Wed . 19 Jul 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Ерейментау

погода в ерейментау, ерейментау
Ерейментау - Ақмола облысындағы қала, Ерейментау ауданының орталығы (1955 жылдан), темір жол стансасы. Облыс орталығы - Көкшетау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 440 км, Ерейментау тауларының солтүстік-батыс баурайындағы бетеге, боз, сұлыбас, көде, айрауық өскен қызыл қоңыр және қара топырақты дала белдемінде орналасқан. Ерейментау арқылы республикалық маңызы бар Астана-Павлодар автомобиль жолы өтеді.

Мазмұны

  • 1 Тарихы
  • 2 Тұрғындар саны
  • 3 Таулы-орманды алқап
    • 3.1 Климаты
  • 4 Түсініктемелер

Тарихы

Іргесі 1948 жылы Ақмола-Павлодар (1953 жыл) және Ерейментау-Айсары (1965 жыл) темір жолдарын салуға байланысты қаланған. 1951 жылы ке, ал 1965 жылы қалаға айналып, тез дами бастады. Қалада темірбетон бұйымдары, қиыршықтас, әктас заттары, темір жол және автокөлік мекемелері, баспахана, 4 орта және 2 орталау мектеп, музыка және спорт мектептері, теміржолшылардың мәдениет сарайы, балалар мәдениет үйі, мәдениет-спорт кешені, кинотеатр, ауданы байланыс торабы, емхана, 2 аурухана, дәріхана, санатории-эпидемиоло стансасы бар.

Тұрғындар саны

2012 жылдың 1 сәуірінде Ерейментаудың тұрғындар саны 11 167 адам болды. Оның 5 479 еркектер, ал қалған 5 688 әйелдер

Таулы-орманды алқап

Ерейментау – Сарыарқаның солтүстігіндегі таулы-орманды алқап. Ақмола және Қарағанды облыстарының жерінде орналасқан. Абсолют биіктігі 901 м (Ақдің тауы). Таулы алқап оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 100 км-ге созылып жатыр. Енді жері 30 км-ге дейін жетеді. Тау Өлеңті және Шідерті өзендерінің суайрығы болып табылады. Жарық, Қарасу, Олжабай, Тұрғынбай өзендерінің салалары тау беткейлерінен басталады. Тауаралық аңғарларында шипалық ем болатын тұзды және тұщы (Тайбай) көлдер мен бұлақтар көп кездеседі. Жер қыртысы континенттік шөгінділер мен көмкерілген кембрийге дейінгі кварцит және метаморфтық эффузивті жыныстардан түзілген. Олар Ерейментау антиклинорийін құрайды. Шығыс беткейлері тіктеу жартасты келген, аз тілімденген, кейбір жерлерінде қорымтастар кездеседі.

Климаты

Климаты қатаң континенттік. Қысы суық, қары аз (20 см). Қаңтар айының орташа температурасы – 17°С, шілдеде 20°С. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 280 – 330 мм. Жер бетінде негізінен қызыл қоңыр, сортаңды күңгірт қызыл қоңыр топырақ қалыптасқан. Онда бетеге, сұлыбас, селеу, жусан, өзен-көл бойында қамыс, құрақ өскен. Тауаралық аңғарларында көктерек, қайың, үйеңкіден тұратын ормандар кездеседі. Орман ішінде және тау шатқалдарында қарағаш, тобылғы және жеміс-жидекті тоғай өскен. Өңірде орманды-дала белдемінің жануарлары (арқар, елік, ақ қоян, қарсақ, тиін, сарышұнақ, суыр, атжалман, қара күзен, түрлі тышқандар) мекендейді. Тауларында Ерейментау және Ақдөң қорықшалары орналасқан. Ерейментауда ірі қоңыр көмір кені барланған.

Түсініктемелер


ерейментау, ерейментауский район, погода в ерейментау, погода ерейментау


Ерейментау Туралы Ақпарат

Ерейментау


  • user icon

    Ерейментау beatiful post thanks!

    29.10.2014


Ерейментау
Ерейментау
Ерейментау Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Ерейментау бұл, Ерейментау кім, Ерейментау сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

NGC 831

NGC 831

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Альберт Март Ашылу уақыты 18 қараша 1863 Бақылау мәліме...
Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл. Ауыл Полтава ауылдық округінің әкiмш...
Бёмфельд

Бёмфельд

Бёмфельд (нем. Böhmfeld) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципа...
NGC 4316

NGC 4316

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Вильгельм Темпель Ашылу уақыты 17 наурыз 1882 Бақылау м...