Fri . 19 Apr 2019

Жалпы Сырт

жалпы сырты, жалпы сырть
 Басқа мағыналар үшін Сырт деген бетті қараңыз.

Жалпы Сырт таулы қыраты
Координаттар: Координаттар: 51°43′00″ с. е. 52°25′00″ ш. б. / 51.716667° с. е. 52.416667° ш. б. (G) (O) (Я)51.716667, 52.41666751°43′00″ с. е. 52°25′00″ ш. б. / 51.716667° с. е. 52.416667° ш. б. (G) (O) (Я)  (T)
Орналасуы

 Қазақстан
 Ресей

Пайда болған кезеңі

Мезо-кайнозой

Ұзындығы

150 км

Ені

30-25 км

Ең биік шыңы

Ешкі тауы

Биіктігі

259 м

Жалпы Сырт таулы қыраты

Жалпы Сырт, Сырт қыраты - Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік-шығысындағы аласа таулы үстіртті қырат. Біраз жері Батыс Қазақстанға кіреді. Еділ мен Жайық алабындағы өзендердің су айырығы.

Мазмұны

  • 1 Жер бедері
  • 2 Геологиялық құрылымы
  • 3 Климаты
  • 4 Дереккөздер

Жер бедері

Абсолют биіктігі 259 м (Ешкі тауы). Қазақстандық бөлігі (Батыс Қазақстан облысының Тасқала, Зеленов аудандары) оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа 150 км-ге созылған, ені 30 — 25 км. Жер бедері тегістелген қыраттардан (сырттардан) тұрады, оңтүстігі мен оңтүстік-батыс беткейлері тіктеу, сай-жыралармен (тереңдігі 50 — 70 м) тілімделген. Жер бедеріне күмбез пішінді денудацияланған тау жұрнақтары тән.

Геологиялық құрылымы

Жер қыртысы мезо-кайнозой кезеңінің бор-мергельді жыныстарынан түзілген. Кейбір тұсын палеогеннің құмды-саздақты шөгінділері жапқан.

Климаты

Климаты тым континенттік. Қаңтар айының орташа темпетурасы –15оС, шілдеде 22,5оС, жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 350-400 мм. Жайық өзенінің Деркөл, Шаған, Кинделя, т.б. салалары кесіп өтеді. Жалпы Сырттың көпшілік бөлігі жыртылған, табиғи өсімдіктер өзен-көл, сай-жыраларда ғана сақталған.

Дереккөздер

  1. ↑ Қазақ ұлттық энциклопедиясы
  2. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8


жалпы сырты, жалпы сырть, жалпы сыртэй, жалпы сыртқы


Жалпы Сырт Туралы Ақпарат

Жалпы Сырт


  • user icon

    Жалпы Сырт beatiful post thanks!

    29.10.2014


Жалпы Сырт
Жалпы Сырт
Жалпы Сырт Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Жалпы Сырт бұл, Жалпы Сырт кім, Жалпы Сырт сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

IC 4089

IC 4089

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Вероника шашы Тура шарықтауы 13...
Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ) (нем. Niederhausen (Nahe)) — Германия Федеративтік Республикасының Рейнланд-Пфальц...
Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

 Басқа мағыналар үшін Қарашоқы деген бетті қараңыз. Қарашоқы тауы Координаттар: Координатта...
NGC 2139

NGC 2139

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Уильям Гершель Ашылу уақыты 17 қараша 1784 Бақылау мәлі...