Mon . 19 Oct 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Дәрі-дәрмек

дәрі дәрмек шикізаты, у дәрі дәрмек
Дәрі-дәрмек - емдік немесе алдын ала емдеу мақсатында колланылатын заттар немесе олардың қоспасы, ауруды емдеу және аурудан сақтандыру үшін қолданатын шипалы заттар.

Мазмұны

  • 1 Тарихы
  • 2 Дәрі-дәрмектін алынуа байланысты жіктелуі
  • 3 Дәрі-дәрмектін қолдануына байланысты жіктелуі
  • 4 Дәрі-дәрмектің жасалуы
  • 5 Дәрі-дәрмектің әсері
  • 6 Дәрі-дәрмектерді қолдану шарттары
  • 7 Дәрі-дәрмек сот медицинасында
    • 7.1 Дәрі-дәрмекпен улануды техникалық криминалистикалық дәлелдеу.
  • 8 Дереккөздер

Тарихы

Дәрі-дәрмек адам баласына ертеден белгілі. Біздің жыл санауымыздан 4-5 ғ. бұрын грек дәрігері Гиппократ еңбегі жұртшылыққа кеңінен тараған. Бұдан кейінгі медиуиналық еңбектер Рим дәрігері Галеннің есімімен тығыз байланысты. Оның пікірінше, табиғатта дайын тұрған Дәрі-дәрмек жоқ, бірақ өсімдік пен жануар организмінде сол Дәрі-дәрмектерді жасауға өте қажетті заттар бар. Гален сол шипалы заттарды бөліп ала бастады. Сөйтіп Дәрі-дәрмек жасау технологиялық әдісі күрделене берді. Атақты азиялық ғалым-дәрігер Ибн Синаның ғылыми мұра еңбегінде Дәрі-дәрмек мәселелеріне зор мән берілген.

19 ғ-дың ортасында Фармокология ғылымы дамыды. Осыған байланысты аспирин, фенацитин, кокаин, ұйықтататын, сезімсіздендіретін Дәрі-дәрмектер т.б. шыға бастады.

Дәрі-дәрмектін алынуа байланысты жіктелуі

Дәрі-дәрмектін алынуа байланысты 5 топқа бөлінеді:

  1. химиялық синтез өнімі
  2. тірі организмнен алынатын (антибиотиктер, кейбір витаминдер)
  3. дәрілік өсімдіктерден
  4. жануарлардан (гормональді, ферментті препараттар)
  5. мұнай, минералды тұздар, тас көмір т.б. жасалатын Дәрі-дәрмектін алынуа байланыстытер

Дәрі-дәрмектін қолдануына байланысты жіктелуі

Қолдануына байланысты Дәрі-дәрмек бірнеше топқа бөлінеді. Мысалы, антибиотиктер, антисептикалық Дәрі-дәрмектер, қызу басатын Дәрі-дәрмектер, наркоз дәрілер, т.б. Бұл жіктелуді фармокологиялық жіктелуідеп атайды.

Бұдан басқа Дәрі-дәрмектер қолдану тәсіліне байланысты (ішке, сыртқа, тамырға құйылатын, бұлшық етке салынатын т.б.), шығару қалыпына байланысты (ұнтақ, таблетка, пилюля, микстура, тұнба, тұндырма, ерітінді, паста, крем, май тәрізді т.б.), т.б. жіктеледі.

Дәрі-дәрмектің жасалуы

Дәрі-дәрмектер фармацевтика зауыттарында жасалады, дәріханаларда дайындалады.

Дәрі-дәрмектің әсері

Дәрі-дәрмектің науқас адамға әсер ету күші оның құрамына және науқасың жасына, жалпы жағдайына байланысты.

Дәрі-дәрмектерді қолдану шарттары

Дәрі-дәрмектерді дәрігердің рұқсатымен белгілі мөлшерде тамақтану алдында немесе кейін пайдалану керек. Бір науқасқа белгіленген Дәрі-дәрмекті басқа адам пайдалануға болмайды. Дәрігерді рұқсатысыз пайдаланған Дәрі-дәрмек адам организміне зиян келтіреді. Дәрі-дәрмекті үйде сақтағанда, бабалар ала алмайтын жерге қою қажет. Пайдалану мерзімі өткен дәріні тастау керек.

Дәрі-дәрмек сот медицинасында

Сот медицинасында дәрі-дәрмектер адамдарға психикалық немесе физикалық әсер ету кабілетіне ие болды. Өз-өзіне қол салу мен өлтіру кезіндегі өлім себебі сапасына дәрі-дәрмек үлесінің маңызы зор болғанымен, бірак барлық осындай жағдайларда денсаулыққа зиян келтіру немесе өлімге душар ету негізгі мақсат болып табылмайды. Негізгі сарын өзінікі сияқты, өзге біреудін мінез-құлқына,допинг немесе есірткіні пайдалана отырып, белгілі бір деңгейде әсер ету аркылы, оны психотропты немесе есірткілік заттардың көмегімен бағынышты, тәуелді немесе еркінен айыру көзделеді. Дәрі-дәрмектер тудырған әсерлер, көп жағдайда басқа қылмыстық әрекеттер кезінде, әсіресе автокөлік қылмыстарында маңызды рөл ойнайды. Бұл жағдайда дозаны асыра қолдану, не оның болмауы немесе шүғыл кажетдәрі-дәрмекті бермеу елеулі маңызға ие болады.

Дәрі-дәрмекпен улануды техникалық криминалистикалық дәлелдеу.

Дәрі-дәрмекпен улануды техникалық криминалистикалық дәлелдеуі көп қиындықтармен тығыз байланысты. Оқиға орнында табылған дәрі қораптары мен улану белгілері кұнды деректер бере алады. Әйтсе де көп жағдайларда, материалды соттық-химиялық зерттеу кезінде белсенді заттар мөлшерінің тым аз болатыны соншалықты, зиянын тигізген компонентті ұзақ уакытқа созылған, күрделі сараптаулар нәтижесінде ғана байқап, анықтау мүмкін болады.


Дереккөздер

  1. ↑ Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық.- Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6

дәрі дәрмек, дәрі дәрмек шикізаты, у дәрі дәрмек


Дәрі-дәрмек Туралы Ақпарат

Дәрі-дәрмек


  • user icon

    Дәрі-дәрмек beatiful post thanks!

    29.10.2014


Дәрі-дәрмек
Дәрі-дәрмек
Дәрі-дәрмек Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Дәрі-дәрмек бұл, Дәрі-дәрмек кім, Дәрі-дәрмек сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Итмұрын (айрық)

Итмұрын (айрық)

Итмұрын: Итмұрын — раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктер: ...
Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен (нем. Ermershausen) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан ...
Эльтман

Эльтман

Эльтман (нем. Eltmann) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан қала. Төме...
IC 2921

IC 2921

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Арыстан Тура шарықтауы 11h ...