Sun . 20 Jul 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Жарлық


Жарлық — мемлекет басшысының қабылдайтын құқықтық актісі. Құқықтық жағынан Жарлық нормативтік және нормативтік емес болып бөлінеді. Нормативтік Жарлық мемлекеттің бүкіл аумағында міндетті күші бар құқықтық нормаларды белгілейді. Нормативтік емес Жарлық нақты оқиғаға байланысты шығарылады (мысалы, азаматтарды лауазымды қызметке тағайындауға, марапаттауға, т.б. байланысты). Қазақстан Республикасының Конституциясында (45-бап, 1-тармақ): “Қазақстан Республикасының Президенті Конституция мен заңдар негізінде және оларды орындау үшін Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады” деп көрсетілген. Жарлық жарияланған күннен не Жарлықта арнайы көрсетілген мерзімнен бастап мемлекеттің барлық аумағында күшіне енеді.

Жарлық тарихы

Жарлық тарихы — орта ғасырлардағы түркі мемлекеттеріндегі ханның немесе әскербасыларының бұйрығы. Алтын Орда мен Қырым хандарының Жарлықтары біздің заманымызға дейін жеткен. Хандардың өздеріне тәуелді бектерді тағайындау және ішкі-сыртқы саясат мәселелеріне қатысты Жарлық шығаруы үрдіске айналған. Бұл құжаттар қазіргі заманғы зерттеушілер үшін маңызды тарихи деректер болып отыр. Мысалы: Тоқтамыс ханның (1392 — 1393 жылы) Польша королі Ягайлоға жолдаған Жарлықтары екі мемлекеттің қарым-қатынасынан тың мағлұматтар береді.

Дереккөздер

  1. ↑ "Қазақ Энциклопедиясы"



Жарлық Туралы Ақпарат

Жарлық


  • user icon

    Жарлық beatiful post thanks!

    29.10.2014


Жарлық
Жарлық
Жарлық Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Жарлық бұл, Жарлық кім, Жарлық сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені (Оңтүстік Қазақстан облысы) — Уикипедия

Қапшағай бөгені 43°46′43″ с е 69°31′42″ ш б / 4377861° с е 69...
Аттинг

Аттинг

Аттинг (нем. Atting) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципалите...
Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі

Қосшағыл ауылдық округі — Атырау облысы, Жылыой ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Қосшағыл, Қар...
Лаимберды

Лаимберды

Лаимберды — Ресейдегі өзен. Башқұртстан Республикасы, Оренбург облысы[1] жер аумақтарынан ағып өтеді...