Ертіс
ертіс өзені, ертіс дарыны(T)
(T)
Ертіс бассейні
Ертіс (орыс. Иртыш, қыт. 额尔齐斯河) — Солтүстік Мұзды мұхит алабында жатқан өзен, Обь өзенінің сол жақ саласы.
Қазақстан жерінде Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары арқылы ағады. Жалпы ұзындығы 4248 км, оның 1698 км-і Қазақстан жерінде. Су жиналатын алабы 1643 мың км2.
Мазмұны
- 1 Бастауы
- 2 Гидрологиясы
- 3 Салалары
- 4 Дереккөздер
- 5 Сыртқы сілтемелер
Бастауы
Бастауын Алтай тауларының сілемі Бесбоғда (Қытай (Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы, Алтай аймағы) тауынан алады. Зайсан көліне дейінгі бөлігі – Қара Ертіс, көлден төмен қарай Ақ Ертіс немесе Ертіс деп аталады.
Гидрологиясы
Арнасы бастау жағында, негізінен, қар, мұз суымен, орта және төменгі ағыстарында қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады. Алабы Алтай тауларының оңтүстік-батысын, Тарбағатайдың солтүстік-батыс баурайын, Сарыарқаның солтүстік-шығысын, Ресей жерінде Сібір жазығы">Батыс Сібір жазығы мен Шығыс Орал етегін қамтиды.
Қазақ жерінде Ертіс ағынын Қатын, Қалба, Нарын, Тарбағатай және Сауыр жоталарынан, Құлынды даласынан жинайды. Көп жерінде тау сілемдерін тіле терең шатқалдар қалыптасқан. Бұл тұста жағаларының биіктігі 500 м-ге жетеді. Құлынды даласында өзеннің арнасы кеңейіп, жайылмасы пайда болады. Таулық аңғары (250 м биіктікке дейін) қылқан жапырақты орманды, оң жағы көбіне қарағайлы шабындықты келеді, осы тұстағы арнасының ені 100 – 150 м, Омбы қаласы тұсында 6 – 8 км, Тобыл қаласы тұсында 25 – 30 км-ге жетеді.
Ертісті бойлай кеме қатынасы бар (3600 км- ге жуық). Басты кемежайлары: Өскемен, Семей, Павлодар, Омбы, Тобыл, Ханты-Мансийск. 1953 жылы Ертісте Өскемен су электр станциясы (СЭС) салынған. Ертіс каскадындағы 3-саты Шүлбі СЭС-і бөгетінің құрылысы басталды. Ертіс алабының су энергетикалық ресурстарын игеру жылына 30 млрд. кв/сағ-қа дейін электр энергиясын бере алады. Ертістің суы Орталық Қазақстанды сумен қамтамасыз етуге және суландыруға арналған Ертіс-Қарағанды каналын қоректендіруге (75 м3/с су алынады) пайдаланылады. Ертіс сүйрік, сылан, бекіре, шортан, алабұға, елең және т.б. балықтарға бай. Сазан, табан, көксерке және байкал омулі жерсіндірілген.
Салалары
Қазақстандық бөлігіндегі басты салалары
- → Есіл
- → Тобыл
- → Бұқтырма
- → Шаған
- → Үлбі
- → Шар
- → Күршім
- → Үлкен Бөкен
- → Қалжыр
- → Нарын
- → Алқабек
- → Ұлан
- → Қайыңды
Ресей аумағындағы салалары
- →Вагай
- →Конда
- →Омь
- →Тара
- → Демьянка
Жылдық ағынын реттеу және электр энергиясын алу үшін өзен бойында Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі бөгендері салынған. Сарыарқа аймағындағы табиғи қорларды игеру мақсатында Ертіс-Қарағанды каналы тартылған. Көліктік маңызы зор, сағасынан 3784 км-ге дейін кеме қатынайды.
Дереккөздер
- ↑ http://www.ic.omskreg.ru/irtysh/rew.htm
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.
- ↑ Қазақ энциклопедиясы
Сыртқы сілтемелер
- Malimetter.kz Ертіс өзені реферат
ертіс астана, ертіс дарыны, ертіс дарыны олимпиада, ертіс көлбайұлы, ертіс көпір, ертіс нұрқасым, ертіс су алабы, ертіс телеканал, ертіс өзені, ертіс өзеніндегі көпір
Ертіс Туралы Ақпарат

-
Ертіс beatiful post thanks!
29.10.2014
Ертіс
Ертіс
Ертіс Сіз қарап жатырсыз субъектісі
There are excerpts from wikipedia on this article and video
Кездейсоқ Мақалалар
NGC 831
галактика Зерттелу тарихы Ашушы Альберт Март Ашылу уақыты 18 қараша 1863 Бақылау мәліме...Полтавка (Аққайың ауданы)
Полтавка – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл. Ауыл Полтава ауылдық округінің әкiмш...Бёмфельд
Бёмфельд (нем. Böhmfeld) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципа...NGC 4316
галактика Зерттелу тарихы Ашушы Вильгельм Темпель Ашылу уақыты 17 наурыз 1882 Бақылау м...іздеу жүйесі
Біздің сайт бар жүйесін функциялары іздеу жүйесі. Жоғары: "сіз іздеген?"сұрай аласыз барлық жүйесінде қорабы. Қош келдіңіздер, біздің қарапайым, стильную мен жылдам іздеу жүйесі бар, оны біз дайындады, сіздің ең нақты және өзекті ақпаратты.
Іздеу жүйесі үшін әзірленген сізге жеткізеді сізге ең өзекті және нақты ақпаратты қарапайым дизайнымен және жүйесімен жылдам жұмыс істеуі. Сіз дерлік кез келген ақпаратты іздесеңіз біздің сайтта. Қазіргі уақытта біз қызмет етеміз, тек қана ағылшын, түрік, орыс, украин, қазақ және белорус тілдерінде. Көп ұзамай жүйесіне қосылады жаңа тілдері. Өмір белгілі адамдар береді ақпарат, сурет және бейне туралы жүздеген тақырыптар, мұндай саясат, үкіметтік қайраткерлері, дәрігерлер, интернет-сайттар, өсімдіктер, технологиялық көлік құралдары, автомобиль және т. б.
Кездейсоқ Мақалалар
NGC 831
галактика Зерттелу тарихы Ашушы Альберт Март Ашылу уақыты 18 қараша 1863 Бақылау мәліме...Полтавка (Аққайың ауданы)
Полтавка – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл. Ауыл Полтава ауылдық округінің әкiмш...Бёмфельд
Бёмфельд (нем. Böhmfeld) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципа...NGC 4316
галактика Зерттелу тарихы Ашушы Вильгельм Темпель Ашылу уақыты 17 наурыз 1882 Бақылау м...© Copyright © 2014. іздеу жүйесі