Mon . 19 Aug 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Доминика

доминикана, доминиканска република
 Басқа мағыналар үшін Доминика (айрық) деген бетті қараңыз.

Доминика Достастығы
Commonwealth of Dominica
Байрақ Елтаңба
Ұран: «Après le Bondie, C'est la Ter (патуа , Құдайдан кейін Жерді сүйеміз»
Доминика ұлттық әнұраны
Тәуелсіздік күні 3 қараша 1978 (Ұлыбританиядан)
Ресми тілі ағылшын
Елорда Розо

Розо

Үкімет түрі Парламенттік республика
Президент
Премьер-министр
Чарльз Саварин
Рузвельт Скеррит
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 172-орын
754 км²
1,6
ЖІӨ
  • Қорытынды (2005)
  • Жан басына шаққанда

384 млн. $ (209)
5970 $
Валютасы Шығыс кариб доллары (XCD, код 951)
Интернет үйшігі .dm
ISO коды DM
ХОК коды DMA
Телефон коды +1-767
Уақыт белдеуі 4

Координаттар: 15°25′24″ с. е. 61°20′18″ б. б. / 15.423333° с. е. 61.338333° б. б. (G) (O)15.423333, -61.338333

Доминика, Доминика Достастығы - Кариб теңізіндегі Кіші Антиль аралдар тобындағы Доминика аралында орналасқан мемлекет. Доминиканың солтүстік-батысында Гваделупа, ал оңтүстік-шығысында Мартиника орналасқан. Аумағы 754 км² болатын аралдағы тұрғындар саны - 72500. Астанасы - Розо қаласы.

Мазмұны

  • 1 Географиясы
  • 2 Саяси құрылымы
    • 2.1 Мемлекеттік құрылым
  • 3 Әкімшілік бөлініс
  • 4 Халқы
  • 5 Табиғат жағдайы
  • 6 Экономикасы
  • 7 Білім беру жүйесі
  • 8 Дереккөздер
  • 9 Сыртқы сілтемелер

Географиясы

Толық мақаласы: Доминика Географиясы

Доминика - жанартаулық арал. Ол таулы, аумағында бірнеше жанартаулары бар. Ең биігі - Дьяблотен (1447 м) жанартауы аралдың ең биік нүктесі болып табылады. Қазіргі кезде Доминикада сөнбеген жанартаулар жоқ, бірақ жанартаулық іс-әрекетті гейзерлер, ыстық бұлақтар, қайнаулы суы бар шағын көлдерден байқауға болады. Жағалаулары - қара және сары құмды жағажайлар. Доминиканы кейде "Кариб теңізі табиғатының аралы" деп аталуынан-ақ, оның табиғи сұлулығын байқауға болады. Доминика - Кіші Антиль аралдар тобындағы жанартаулық іс-әрекеттен пайда болған аралдардың ішіндегі ең жасы. Аралда кейбір сирек кездесетін эндемиктердің, құстар мен жануарлардың үйі болып саналатын табиғаты алуан түрлі тропикалық ормандар бар. Аралдық ұлттық құсы - Sisserou попугайы ел байрағында белгіленген. Доминика экономикасы, көбінше, ауыл шаруашылығы мен туризм салаларына тәуелді. Христофор Колумб аралды оны ашқан күннің құрметіне, жексенбі (лат. Dominicus) 3 қараша 1493 жылы деп атаған. Келесі ғасырлар бойы Доминика қалған әлемнен шеттетілген күйінде қала берді. Арал аумағында өз билігін жариялаған Франция 1763 жылы иелікті Біріккен Корольдікке берді. Біріккен Корольдік Доминиканы 1805 жылы толықтай коллонияға айналдырды. 1838 жылы Доминика алғаш британдық карибтік коллонияға айналды. 1958-1962 жылдар аралығында Доминика ғұмыры ұзақ болмаған Вест-Индия Федерациясының құрамдас бөлігі болды. 1978 жылы Доминика Достастығы толықтай тәуелсіз мемлекет болды.

Саяси құрылымы

Мемлекеттік құрылым

Республика, президентті парламент таңдайды. Парламент 32 депутаттан құралады, оның ішінде 21-і жалпыхалықтық сайлау арқылы таңдалады, 9-ы тағайындалады, және 2-ерекше қызмет. Негізгі саяси партиялары:

  • Доминика Еңбек Партиясы (солшылдар) - 18 депутат
  • Біріккен Жұмысшылар Партиясы (центристтер) - 3 депутат

Тағы да парламентке енбеген Доминика Еркіндік Партиясы, Доминика Халықтық қозғалысы сияқты партиялар бар. 2008 жылы Доминика ALBA (Alternativa Bolivariana para las Americas) ұйымына кірді. Ол ұйымға бұрынырақ қатаң антиамерикалық саясат ұстанатын Венесуэла, Куба, Боливия, Гондурас және Никарагуа кірген болатын.

