Wed . 19 Dec 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Ертіс-Қарағанды каналы

ертіс-қарағанды каналы для, ертіс-қарағанды каналы онлайн
Ертіс-Қарағанды каналы (Канал Ертіс-Карағанды) , Павлодар және Қарағанды облыстары жерімен ағып өтеді.

Ертіс өзеніндегі кеме қатынасы

Қазақстандағы аса ірі су құрылыстарының бірі. Ертіс өзенінің су қорына негізделіп салынған. Құрылысы 1962 жылдан басталып, 1974 жылы канал іске қосылды. Ертіс өзенің сол жағасындағы Ақсу қаласы тұсынан басталып, Қарағанды қаласына таяп аяқталады. Жалпы ұзындығы 458 км. Оның 272 км-і Павлодар облысы, 186 км-і Қарағанды облысы жерінде. Арнасының беткі ені 40 м, табан ені 4 м, тереңд. 5 – 7 м. Канал бойындағы 22 су көтергіш станциялары суды 420 м биіктікке көтереді. Канал бойында, сондай-ақ 11 су торабы, 2 бөген, 17 көпір және автомобиль жолы салынған. Канал секундына 13 – 75 м3 су өткізеді. Жылдық су өткізетін көл. 2,5 млрд./м3, оның 0,94 млрд./м3-і Павлодар облысына, 0,35 млрд./м3-і Ақмола облысына, 1,21 млрд./м3 суы Қарағанды облысына таратылады. Су Ертіс жазығымен батысқа қарай 4 су көтергіш станциялары арқылы жіберіледі.

Қалқаман көлі тұсында ПавлодарАстана темір жолын кесіп, Сарыарқаның шоқылары арасымен ағып өтіп (175 км) Шідерті өзеніне жетеді. Бұл аралықта 6 су көтергіш станциялары суды 100 м биіктікке көтереді. Осы тұста Шідертінің арнасы 200 км бойы бөгендер мен тоғандар тізбегіне айналды. Ондағы су көтергіш станциялардың әрқайсысы суды төменгі бөгеннен жоғарғы бөгенге айдап, Шідерті өзерін кері ағызды. Су тағы да 200 м-дей биіктікке көтеріледі. Одан әрі канал Шідертінің сол жағасын бойлап, Нұра мен Шідерті өзенінің суайрығын кесіп өтеді. Бұдан кейін Ертіс-қарағанды каналының 80 км бөлігіндегі 6 су көтергіш станциялар суды 110 м биіктікке көтереді. Нұра аңғарына шығатын жерде еңіс басталады. Бұл тұста су Тұзды бөгеніне жіберіледі. Одан әрі Нұраның астынан салынған құбырлармен ағып өтіп, Қарағандыға таяу жерде аяқталады. Осы жерде салынған су тазарту станциясында сүзілген су құбыры арқылы Қарағанды қаласына жеткізіледі.

Ертіс суының қуаң Сарыарқа өңіріне келуі — тың жерлерді игеру процесін жалғастырды: жасанды су магистралы негізінде жаңа кеңшарлар мен қосалқы шаруашылықтар құрылып, суармалы алқаптардан мол өнім алынды. Ертіс-Қарағанды каналы республикасының ірі индустриялық орталықтары еңбекшілерін ауыл шаруашылығы өнімдерімен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Дереккөздер

  1. ↑ Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
  2. ↑ Қазақ энцклопедиясы
  3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.


ертіс-қарағанды каналы для, ертіс-қарағанды каналы онлайн, ертіс-қарағанды каналы россии, ертіс-қарағанды каналы т2


Ертіс-Қарағанды каналы Туралы Ақпарат

Ертіс-Қарағанды каналы


  • user icon

    Ертіс-Қарағанды каналы beatiful post thanks!

    29.10.2014


Ертіс-Қарағанды каналы
Ертіс-Қарағанды каналы
Ертіс-Қарағанды каналы Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Ертіс-Қарағанды каналы бұл, Ертіс-Қарағанды каналы кім, Ертіс-Қарағанды каналы сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Порте

Порте

Порте (итал. Porte) — Италиядағы коммуна, Пьемонт әкімшілік аймағына қарасты Турин провинциясын...
Патриотизм

Патриотизм

Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүддел...
Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин - 1927 жылы 11 мамырла Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданында туған. 2004 жылы 29 наур...
Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Диқан ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Мазмұны 1 Геогра...