Sun . 19 Aug 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Диуану лұғат-ит-түрк


Диуану лұғат-ит-түрк — Қашғарлы Махмұд 1072-1074 жылдары Бағдат қаласында жазған түркіше-арабша сөздік. Ол түркі тілдері бойынша ең ауқымды және ең маңызды ежелгі тіл жәдігері. Оның қолжазба нұсқасы 638 беттен тұрады, онда 9000-нан астам түркі сөзінің араб тіліндегі егжей-тегжейлі түсіндірме-аудармалары қамтылған. Түркілердің тарихы, жағырапиялық таралуы, тайпалары, диалектілері және дәстүрлеріне бойынша қосымша мәліметтер берілген.

Классикалық араб лексикографиясының қағидалары бойынша дайындалған бұл сөздік Қашғарлы Махмұттың түркі тілі туралы білімінің ауқымдылығын ғана емес, араб филологиясы ғылымы бойынша дайындығының да көлемді екендігін айғақтайды.

Сөздіктің қазір бізге келіп жеткен жалғыз ғана жазба нұсқасы 1266 Дамаск (Шам) қаласында жаңадан көшіріліп жазылып, оны тек 1915 жылы ғана Әли Емірі ефенді Ыстамбұл қаласында кездейсоқ тауып алады. (Одан бұрынғы ғасырларда Антеплі Айни және Кәтіп Челеби сияқты ғалымдар сондай кітаптың бар екендігі туралы айтқан болатын.) Әли Емірінің көшірмесі 1917 жылы Талат пашаның (1874-1921) қолдауымен және Кіліслі Рифат білгенің (1873-1953) бақылауымен басылып шығып, бүкіл дүние жүзінің түркологтарының назарын өзіне аударды. 1928 жылы түрколог Карл Брокельманн сөздіктің егжей-тегжейлі түсініктемелермен жабдықталған алман тіліндегі аудармасын жариялады. Бесім Аталайдың қазіргі түрік тіліне аудармасын 1940 жылы Түрік тілі қоғамы басып шығарды. Соңғы жылдары шыққан Данковтың аудармасында соңғы ғылыми деректердің негізінде жасалған жаңа өзгерістер орын алған.

Мазмұны

  • 1 Сөздіктің алғы сөзінен үзінді
  • 2 Сөздіктің түркі халықтары үшін маңызы
  • 3 Дереккөздер
  • 4 Сыртқы сілтемелер

Сөздіктің алғы сөзінен үзінді

Түркі тайпаларының қоныстануын және көршілес басқа халықтардың орналасуын көрсететін сөздіктегі карта. Мен Тәңірінің дәулет ұясын түріктер бұржысында (жұлдызында) жаратқандығын және ғарышты солардың заманы үстінде айналдырғанын көрдім. Тәңірі оларды «Түрік» деп атадыжәне оларды мемлекетке еге қылды; заманымыздың хақандарын түріктерден шығарып, дәуір, халықтың ақыл-ерік тізгінін солардың қолдарына ұстатты; оларды адамдарға бас қылды; хақ істерде соларды қолдады; олармен бірге күрескендерді әзіз қылды әрі түріктер ішінен оларды барша тілектеріне жеткізіп, жамандардан, зұлымдардан қорғады. Түріктердің оқтарынан сақтану үшін, олардың жолын берік тұту әрбір ақыл иесіне лайықты уа парыз іске айналды. Өз дертін айту уа түріктерге жақын болу, жағу үшін оларға түрік тілінде сөйлесуден пайдалы жол қалмады. Кім өз дұшпандарынан ажырап, түріктерге сағынып, мұңайып келсе, оларды түріктер қанатының астына алып, қауіптен құтқарады; олармен бірге басқалар да қамқорлық, пана табады.

Сөздіктің түркі халықтары үшін маңызы

Түркі тілін неге үйрену керектігін ол былай түсіндіреді:

"Бір бұхаралық ғалым мен Нисапурлық басқа бір ғалымның тәңір әзіз көрген Пайғамбарымыздан дәлел келтіріп айтқан төмендегі сөздерін анық естіген едім: Пайғамбарымыз қиямет белгілері, ақырзаман бітінәләрі және оғыз түріктерінің жорыққа шыққандығы туралы айтқанда: «Түрік тілін үйреніңіздер, сонда олардың егелігі ұзақ дәуірлі болмақ,» — деген екен. "Бұл хадистің (қағида сөздің) дұрыс-бұрыстығына сол айтушы кісілердің өздері жауапкер. Бұл сөз шын болса, түрік тілін үйрену уәжіп, білген абзал, шын болмаған жағдайда, түрік тілін үйренудің зияндылығын ақыл ажыратар.

Дереккөздер

  1. ↑ “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
  2. ↑ Махмұт Қашқари, «Түрік тілінің сөздігі»: (Диуани лұғат-ит-түрік): 3 томдық шығармалар жинағы / Қазақ тіліне аударған, алғы сөзі мен ғылыми түсініктерін жазған А. ЕГЕУБАЙ. — Алматы: ХАНТ баспасы, 1997, 1-том, 30 б. ISBN 5-620-00890-8
  3. ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Сыртқы сілтемелер

  • Сөздіктегі сөздердің тізімі және олардың түрік тіліне аудармасы
  • Kaşgarlı Mahmut ve Divanü Lugat'it-Türk, Kültür Bakanlığı e-kitap (pdf)
  • 2008 — Қашғарлы Махмұд Жылы
  • Kitabu Cevahiri'n Nahv Fi Lugati't Türk - Türk Dilinin İlk Gramer Kitabı(Ödül)



Диуану лұғат-ит-түрк Туралы Ақпарат

Диуану лұғат-ит-түрк


  • user icon

    Диуану лұғат-ит-түрк beatiful post thanks!

    29.10.2014


Диуану лұғат-ит-түрк
Диуану лұғат-ит-түрк
Диуану лұғат-ит-түрк Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Диуану лұғат-ит-түрк бұл, Диуану лұғат-ит-түрк кім, Диуану лұғат-ит-түрк сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

 Басқа мағыналар үшін Ақши деген бетті қараңыз Ақши — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдіг...
Тайланд

Тайланд

Координаттар: 14°27′00″ с. е. 100°56′00″ ш. б. / 14.45° с. е. 100.933333° ш. б...
Динан (Кот-д'Армор)

Динан (Кот-д'Армор)

Динан (фр. Dinan) — Франциядағы коммуна. Бретань аймағына қарасты Кот-д'Армор департаментінде орнала...
Ер Тарғын көшесі (Астана)

Ер Тарғын көшесі (Астана)

Бұрынғы атауы №20 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ер Тарғын көшесі Арқайым көшесінен бас...

Кездейсоқ Мақалалар (searchxengine.com)

Куйтун ауданы

Куйтун ауданы

Ресей Ресей мәртебесі муниципалдық ауданы Иркутск облысы енгізілген 21 муниципалитетов қаланың
Украинаның Мемлекеттік көші-қон қызметі

Украинаның Мемлекеттік көші-қон қызметі

Украинаның Мемлекеттік көші-қон қызметі (украин Украинаның Украина мемлекеттік қызметі) орталық атқа
Джером (Шурыгин)

Джером (Шурыгин)

Архимандрит Джером әлемдегі Виктор Ф. Шурыгин; 17 қараша 1952, Свердлов ауданы, Кировград ауданы, Бе
Черноморочка

Черноморочка

Алексей Коренев басқарған комедия - Сценарий авторы - Евгений Помещиков Басты рөлдерде - Светлана Ж