Әкімшілік бөлініс

Доминика он иелікке бөлінген:

  1. Сент-Эндрю
  2. Сент-Дэвид
  3. Сент-Джордж
  4. Сент-Джон
  5. Сент-Джозеф
  6. Сент-Люк
  7. Сент-Марк
  8. Сент-Патрик
  9. Сент-Пол
  10. Сент-Питер

Халқы

Халық саны — 72,8 мың (2010 жыл, шілде). Жылдық өсу пайызы — 0,2 % . Орташа өмір сүру ұзақтығы — ер адамдарда 73 жас, әйелдерде 79 жас. Қала тұрғындары — 74 %. Ересек тұрғындардың сауаттылығы — 94 % ( 2003). Ұлттық-нәсілдік құрамы: негрлер — 86,8 %, мулаттар — 8,9 %, үнді-кариб — 2,9 %, ақтар — 0,8 %, басқалары — 0,7 % ( 2001 жылғы жазбалар бойынша).

Діндер: католиктер — 61,4 %, жетінші күн адвентисттері — 6 %, елуліктер — 5,6 %, баптисттер — 4,1 %, методисттер — 3,7 %, Құдай шіркеуі — 1,2 %, Иегова— 1,2 % , өзге христиандықтар — 7,7 %, растафариандықтар — 1,3 %, басқалары — 1,6 %, атеисттер — 6,1 % (2001 жылғы жазбалар бойынша).

Мемлекеттік тіл - ағылшын тілі, француз тіліне ұқсас жергілікті патуа тілі де кең таралған.

Табиғат жағдайы

Елдің жер бедері таулы. Аралда бірнеше сөнбеген жанартау бар. Дьяблотен жанартауы (1147 м) — Доминиканың ең биік нүктесі. Аралда ыстық көлдер бар. Тау бөктерлерінен ұсақ өзендер мен бұлақтар ағып жатыр.
Доминика тропиктік, пассаты, өте ылғалыды климаттық белдеуде жатыр. Жылдық орташа температура +25°С — +28°С. Шілдеден қазанға дейін жаңбырлы маусым, жылдық жауын шашын мөлшері 1500-2000 м.
Аралдың табиғи ресурстары: қыш, пемза (кеуек тас), әк.

Экономикасы

Доминика экономикасының негізін ауыл шаруашылығы құрайды. Ауыл шаруашылығының негңзгі дақылдары: какао, сабын, банан, цитрусты жемістер.
Импорт: көлік құралдары, электр құралдары, минералды жанармай, өнеркәсіп өнімдері, халақ тұтынатын тауарлар, азық-түлік.
Негізгі экономикалық әріптестері: АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Нидерланды, Жапония, Оңтүстік Корея, Тринидад, Тобаго және т.б.
Ақша бірлігі — шығыс кариб доллары.

Білім беру жүйесі

Аралдың Клифтон Дупинг Колледжі деп аталатын өз мемлекеттік колледжі бар. Кейбір доминиктіктер жоғарғы білімді Кубада алады. Басқалары жоғарғы білімді Вест-Индия немесе Біріккен Корольдік, Біріккен Штаттарында немесе сапалы жоғарғы білім бере алатын басқа елдерде оқиды. Росса Университеті, әскери-медициналық мектеп, Портсмутте орналасқан. Доминикада білімге байланысты арнайы мейрам да бар: ұлттық сауаттылық күні

Дереккөздер

  1. ↑ United Nations Development Programme

Сыртқы сілтемелер

  • Доминика DMOZ каталогында

доминика, доминика имя, доминика цибулкова, доминикана, доминикана википедия, доминикана карта, доминикана на карте мира, доминикана отдых, доминикана фото, доминиканска република


Доминика Туралы Ақпарат

Доминика


  • user icon

    Доминика beatiful post thanks!

    29.10.2014


Доминика
Доминика
Доминика Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Доминика бұл, Доминика кім, Доминика сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

 Басқа мағыналар үшін Ақши деген бетті қараңыз Ақши — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдіг...
Тайланд

Тайланд

Координаттар: 14°27′00″ с. е. 100°56′00″ ш. б. / 14.45° с. е. 100.933333° ш. б...
Динан (Кот-д'Армор)

Динан (Кот-д'Армор)

Динан (фр. Dinan) — Франциядағы коммуна. Бретань аймағына қарасты Кот-д'Армор департаментінде орнала...
Ер Тарғын көшесі (Астана)

Ер Тарғын көшесі (Астана)

Бұрынғы атауы №20 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ер Тарғын көшесі Арқайым көшесінен бас...

Кездейсоқ Мақалалар (searchxengine.com)

Никонов, Константин Петрович

Никонов, Константин Петрович

Константин Петрович Никонов 14 сәуір 1844 - 10 мамыр 1915, Санкт-Петербург - Ресейлік адмирал, Балты
Куйтун ауданы

Куйтун ауданы

Ресей Ресей мәртебесі муниципалдық ауданы Иркутск облысы енгізілген 21 муниципалитетов қаланың
Черноморочка

Черноморочка

Алексей Коренев басқарған комедия - Сценарий авторы - Евгений Помещиков Басты рөлдерде - Светлана Ж
Қызыл Башқұртия

Қызыл Башқұртия

Красная Башкирия - Красная Башкирия - Абзелиловский ауданы Басқалар Красная Башқұртия - 1925-1951