Thu . 20 Jul 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Етіс

етістік, етістіктің шақтары
Морфология

  • Сөз құрамы
    1. Түбір
    2. Жұрнақ
    3. Жалғау
      • Көптік жалғау
      • Тәуелдік жалғау
      • Септік жалғау
      • Жіктік жалғау
  • Сөз таптары
    1. Зат есім
    2. Сын есім
    3. Сан есім
    4. Есімдік
    5. Етістік
    6. Үстеу
    7. Шылау
    8. Еліктеу сөз
    9. Одағай

Синтаксис

  • Сөз тіркесі
  • Сөйлем мүшелері
    1. Бастауыш
    2. Баяндауыш
    3. Анықтауыш
    4. Пысықтауыш
    5. Толықтауыш

Етіс (етіс категориясы) деп амалдың (істің) субъекті мен объектіге қатысын, сондай-ақ, керісінше субъекті мен объектінің амалға (іске) қатысын білдіретін формалардың жүйесін айтамыз. Етістер - етістіктен етістік тудыратын, өздерінше морфологиялық және синтаксистік сипаттары басқашалау болып келетін, бір алуан жұрнақтардың жүйесі.

Етістерді етістіктің өзге категорияларынан ерекшелендіріп тұратын сипаттары мынадай:

  1. ол онан жөн сұрады;
  2. олар бір-бірінен жөн сұрасты;
  3. ол онан жөн сұратты;
  4. онан жөн сұралды;
  5. ол өзі сұранды

деген сөйлемдердегі етістіктерін (сұра, сұрас, сұрат, сұрал, сұран) бір-бірімен салыстырғанда, олар бір түбірден өрбіген түбірлес негіздер екені айқындалады. Осы бес түрлі негіздің соңғы төртеуі сұра түбірінен тиісті жұрнақтар арқылы (-с, -т, -л, -н) туып, бір-бірінен ерекшеленіп тұр; осы формаларына қарай (түпкі лексикалық мағынасы бір бола тұрса да), олардың семантикалық мәндерінде де бір-бірінен айырмашылық бар.

Сондай-ақ: тасы, тасыс, тасыт, тасыл, тасын;
жу, жуыс, жудыр, жуыл, жуын
айт, айтыс, айттыр, айтыл
тәрізді түбірлес етістіктерден де осы жүйе аңғарылады.

Етістер жұрнақтарының түрлеріне, мағыналары мен қызметтеріне қарай, төмендегідей бес түрге бөлінеді:

  1. негізгі етіс,
  2. ортақ етіс -с (-ыс, -іс),
  3. өзгелік етіс -т; -тыр (-тір, -дыр, -дір),
  4. ырықсыз етіс -ыл (-іл, л),
  5. өздік етіс -ын (-ін, -н)

Әдебиет

  • А. Ысқақов, "Қазіргі қазақ тілі", 1974 ж.

етіс, етіс түрлері, етістер слайд, етістік, етістік дегеніміз не, етістікке тапсырмалар, етістіктің жіктелуі, етістіктің райлары, етістіктің түрленуі, етістіктің шақтары


Етіс Туралы Ақпарат

Етіс


  • user icon

    Етіс beatiful post thanks!

    29.10.2014


Етіс
Етіс
Етіс Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Етіс бұл, Етіс кім, Етіс сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

NGC 831

NGC 831

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Альберт Март Ашылу уақыты 18 қараша 1863 Бақылау мәліме...
Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл. Ауыл Полтава ауылдық округінің әкiмш...
Бёмфельд

Бёмфельд

Бёмфельд (нем. Böhmfeld) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципа...
NGC 4316

NGC 4316

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Вильгельм Темпель Ашылу уақыты 17 наурыз 1882 Бақылау м...