Mon . 19 Jul 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Екібастұз

екібастұз көмір кені, екібастұз туралы мәлімет
Екібастұз - Павлодар облысының оңтүстік-батысында орналасқан қала. 1898 жылы негізі қаланып, қала дәрежесін 1957 жылы алды.

Мазмұны

  • 1 Екібастұз деп аталу себебі
  • 2 Бұқаралық ақпарат құралдары
  • 3 Дереккөздер
  • 4 Түсініктемелер

Екібастұз деп аталу себебі

Осы өңірде тас көмір кені ашылғанға дейін, оның күншығыс жағында жатқан тұзды көл ерте заманнан бері «Екібастұз» деп мұрағаттық құжаттардан белгілі. Осыған байланысты кейін бұл жерден табылған тас көмір кені де, оның жанына орнаған қалашық пен қала да «Екібастұз» деп аталады.

Екібастұз қаласы өзінің жастығына қарамастан теңдесі жоқ алып кәсіпорындарымен бүкіл әлемге танымал болып отыр. Қысқа ғана мерзім ішінде Қазақстанның «қара алтынды» жерінде пайда болған қала біздің замандастарымыз үшін аты аңызға айналған қала болып отыр. Тек қана Екібастұзда тұңғыш рет Қазақстанда көптеген алдыңғы қатарлы технология өмірге келді, жаңа үлгідегі құрал-жабдықтар зерттелді.

Екібастұз қаласы - кеншілер мен энергетиктердің мақтанышы. Қала орасан зор, әлемдегі бай тас көмірімен танылып отыр. №1, 2-МАЭС- тердің іске қосылуы арқасында Екібастұз жылуэнергетикалық кешенінің ірі орталығы болып отыр. Бүгінгі таңда үш бірдей – «Богатырь», «Солтүстік» және «Шығыс» кеніштерінде көмір өндіріледі. Екібастұз көмірі Қазақстанның, Орал, мен Батыс Сібірдің электр станцияларының жұмыстарын үздіксіз қамтамассыз етіп отыр. Қала тек географиялық орнымен ғана емес,сонымен қатар тарихи ерекшелігіне байланысты қалыптасты. Екібастұз көмірі мен электр қуаты бүкіл аймақтың кәсіпорындар: Павлодар химия, мұнай , алюминий, трактор, Ақсу ферроқорытпа зауыттары - Екібастұздағы «қара алтынның» арқасында өркендеп отыр. Сондай-ақ Екібастұз көмірі Қазақстан мен Ресейдің арасын жалғастырушы буын болып табылады. «Шығыс» кеніші - әлемдік тәжірибеде тұңғыш рет бейімделген көмір қабаты жағдайында көлденең жатқан шектеулі қуатымен жобаланды және көмір шығарудың жаңа технологиясын енгізді.

Бұқаралық ақпарат құралдары

  • Екiбастұзда шығарады:
    • қазақ тiлiндегi «Отарқа» газеті
    • апталық «Голос Экибастуза»
    • ақпарат апталығы «Вести Экибастуза»
    • «Экибастузское обозрение» газетасы
    • «Деловой Экибастуз» журналы
    • жарнама хабар апталығы «Витрина»
  • 2 телеарналар: жұмыс iстейдi
    • «Екiбастұз қалалалық телеарнасы» (ЕҚТ) — 5-шi арна МВ
    • «Арта ТВ» — 32-шi арна ДМВ
  • 6 радиостанса бар:
    • «Павлодар» радиосы 102,1 МГц
    • «Русское радио — Азия» 102,6 МГц
    • «Love» радиосы 103.6 МГц
    • «NS» радиосы 104,2 МГц
    • «Ретро FM» радиосы 105,2 МГц
    • «Қазақ радиосы» 106,9 МГц

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы

Түсініктемелер

  1. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамы


екібастұз, екібастұз көмір кені, екібастұз туралы мәлімет, екібастұз қаласы


Екібастұз Туралы Ақпарат

Екібастұз


  • user icon

    Екібастұз beatiful post thanks!

    29.10.2014


Екібастұз
Екібастұз
Екібастұз Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Екібастұз бұл, Екібастұз кім, Екібастұз сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

IC 4089

IC 4089

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Вероника шашы Тура шарықтауы 13...
Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ) (нем. Niederhausen (Nahe)) — Германия Федеративтік Республикасының Рейнланд-Пфальц...
Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

 Басқа мағыналар үшін Қарашоқы деген бетті қараңыз. Қарашоқы тауы Координаттар: Координатта...
NGC 2139

NGC 2139

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Уильям Гершель Ашылу уақыты 17 қараша 1784 Бақылау мәлі...