Wed . 20 May 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Есіл (өзен)

есіл өзен шаянның, есіл өзені
 Басқа мағыналар үшін Есіл деген бетті қараңыз.

Есіл

Есіл өзені, Астана
Сипаттамасы
Ұзындығы 2450 км
Су алабының
ауданы
177 000 км²
Су алабы Солтүстік Мұзды мұхит
Өзендердің
су алабы
Ертіс → Обь өзені
Су шығыны 56,3 м³/с
Су ағысы
Бастауы Нияз тауы
 · Биіктігі 560 м м
 · Координаттары 50.628889, 73.24694450°37′44″ с. е. 73°14′49″ ш. б. / 50.628889° с. е. 73.246944° ш. б. (G) (O) (Я)

 (T)

Сағасы Ертіс өзені
 · Орналасқан жері Усть-Ишим
 · Координаттары Координаттар: 57°41′53″ с. е. 71°11′51″ ш. б. / 57.698056° с. е. 71.1975° ш. б. (G) (O) (Я)57.698056, 71.197557°41′53″ с. е. 71°11′51″ ш. б. / 57.698056° с. е. 71.1975° ш. б. (G) (O) (Я)

Үлгі:Карта/Бк/O

Орналасуы
Ел Қазақстан
Ресей
Ортаққордағы санаты: Есіл

Есіл - Ертіс өзенінің сол саласы, Обь өзені жүйесіне жатады.

Мазмұны

  • 1 Географиялық орны
  • 2 Бастауы
  • 3 Гидрологиясы
  • 4 Дереккөздер

Географиялық орны

Қазақстанның Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары және Ресейдің Түмен, Омбы облыстары жерімен ағады.

Бастауы

Петропавл бөгені (Петропавл қаласы)

Бастауын Сарыарқадағы Нияз тауының етегінен алып (560 м биіктіктен), Ертіс өзеніне сол жағынан құяды.

Гидрологиясы

Ұзындығы 2450 км (Қазақстандағы ұзындығы 1400 км). Дүние жүзінде екінші реттегі ең ұзын сала саналады. Су жиналатын алабы 177 мың км2. Өзеннің бастауынан сағасына дейінгі құлау еңістігі 513 м, әр 1 км-дегі еңістігі 21 см. Негізінен қар суымен (80%-дайы) толығады. Көктемде су деңгейі көтеріліп (ең жоғарғы деңгейі сәуірдің үшінші онкүндігінде байқалады), су тасқыны болып тұрады. Шілденің ортасында су деңгейі төмендеп, үшінші онкүндігінің басында сабасына түседі. Су мол жылдары Петропавл бөгені бьефіндегі нөлдік график деңгейінен 10-11 м жоғары көтеріледі.

Есіл суын бақылау кезінде 1937 жылы оның арнасы құрғап қалғаны тіркелген. Ал 1936-1939 және 1986 жылдары түбіне дейін қатып қалған. Өзеннің орташа жылдық ағымы 2,5 км3. Мұз қату қарашаның екінші жартысында басталады да оның ұзақтығы 5 айға созылады.

Есіл минералдылығы жоғары өзендерге жатады. Оған негізгі себеп - оның су жинайтын алабының құрғақ өңірде жатуынан және жер асты суларының тұздылығы саналады. Жалпы минералдануы 500-800 мг/л, сабасының төменгі кезінде 1200 мг/л-ге жетеді. Суы кермек татиды.

1960 жылдан бастап өзен суын реттеп отыру үшін Вячеслав, Сергеев және Петропавл бөгендері салынған.

Дереккөздер

  1. ↑ Қазақ энциклопедиясы

есіл астана, есіл туралы мәлімет, есіл өзен шаянның, есіл өзені


Есіл (өзен) Туралы Ақпарат

Есіл (өзен)


  • user icon

    Есіл (өзен) beatiful post thanks!

    29.10.2014


Есіл (өзен)
Есіл (өзен)
Есіл (өзен) Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Есіл (өзен) бұл, Есіл (өзен) кім, Есіл (өзен) сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Б. з. д. 179 жыл

Б. з. д. 179 жыл

— б. з. д. I ғасыр Мазмұны 1 Оқиғалар 2 Туғандар 3 Қайтыс болғандар 4 Тағы қараңыз 5 Түсінік...
Дассов

Дассов

Дассов (нем. Dassow) — Германия Федеративтік Республикасының Мекленбург-Алдыңғы Померания жерінде ор...
Камподипьетра

Камподипьетра

Камподипьетра (итал. Campodipietra) — Италиядағы коммуна, Молизе әкімшілік аймағына қарасты Кам...
Паладжанелло

Паладжанелло

Паладжанелло (итал. Palagianello) — Италиядағы коммуна, Апулия әкімшілік аймағына қарасты Таран...