Sat .19 Sep 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Енисей

енисей река, енисей красноярск
Енисей, Енесай (кырг. Эне сай, эвенкіше Иоанеси – үлкен су, өзен) — Жер шарындағы аса ірі өзендердің бірі. Ол Бий-Хем (Үлкен Е.) және Ка-Хем (Кіші Е.) өзендерінің Қызыл қ. (Тыва Республикасы) тұсында қосылуынан пайда болады. Батыс және Шығыс Сібір шекарасын бойлай, негізінен, [Ресейдің Красноярск өлкесі жерімен солтүстікке қарай ағып, Солтүстік Мұзды мұхиттың Кара т-ндегі Енисей шығанағына құяды. Ка-Хем бастауынан санағанда ұзындығы 4102 км, ал Бий-Хем өз-нің қосылған жерінен ұзындығы 3487 км. Су жиналатын алабының ауданы 2580 мың км², оның 328 мың км²-і Моңғолия жерінде. Енисейдің алабы, негізінен, таулы, көп жерін тайга, көп жылдық тоң алып жатыр. Аңғары мен арнасының құрылысына, ағысының сипатына және гидрологиялық режиміне қарай Енисей негізгі 3 бөліктен тұрады:жоғ. Енисей — Үлкен және Кіші Енисейдің қосылған тұсынан Батыс Саянның Минуса қазаншұңқырына шығар жеріне (Означенное айлағы) дейін, ұзындығы 474 км; орта Енисей — Означенное айлағынан Ангара өз-нің құйылысына дейін, ұзындығы 876 км; төменгі Енисей — Ангара өз-нен сағасына дейін, ұзындығы 2137 км. Енисей бұйраты сілемдерін кесіп өткен жерінде Казачинский және Осинов шоңғалдары бар. Абакан саласы құйғаннан кейін аңғарының ені 5 км-ге жетеді, арнасының ені 500 м-ден асады, ағысы баяулайды (2 м/с). Абаканның сағасынан төменде Красноярск бөгені басталады (ұзындығы 360 км, бөгет жанындағы тереңд. 100 м). Ангараның құйылысынан төмен қарай оң жағасы таулы, сол жағасы жайпақ. Төменгі Тунгускаға дейінгі аңғарының ені 10 — 20 км, кей жерлерінде 40 км-ге жетеді. Одан төмен аңғары кеңейе түсіп, арнасының ені 2 — 5 км-ге жетеді. Игарка қ. тұсындағы тереңд. 20 — 40 м. Төм. бөлігінде ұзындығы 300 км-дей болатын көптеген тармақтарға бөлінеді, олардың ең саяз жері 5 — 8,5 м. ҙзеннің негізгі салалары:Туба, Кан, Ангара, Подкаменная Тунгуска, Төменгі Тунгуска, Курейка (оң салалары); Абакан, Турухан (сол салалары).Е. қар, жаңбыр, жер асты суымен толығады. Суы көктемде көтеріліп, жазда тасиды. Жылдық орташа су ағыны Игарка қ. тұсында 18100 м³/с, сағасында 19800 м³/с. Қараша мен желтоқсан аралығында қатып, сәуірдің соңынан маусымның басына дейін мұзы ериді. Енисей алабында жалпы аудан 13,1 мың км² болатын 100 мыңнан астам көл бар. Өзен бойында Саян-Шушенск, Краснояр СЭС-тері және бірнеше бөген орналасқан. Бөгендерде және Красноярск қ-нан сағасына дейін кеме жүзеді. Енисей алабында Саян-Шушенск, Столбы қорықтары орналасқан. Енисейден түрке, майшабақ, сылан, мұқсын, сүйрік, бекіре, қортпа ауланады. Е. бойындағы басты қалалар:Қызыл, Саяногорск, Минусинск, Абакан, Дивногорск, Красноярск, Лесосибирск, Енисейск, Игарка, Дудинка.

Дереккөздер

енисей 1200, енисей википедия, енисей карта, енисей красноярск, енисей регион, енисей река, енисей счастливые люди, енисей фк, енисей хоккей с мячом, енисейские кыргызы


Енисей Туралы Ақпарат

Енисей


  • user icon

    Енисей beatiful post thanks!

    29.10.2014


Енисей
Енисей
Енисей Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Енисей бұл, Енисей кім, Енисей сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду (порт. Vila de Prado) — Португалиядағы елді мекен және аудан (фрегезия), Брага округін...
Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима (порт. Aveiras de Cima) — Португалиядағы аудан (фрегезия), Лиссабон округінің құрамы...
Шекшек Ата

Шекшек Ата

Шекшек Ата, Сексек ата — ешкі пірі, иесі. Дәстүрлі қазақ қоғамында әрбір түлік малдың пірі болған. Ш...
Бокхорст

Бокхорст

Бокхорст (нем. Bockhorst) — Германия Федеративтік Республикасының Төменгі Саксония жерінде орналасқа...

Кездейсоқ Мақалалар (searchxengine.com)

Украинаның Мемлекеттік көші-қон қызметі

Украинаның Мемлекеттік көші-қон қызметі

Украинаның Мемлекеттік көші-қон қызметі (украин Украинаның Украина мемлекеттік қызметі) орталық атқа
Гармаш-Роффе, Татьяна Владимировна

Гармаш-Роффе, Татьяна Владимировна

Татьяна СветловаТуған күні:4 қараша 1959-1959-11-04 58 жаста Туған жері:Мәскеу Азаматтығы:Азама
Қызыл Башқұртия

Қызыл Башқұртия

Красная Башкирия - Красная Башкирия - Абзелиловский ауданыБасқалар Красная Башқұртия - 1925-1951
Қант алақаны

Қант алақаны

Викимедиа бойынша жүйелі - СуреттерWikimedia Commons-тегі ITIS 506704 бойынша NCBI 145669 - қант