Tue . 19 Feb 2019

Жазық

жазық фигуралар, жазық айна
Жазық — беті тегіс немесе сәл толқынды болып келетін жердің үлкен алапты алып жатқан рельеф формасы.

Мұнда көршілес орналасқан нүктелердің биіктік айырмасы өте аз болады. Жазық ойпатты да, үстіртті де болуы мүмкін және оның көпшілігі бір жағына қарай сәл еңістеу келеді.

Жазық — салыстырмалы биіктігі бірдей және географиялық құрылымы біртектес жер бедерінің пішіні; Жер шары бедерінің басты бөліктерінің бірі. Құрлықтағы және мұхит пен теңіз түбіндегі (суасты Ж-ы, абиссальдік Ж.) әр түрлі биіктіктер мен тереңдіктерде кездеседі. Құрлықта Ж-тар абс. биіктіктеріне қарай ойысты (теңіз деңгейінен төмен жататын), ойпатты (абсолютiк биіктігі 200 м-ге дейін), қыратты (абсолютiк биіктігі 200-ден 500 м-ге дейін) және таулы-үстіртті (абсолютiк биіктігі 500 м-ден жоғары) болып ажыратылады. Жер бедеріне қарай тегіс, ылдилы, ойыс, дөңес Ж. деп бөледі. Бедер пішініне қарай жайпақ, сатылы, ойлы-қырлы, жонды-төбелі Ж. болып жіктеледі. Пайда болу тегіне қарай Ж-тың бастапқы, аккумуляттік, жанартаулық, денудациялық түрлері бар. Бастапқы Ж. теңіз суының қайтуы нәтижесінде құрлықта пайда болады (мыс., Каспий ойпаты ежелгі теңіз шөгінділерінен түзілген). Аккумуляттік Ж. жер бетінің төмен түскен тұстарына аллювийлік, көлдік, желдік, флювиогляциялық, т.б. борпылдақ жыныстар қат-қабатының ұзақ уақыт қорлануынан құралады. Жанартаулық Ж. базальтті лавалардың жойылуы нәтижесінде бұрынғы кедір-бұдырлардың тегістелуінен пайда болады. Денудациялық Ж. тау жыныстарының үгітіліп немесе су эрозиясына шалынып тегістелуінен құралады. Денудациялық Ж-тарда бұрынғы таулардың жұрнақтары жиі кездеседі (мыс., ұсақ шоқылы Сарыарқа жазығы). Ж. құрлықтардың 15 — 20%-ін алып жатыр. Жер бетіндегі ірі Ж-тар — Амазона, Шығ. Еуропа, Бат. Сібір және өлы Қытай жазығы. Олардың әрқайсысының аумақтары бірнеше млн. км²-ді құрайды. Жазық пайда болуы жөнінде мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. байырғы немесе бастапқы;
  2. аккумулятивті немесе үйінді:
    1. аллювиалды
    2. көлдік — төмен түскен көлдің орнында
    3. желдік — желдің үрлеуінен;
  3. флювиогляциальдық (мұздық-өзендік), көбінесе мұздың өзендердің ысырынды конусынан пайда болады
  4. вулкандық (лавалық) үстірт
  5. қалдық жазық.

Қазақстандағы ірі жазықтар

  • Ертіс,
  • Есіл,
  • Тобыл,
  • Тұран.

Дереккөздер

  1. ↑ Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.

жазық айна, жазық фигуралар, жазықтар, жазықтар түрлері, жазықтар фото


Жазық Туралы Ақпарат

Жазық


  • user icon

    Жазық beatiful post thanks!

    29.10.2014


Жазық
Жазық
Жазық Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Жазық бұл, Жазық кім, Жазық сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Аттимис

Аттимис

Аттимис (итал. Attimis) — Италиядағы коммуна, Фриули-Венеция-Джулия әкімшілік аймағына қарасты ...
Бөгенбай би ауылы

Бөгенбай би ауылы

Бөгенбай би ауылы — Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл, Викторов ауылдық округінің құрамында. Ге...
Алмас қажақты құрал

Алмас қажақты құрал

Алмас қажақты құрал (Алмазный абразивный инструмент) — кесу бөлігі байламмен бекітілген алмас ұнтағы...
Лабастид-Сезерак

Лабастид-Сезерак

Лабастид-Сезерак (фр. Labastide-Cézéracq) — Франциядағы коммуна. Аквитания аймағына қарасты Атлантик...