ішінде қазақ халқында ерте заманнан кең тараған жарыс түрі. Көне шежірелерде сақ, оғыз, қыпшақ тайпалары сарбаздарының жаяу жарысатындығы жайлы мәліметтер бар. Олардың бірі — 12 ғасырда өмір сүрген тарихшы Низам әл-Мүлік өзінің “Сиасатнаме” атты еңбегінде көне түркілер арасында Жаяу жарыстың кең тарағанын жазады. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде (“Ер төстік”, “Күн астындағы Күнекей қыз”, т.б.) Жаяу жарыс жақсы суреттелген. Жаяу жарыс ежелгі мысыр, латын, эллин елдерінде кең тараған, ерте дүниедегі олимпиялық ойындардың бағдарламасына енген.

Наурыз мерекесінде ұлттық ойындардың ішінде әйел-еркек жаяу жарысы қызықты өтеді. Бұл жарыс алдында күні бұрын әр топ адамдары өз араларынан ең жүйрік деген қыз-келіншектері мен жас жігіттерін дайындайды. Сонымен қатар жарыс алдында топ басшыларыпың өзара келісімдерімен арнайы төрешілер тобы кұрылып, солардын, шешімінде озып келген жүйріктерге арнайы кымбат бағалы сыйлықтар белгіленеді. Ойын тәртібі бойынша жүйріктерді ынталандыру үшін әр қашықтық бойынша берілетін сыйлықтарды міндетті түрде алдын-ала хабарлайды. Осы кезде жүйріктер кашықтық, мөлшерін өздері қалайды.

Ойын тәртібі

Бұл жарысты жүргізер алдында басқарушы адам күні бұрын белгіленген жерге жүйріктерді ертіп апарады. Қаз қатар тұрғызады да, қолын көтеріп тұрып, бір кезде төмен сілтегенде дайындалып тұрған желаяқтар бірден ілгері ұмтылады. Жарыс кезінде «мыңнан жүйрік шығады» дегендей, ең жүйрігі бірден оқшаулана бастайды. Егер оның өкпесі өшіп тез шаршаса, оның артындағы денсаулығы зор жүйріктердің біреуі бәрінен бұрын көмбеге тақай бастайды. Ол тақай бергенде жүйрікке өз тобының адамдары бар дауысымен «жарайсың, жүйрігім!» деп аяғайға басады. Ал көмбеге жеткен кезде оны кұшақтап, жоғары көтеріп, зор қошамет білдіреді. Кей жарыстарда екі адам бірдей келуі мүмкін. Ол кезде төрешілер тобы әртүрлі дәлелдемелер аркылы топтар арасындағы дау-жанжалды басады. Ойын соңында бүкіл жұрт алдында жүйріктерді ортаға шығарып әр кашықтық бойынша бәйге сыйлығын тапсырады. Мұндай жарыстарда екінші, үшінші болып келгендерге де белгіленген сыйлықтар беріледі. (Халык дәстүрі бойынша әйел-еркек жаяу жарысы 100—500, 1000, 2000 метр қашықтықта өткізіледі).

Сілтеме

Қазақ энциклопедиясы


Дереккөздер

  1. Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы:"Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3
  2. ↑ Облыстық халық шығармашылығы мен мәдени шаралар орталығы. «Айтжүргін». Талдықорған қаласы, 1992 жыл
  3. ↑ Облыстық халық шығармашылығы мен мәдени шаралар орталығы. «Айтжүргін». Талдықорған қаласы, 1992 жыл

жаяу жарыс би, жаяу жарыс казан, жаяу жарыс сабақ, жаяу жарыстар


Жаяу жарыс Туралы Ақпарат

Жаяу жарыс


  • user icon

    Жаяу жарыс beatiful post thanks!

    29.10.2014


Жаяу жарыс
Жаяу жарыс
Жаяу жарыс Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Жаяу жарыс бұл, Жаяу жарыс кім, Жаяу жарыс сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Порте

Порте

Порте (итал. Porte) — Италиядағы коммуна, Пьемонт әкімшілік аймағына қарасты Турин провинциясын...
Патриотизм

Патриотизм

Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүддел...
Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин - 1927 жылы 11 мамырла Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданында туған. 2004 жылы 29 наур...
Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Диқан ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Мазмұны 1 Геогра...