Thu . 19 Oct 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Есентемір

есентемір, есентемір
Есентемір — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Кіші жүз құрамындағы байұлы тайпасынан таратылады. Есентемір руының шығу тегі туралы әр түрлі аңыз әңгімелер айтылады. Үлеңмен жазылған көне шежіренің бірінде Алшынның немерелері Әлімқожа мен Қыдырқожа Сыр бойынан көшкенде Байқожа көшпей қалып қойған. Кейін Байқожаның ауылын қалмақтар шауып, өзі және баласы Ата әйелімен қалмақтың қолынан қаза табады. Кешікпей Атаның екі інісі Қалпақ пен Естай да өледі. Атадан Темір деген бала қалады. Елтай немере інісі Темірді, Қалпақтың әйелі Күмісті, Естайдың әйелі Күймежанды ертіп Сыр бойына қарай жол тартады. Бірақ аяғы ауыр жеңгелері және кішкене інісі жол жүруге жарамаған соң оларды қайтып келіп алып кетем деп уәде беріп, Елтай әрі қарай жалғыз аттанады. Кейін үшеуін де Сыр бойына өзінің қасына алады. Сыр бойында Қаратаудың тасына шамамен бұдан 271 жыл бұрын қашалып жазылған мына өлең ескі кездегі әңгімені растай түседі: “Есентемір деген ел едік, Есебі жоқ көп едік. Есебін тауып жегенде Таусылмайтын көп едік...”. Тағы бір көне аңызда Темірді Кіші жүзге өлы жүзден немесе Орта жүзден әкеледі. Ол жаугершілік заманында Қыдырқожаның қолына түседі де, Бай еті тірі, ержүрек жігітке көп жылқысын бақтырып қояды. Он екі атаның бабасы Қыдырқожа асқан бай, дәулетті болғандықтан, одан тараған әулет Байұлы атанып кеткен. Бір жылы үлкен жұт болып, қаhарлы қыста Темір байдың көп жылқысымен бірге ығып, ұшты-күйлі жоғалып кетеді. Боран ашылған соң Бай жан-жаққа сұрау салып, іздеткенімен, жылқышыдан да, жылқыдан да хабар-ошар болмайды. Бай әбден күдерін үзгенде алыстан мұнартқан шаң көрінеді. Қара көбейіп, ауылға жақындағанда жылқының алдында құрығын сүйретіп ат үстінде келе жатқан еңсегей бойлы ірі жігітті алыстан таныған Қыдырқожа Темірім есен екен ғой деп дауыстап жіберген екен дейді. Содан Темір Есентемір аталып кеткен деседі. Есентемір руы Көн, Тағашы болып екі атаға бөлінеді. Бөкен би, Көктаубай батыр, Мыңбай батыр, Есбай күйші, Досжан ақын сынды белгілі тұлғалар шыққан. өраны Алдоңғар, таңбасы — адалбақан.


Есентемір
Бақан
Ұраны Алдоңғар
Лақап атауы
Шығу тегі  ?
Жүзі Кіші жүз
Тайпасы  Байұлы
Бөлімдері   Көн, Тағашы
Тараулары    ?
Ақсақалы  ?
Қыстаулары  ?
Жайлаулары  ?
Веб-торабы esentemir.org

Есентемір — (парсыша: آهن‎ — әсен — темір; + темір) Кіші жүздің Байұлы бірлестігіне кіреді.

Шығу тегі

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы III том 12 тарау

есентемір, есентемір, есентемір


Есентемір Туралы Ақпарат

Есентемір


  • user icon

    Есентемір beatiful post thanks!

    29.10.2014


Есентемір
Есентемір
Есентемір Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Есентемір бұл, Есентемір кім, Есентемір сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Аттимис

Аттимис

Аттимис (итал. Attimis) — Италиядағы коммуна, Фриули-Венеция-Джулия әкімшілік аймағына қарасты ...
Бөгенбай би ауылы

Бөгенбай би ауылы

Бөгенбай би ауылы — Ақмола облысы Зеренді ауданындағы ауыл, Викторов ауылдық округінің құрамында. Ге...
Алмас қажақты құрал

Алмас қажақты құрал

Алмас қажақты құрал (Алмазный абразивный инструмент) — кесу бөлігі байламмен бекітілген алмас ұнтағы...
Лабастид-Сезерак

Лабастид-Сезерак

Лабастид-Сезерак (фр. Labastide-Cézéracq) — Франциядағы коммуна. Аквитания аймағына қарасты Атлантик...