Sun . 20 Apr 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Дамаск

дамаски, дамаска за мека мебел
Дамаск (араб.: دمشق‎), Шам (араб.: الشام‎) — Сирияның астанасы (1943 жылдан), ежелгі мәдениет орталығы. Дамаск туралы алғашқы жазба деректер б.з.б. 16 ғасырлардан бастап кездеседі. Қала Дамаск патшалығының орталығы (б.з.б. 11ғ,—б.з.б. 732 ж.), кейіннен Ассирия, Жаңа Вавилон, Ахеменид әулеті, А. Македонский, Селевеки әулеті, Рим, Византия мемлекеттетерінің құрамында болды. 635 ж. қаланы арабтар жаулап алған соң, халифаттың астанасына (671—770) айналды. Аббас өулеті тұсында астана Бағдад қаласына көшкен соң да, Дамаск діни, ғылыми-мәдени орталық ретіндегі мәртебесін жоғалтқан жоқ. 9—13 ғасырлар аралығында кала ор түрлі мұсылман мемлекеттерінің, 1260—1516 ж. мәмлүктердің, 1401 ж. Әмір Темір иелігінде болды. 1516— 18 ж. Осман сұлтандығының құрамында, 1920—43 ж. Франңияның мандатты территориясы. Сирияның астанасы. Дамаскдегі "Бабуссағир" (Кішкене қақпа) бейітінде ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби жерленген.

Мазмұны

  • 1 Дамаск —дүние жүзіндегі ең ежелгі астана
  • 2 Аудандары
  • 3 Мәдени ошақтары
    • 3.1 Дамаск дуалдары мен қақпалары
    • 3.2 Мешіттер
    • 3.3 Шіркеулер
    • 3.4 Медреселер
    • 3.5 Ескі үйлер
    • 3.6 Дамаскіде орналасқан шіркеулер
    • 3.7 Дамскідегі Умауилер мешіті
  • 4 Дереккөздер
  • 5 Сыртқы сілтемелер

Дамаск —дүние жүзіндегі ең ежелгі астана

Ресми тілі көпшілік тұрғындардың ана тілі болып табылатын — араб тілі.

Дамаск — қазіргі дүние жүзі астаналарының ішіндегі ең ежелгісі. Оның арабша атауы Димашк немесе Аш-Шам. "Димашк" сөзінің шығу төркіні жөнінде көптеген пайымдаулар бар. Дамаск жөніндегі ең алғашқы еске алулар Мысыр перғауындарының XVIII әулетінің құжаттары мен аккад тақташаларында кездеседі. Онда кала Димаску немесе Димашка деп аталған.

Арамей құжаттарында Дамаск Дурмешек және Думмешек деп аталған. Дамаск ескі Өсиеттің бірінші кітабында маңызды қолөнер және мәдени орталық ретінде еске алынады. Кейінірек Дамаск аталып кеткен қоныс Солтүстік Арабия шөлдерінен жайылымдар басып алуға шыққан көшпелі арамей тайпаларының кезінде жоғары гүлдену дәрежесіне жетті. Дамаск, Сури, яғни Сирия еліндегі арамейлердің ең ірі орталықтарының біріне айналды.

Дамаск орасан тарихи және мәдени құндылыққа ие, өйткені мұнда ежелгі және ортағасырлық архитектураның ескерткіштері сақталған. Кейбір орамдар Селевкілер дәуірінде (б.з.д. 312—64 жж.) салынған, көшелері тік бұрышты жоспарланған болып келеді. Римдіктер жаулап алған кезеңнен қала қамалдарының, қақпалардың орны, монументті арқаның құлаған қалдықтары мен коринфтік бағаналары бар Дамаск Юпитерінің қасиетті ғибадатханасының қалдықтары сақталған.

