Tue . 19 Jul 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Жаркент

жаркент арасан, жаркент жаркент
Жаркент — қала, Алматы облысы Панфилов ауданының орталығы (1928 жылдан).

Облыс орталығы — Талдықорған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 289 км, Алматы қалысынан солтүстік-шығысқа қарай 331 км жерде, Іле өзені аңғарында, Жетісу (Жоңғар) Алатауынан бастау алатын Үсек (Өсек) өзенінің сол жағалауындағы бұта, шіліктал аралас бетеге, сұлыбас, сарсазан, т.б. әр түрлі астық тұқымдасты шөптер өскен қоңыр, шалғын топырақты жазықта орналасқан. Тұрғыны 32,7 мың адам (1999). Ш.Уәлиханов 1856 жылы “Шығыс Түркістанға саяхат күнделігі” атты еңбегінде, қазіргі Жаркент өңірінде болған кезін суреттей келе, “Үсек өзенінің жағасында аялдауға лаж болмады. Шынында да айналасында құм мен тас, тым болмаса бір шөп болсашы, үй тіккендей таза орынның өзін төңіректі барлап, қанша іздесек те таба алмадық”, — деп жазған. Шоқан өткен осы жерде 1882 жылы Жаркенттің іргесі қаланған.

1891 жылы қала болды. Бастапқыда, негізінен, ұсақ қолөнершілер мен сауда-саттық қаласы болған, 1928 жылдан аудан орталығы. Осы кезде жаңа кәсіпорындар ашылып, құрылыстар салына бастады. Қала 1942 — 1992 жылы аралығында Кеңес Одағының батыры И.В.Панфиловтың есімімен аталды. Жаркентте құрылыс зауыты, нан, ет, тұрмыстық қажетін өтеу комбинаттары, тігін фабрикасы, т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді. Қалада 7 орта мектеп, педагогикалық мектеп, (республикадағы алғашқы оқу орындарының бірі, 1929 жылы ашылған), мешіт, 2 кинотеатр, 3 кітапхана, мәдениет үйі, 3 клуб, аурухана, емхана, стадион, автостанса, ірі сауда орталығы, т.б. мекемелер бар (1999). 1979 жылы сәулет өнерінің музейі ашылды. Жаркент арқылы АлматыҚорғас — Үрімші автомагистралі өтеді.

Дереккөздер

  1. ↑ ҚР елді мекендерінің тұрғындар саны
  2. ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

жаркент арасан, жаркент ауданы хоргос, жаркент жаркент, жаркент инфо, жаркент казахстан, жаркент карта, жаркент погода, жаркент санатории, жаркент участки, жаркент қаласы


Жаркент Туралы Ақпарат

Жаркент


  • user icon

    Жаркент beatiful post thanks!

    29.10.2014


Жаркент
Жаркент
Жаркент Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Жаркент бұл, Жаркент кім, Жаркент сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік (Темір ауданы) — Уикипедия

Бірлік – Ақтөбе облысының Темір ауданындағы ауыл, Шығырлы ауылдық округінің құрамында Халқы 211 ада...
Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасы Парламенті

Корея Республикасының Ұлттық жиналысы (국회 (Кукхве)) — Корея Республикасының бірпалаталы, 300-орынды ...
IC 213

IC 213

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Тоқты Тура шарықтауы 02h 1...
Бейіт

Бейіт

Бейіт - қайтыс болған адамның зиратта жерленіп белгі қойылған орны. Бейіт- араб тілінде «үй», «пәтер...