Wed . 18 Nov 2018

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы(ДДСҰ) – 1946 жылы БҰҰ-ның жанынан құрылған халықаралық медициналық мекеме. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жарғысында бекітілген негізгі мақсаты — жер бетіндегі барлық халықтардың денсаулығын жақсартуға қол жеткізу. ДДСҰ-ның жарғысы қабылданған күн (1948, 7 сәуір) Дүниежүзілік денсаулық қорғау күні болып аталады.Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жоғары органы — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы. Ассамблея Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жұмыс бағытын анықтап, Бас директорын (5 жылға) тағайындайды. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының орта әкімшілік органы — Хатшылық (штаб пәтері Женева қаласы; Швейцария). Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымына 192 мемлекет мүше (2000). Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымына 1992 жылы 19 тамызда мүше болып қабылданды (Еуропа аймақтық ұйымына кіреді). Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы 6 аймақтық ұйымнан (олардың атқару органдары — аймақтық бюро) тұрады: (аймақтық бюросы — Копенгаген қаласында, Дания); Африкалық (Браззавиль қаласы; Конго); Жерорта теңізінің шығыс бөлігі (Александрия қаласы, Египет); Оңтүстік-Шығыс Азиялық (Нью-Дели қаласы, Үндістан); Тынық мұхит жағалауының батыс бөлігі (Манила қаласы, Филиппин) және америкалық (Вашингтон қаласы, АҚШ). Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының жұмысының негізгі бағыттары: жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен күрес жүргізу, оған мүше елдердің денсаулық сақтау жүйесі мен қызметін дамыту, маман дәрігерлер дайындау, медицина статистика есеп жүргізу (мысалы, ауру түрлері мен одан қайтыс болу себептерін халықаралық деңгейде саралап жүйелеу, адамдардың денсаулығы туралы мәліметті тарату, т.б.), дәрілік препараттардың дайындалуын жіті қадағалау, медицинаның маңызды мәселелерін шешуде ғылым зерттеулер жүргізуді қолдау, т.б. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының сәтті аяқталған халықараралық жобаларына дүние жүзінде безгек және шешек ауруларын жою бағдарламасы жатады. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы, сондай-ақ, туберкулезбен, жыныстық қатынас арқылы берілетін аурулармен, паразиттік, жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен (мысалы, жүрек-қантамыр, қатерлі ісік, психикалық аурулар, т.б.) күрес жүргізу бағдарламаларын іске асыруда. 1978 жылы Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы мен БҰҰ-ның балалар қоры (ЮНИСЕФ) ұйымдастырған Алматы халықараралық конференциясында 20 ғасырдағы Денсаулық сақтау ісінің хартиясы аталған “Алматы декларациясы” қабылданды. 1979 жылы Өлкелік патология ғылым-зерттеу институты (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғылым-зерттеу ортлық) жанынан Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымымен бірлесіп жұмыс істейтін алғашқы медицина-санитариялық көмек жөніндегі Халықараралық орта ашылды. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы бюджетінің негізін оған мүше елдерден жүйелі түрде жиналатын жарналары құрайды.

БҰҰ-дың Деңсаулық сақтау мәселелері жөніндегі бүкіл дүниежүзілік Ұйымы (БДҮ) (World Health Organization)

  • 1946 жылы құрылған.
  • Қатысушылар — БҰҰ-ға мүше мемлекеттер.
  • Мақсаты — қоршаған ортаға жағымсыз ықпал-әсерлерді бақылау және басқару арқылы адам денсаулығын қорғау және жақсарту.
  • Негізгі кызметі — қоршаған ортаны сауықтыру жөнінде шаралар өткізу, соның ішінде химиялық препараттарды пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ластану деңгейін бағамдау және бақылау, радиоактивтік сәулеленуден қорғау, климаттың өзгерістерінің адамның денсаулығына ықпал-әсерін бағамдау, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғаудың ғаламдық стратегиясын талдап-белгілеу.
  • Мекен-тұрағы — Швейцария, Женева.
Женевадағы штаб-пәтері

Тағы қараңыз:

  • Біріккен Ұлттар Ұйымы
  • Әлемдік экономикалық бағдарламалар
  • БҰҰ-ның даму жөніндегі бағдарламасы
  • Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық және республикалық қызмет

Дереккөздер

    • Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
    • ↑ Қазақ энцклопедиясы

    дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы


    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Туралы Ақпарат

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы


    • user icon

      Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы beatiful post thanks!

      29.10.2014


    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Сіз қарап жатырсыз субъектісі
    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кім, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сипаттамасы

    There are excerpts from wikipedia on this article and video

    Кездейсоқ Мақалалар

    Омар

    Омар

    45 Һ дейін (579 Гр) Туған жері: Мекке Қайтыс болған уақыты: 26 Зул-Хиджа 23 Һ (6 Қазан 644 Г...
    Omega Pharma-Quick Step

    Omega Pharma-Quick Step

    Omega Pharma-Quick Step (UCI Team Code: OPQ) — UCI ProTour статусы бар бельгиялық кәсіби тас жол вел...
    Сасықкөл көлі (Қарағанды облысы)

    Сасықкөл көлі (Қарағанды облысы)

    Сасықкөл - Қарағанды облысы Шахтинск қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 8 км жерде, Мичурин ауданының...
    Көкқайнар (Жамбыл облысы)

    Көкқайнар (Жамбыл облысы)

    Көкқайнар – Жамбыл облысы, Шу ауданындағы ауыл, Көкқайнар ауылдық әкімшілік округі орталығы. Аудан о...