Аудандары

Дамаск көптеген аудандарға бөлінген. Олардың ішінде:

Дамаск аудандары
1 Аббасийин
2 Абу Руммани
3 Амара
4 Бахса
5 Барамка
6 Барзе
7 Думмар
8 Джобар
9 Кафар Сусе
10 Малки
11 Мазраа
12 Мезе
13 Мидан
14 Мухажрин
15 Канауат
16 Рукн Эддин
17 Аль-Салихийя
18 Саруджа
19 Ша’алан
20 Шагур
21 Тиджара
22 Баб Тума
23 Хиджаз

Мәдени ошақтары

Ескі шаһардағы Юпитер храмы Умауи мешіті Дамаскідегі ескі үйлер

Дамаск дуалдары мен қақпалары

Дамаскінің ескі қаласында сақталып қалған 7 қақпа бар:

  • Баб-әл-Сағир («Кіші қақпа») —
  • Баб-әл-Фарадис («Жәннат қақпалары»)
  • Баб-әл-Салам («Бейбітшілік қақпасы»)
  • Баб Тума («Фом қақпасы») — бұл есім апостол Фомның есімімен аталады. Қақпа христан кварталына алып барады
  • Баб Шарқи («Шығыс қақпасы»)
  • Баб Қисан —
  • Баб-әл-Жәбия

Бұлардан басқа Ескі шаһардың сыртында басқа қақпалар бар:

  • Баб әл-Фараж
  • Баб Мусалла
  • Баб Срәйжа

Мешіттер

  • Зәйнаб мешіті
  • Рақайя мешіті
  • Баб-Сағир мазараты
  • Умауи мешіті — Сирияның үлкен мешіттірен

Шіркеулер

  • Дамаск соборы
  • Әулие Мария соборы
  • Әулие Анания соборы
  • Әулие Павел
  • Рим-католик кафедралды соборы - Зайтун аллаеясы.
  • Әулие Иоанна шіркеуі
  • Әулие Павел лавры
  • Әулие Георгий

Медреселер

  • Әл-Адилийя медресесі
  • Әл-Захирийя кітапханасы
  • Нұр әд-Дин медресесі

Ескі үйлер

  • Азем сарайы
  • Байтул Аккад (Дат институты - Дамаске)
  • Мактаб Анбар
  • Бейтул Мамлюк (қонақ үй)

Дамаскіде орналасқан шіркеулер

Дамскідегі Умауилер мешіті

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Умауилер мешіті

Дереккөздер

  1. ↑ Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
  2. ↑ Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. —Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5

Сыртқы сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Damascus
  • eDamascus – Official website for Damascus
  • Damascus Online – Brief information about the city of Damascus
  • Explore Ancient City of Damascus with Google Earth on Global Heritage Network
  • Philip K. Hitt, The Imperial Capital, 1973, Saudi Aramco World
  • Ernst Herzfeld Papers, Series 5: Drawings and Maps, Records of Damascus Collections Search Center, S.I.R.I.S., Smithsonian Institution, Washington, D.C.
  • Фотографии и описание городов, памятников, достопримечательностей Сирии
  • сайт авиакомпании Syrian Arab Airlines
  • Дамаск — старейшая столица мира
  • Фотографии и описание Дамаска и его окрестностей
  • Мечеть Сайида Ракэйя в Дамаске, фотографии
  • Фотографии и новости Дамаска


дамаск это где находится, дамаска за мека мебел, дамаская сталь, дамаски, дамаски бибтекс, дамаски за дивани, дамаски за мебели варна, дамаскин скорочено, дамаскин читать, дамаскини


Дамаск Туралы Ақпарат

Дамаск


  • user icon

    Дамаск beatiful post thanks!

    29.10.2014


Дамаск
Дамаск
Дамаск Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Дамаск бұл, Дамаск кім, Дамаск сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду (порт. Vila de Prado) — Португалиядағы елді мекен және аудан (фрегезия), Брага округін...
Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима (порт. Aveiras de Cima) — Португалиядағы аудан (фрегезия), Лиссабон округінің құрамы...
Шекшек Ата

Шекшек Ата

Шекшек Ата, Сексек ата — ешкі пірі, иесі. Дәстүрлі қазақ қоғамында әрбір түлік малдың пірі болған. Ш...
Бокхорст

Бокхорст

Бокхорст (нем. Bockhorst) — Германия Федеративтік Республикасының Төменгі Саксония жерінде орналасқа...