Thu . 19 Nov 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Дунай

дунай, дунай на карте
 (T)

Сағасы Қара теңіз  · Биіктігі 0 м  · Координаттары Координаттар: 45°13′19″ с. е. 29°44′36″ ш. б. / 45.221944° с. е. 29.743333° ш. б. (G) (O) (Я)45.221944, 29.74333345°13′19″ с. е. 29°44′36″ ш. б. / 45.221944° с. е. 29.743333° ш. б. (G) (O) (Я)

 (T)

Орналасуы
Дунай бассейні Ел Германия, Аустрия, Словакия, Венгрия, Хорватия, Сербия, Болгария, Румыния, Молдавия, Украина Ортаққордағы санаты: Дунай

Дунай (нем. Donau , маж. Duna, xорв. Dunav, чех. Dunaj, рум. Dunarea) — Батыс Еуропадағы ең ірі өзен. Ұзындығы 2850 км, су жиналатын алабы 817 мың км². Шварцвальд тауынан (Германия) 1000 м биіктікте басталып, Қара теңізге құяды. Дунай Германия, Австрия, Болгария, Венгрия, Румыния, Югославия, Словакия жерімен, аздаған бөлігі Чехия, Словения, Хорватия, Швейцария, Италия, Польша, Украина, Молдова жерімен ағып өтеді. Жоғары ағысында (Венаға дейін) Бавар таулы үстіртінің шетімен, Чех массиві мен Шығыс Альпі аралығында тар әрі терең аңғармен ағады. Арнасының ені Ульм қаласына (Германия) дейін 20 — 100 м, одан төменде 100 — 350 м. Бұл бөлігінде Дунайға Альпідегі мұздықтардан бастау алатын көптеген мол сулы салалар қосылады. Орта ағысында (Венадан “Темір қақпа” шатқалына дейін) Орта Дунай ойпатын басып өтеді. Жазыққа шыққаннан кейін өзеннің аңғары кеңейеді (5 — 20 км), ағыны баяулайды.

Карпат тауларының тұсында өзен “Темір қақпа” деп аталатын тар шатқалдан өтеді. Төмен Дунай ойпатында өзен арнасы жайылып (кей жерлерде ені 1 — 2 км-ге жетеді) тарамданады. Қара теңізге құяр атырауында Дунай арнасы үш тармаққа бөлінеді. Көп жерінде Дунайдың жағасы дамбымен бекітілген. Көктемде ұзақ тасиды, жаздың 2-жартысында деңгейі төмендейді, күзгі жаңбырдан кейін тасқындар өтеді, қайта сабасына түседі. Орташа жылдық су ағыны сағасында 6430 м³/с. Қыс қатты болған жылдары ғана 1 — 1,5 айға қатады. Дунайдың 300-ден астам саласы бар. Ең ірі салалары: оң жағында — Инн, Драва, Сава, Морава (Югославия), сол жағында — Морава (Чехия), Тиса, Олт, Сирет және Прут.

Дунай орталық және оңтүстік-шығыс Еуропа елдерінің көлік байланысында маңызды орын алады. Ульм қаласынан атырауына дейін кеме қатынайды. Рейн өзеңі жүйесімен кеме жүретін каналмен байланысқан. Дунай және оның салалары электр энергиясын өндіруге, қалалар мен өнеркәсіп орталықтарын сумен жабдықтауға, жер суғаруға кеңінен пайдаланылады. Төмен ағысында балық ауланады. Дунай бойындағы ірі қалалар: Регенсбург (Германия), Линц, Вена (Австрия), Братислава (Словакия), Будапешт (Венгрия), Нови-Сад, Белград (Югославия), Русе (Болгария), Брэнла, Галац (Румыния), Измаил (Украина).

Дереккөздер

  1. ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9


дунай, дунай в древности, дунай измаильский, дунай мөрөн, дунай на карте, дунай памятник туфлей, дунай река, дунай україна, дунайские волны, дунайский салат


Дунай Туралы Ақпарат

Дунай


  • user icon

    Дунай beatiful post thanks!

    29.10.2014


Дунай
Дунай
Дунай Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Дунай бұл, Дунай кім, Дунай сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Итмұрын (айрық)

Итмұрын (айрық)

Итмұрын: Итмұрын — раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық өсімдіктер: ...
Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен

Эрмерсхаузен (нем. Ermershausen) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан ...
Эльтман

Эльтман

Эльтман (нем. Eltmann) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан қала. Төме...
IC 2921

IC 2921

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Арыстан Тура шарықтауы 11h ...