Mon . 19 Jul 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Есік

есік обасы, есік алтын адамы
ЕсікАлматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданының орталығы, қала. Облыс орталығы — Алматы қаласынан шығысқа қарай 43 км жерде, Іле Алатауының солтүстік баурайында, теңіз деңгейінен 935 — 1040 м биіктікте, Есік өзенінің ысырынды конусында орналасқан. Тұрғыны 31,2 мың адам (1999). Есік қаласының орнын адамдар өте ертеден мекендеген. Қаланың солтүстік жағында сақ мәдениетінің б.з.б. 5 — 4 ғасырлардағы аса көрнекті ескерткіші — Есік обасы орналасқан. 1854 жылы бұл көне қоныс орнында Надеждинская станицасы қаланды. 1923 жылдан ол Есік станицасы болып аталды. 1968 жылы қала статусын алды. Қалада “Көктем”, “Есік шарап зауыты”, “Дионис”, “Елес”, “Фудмастер”, “Голд Продукт” сияқты ірі кәсіпорындар орналасқан. Одан басқа құрылыс, көлік, т.б. мекемелер мен шағын өндірістік кәсіпорындар бар. Есікте жалпы білім беретін 9 мектеп, педагогикалық колледж,медициналық колледж, заң колледжі, біріккен қазақ-түрік лицейі, мәдениет үйлері, кинотеатрлар, клуб, аудандық аурухана, емхана, дәріханалар, т.б. бар. Қаладан оңтүстікке қарай 17 км жердегі әсем тау шатқалында демалыс және туризм аймағы саналатын Есік көлі орналасқан. Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі, яғни Алтын адам табылды. Оны 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, III том

Түсініктемелер

  1. ↑ ҚР елді мекендерінің тұрғындар саны

есік алтын адамы, есік ашар, есік обасы, есік қоғаны


Есік Туралы Ақпарат

Есік


  • user icon

    Есік beatiful post thanks!

    29.10.2014


Есік
Есік
Есік Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Есік бұл, Есік кім, Есік сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

IC 4089

IC 4089

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Вероника шашы Тура шарықтауы 13...
Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ) (нем. Niederhausen (Nahe)) — Германия Федеративтік Республикасының Рейнланд-Пфальц...
Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

 Басқа мағыналар үшін Қарашоқы деген бетті қараңыз. Қарашоқы тауы Координаттар: Координатта...
NGC 2139

NGC 2139

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Уильям Гершель Ашылу уақыты 17 қараша 1784 Бақылау мәлі...