Sun . 19 Aug 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Григорий Николаевич Потанин

григорий николаевич потанин владимир, григорий николаевич потанин фонд
Григорий Николаевич Потанин (4 қазан 1835, Павлодар губерниясы Ямышево ауылы – 30 маусым 1920, Ресей, Томск қаласы) – Орта Азияның табиғатын, этнографиясын зерттеген саяхатшы, географ, этнограф, фольклоршы.

  • 1852 Омбы кадет корпусын бітірген.
  • 1853-1858 Семей мен Омбыда әскери қызметте болды.
  • 1859-1862 сонда жүріп, Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановпен достық қарым-қатынаста болды. Петербург университетінің табиғаттану бөлімінде оқыды.
  • 1861 жылы студенттік толқуларға қатысқаны үшін Сібірге жер аударылды.
  • 1863-1864 ж. Зайсан көлі мен Тарбағатай тауын зерттеді.
  • 1876-1877, 1879–1880 ж. Моңғолияның солтүстік-батысы және Туваға, экспедицияларға қатысты.
  • 1884-1886 және 1892-1893 Солтүстік Қытай, Шығыс Тибет, Орта Моңғолия экспедицияларға қатысты.
  • 1899 жылы Үлкен Хинганға шыққан экспедицияларға қатысты.

Г.Н. Потанин Орталық Азияға алғашқы саяхатын Н.М. Пржевальскийден бұрын 1863 жылы жасады. Орталық Азияға 8 рет саяхат жасап, 36 жыл бойы, 1899 жылға дейін, ауыр жағдайда жүріп қажымай-талмай зерттеді. Орыс География ғылымына көп еңбек етіп, үлкен жаңалықтар қосты. Ғалым, географ алғашқы зерттеу жұмыстарын өзінің туған Отаны Қазақстан жеріне бастады. 1863 жылғы бірінші экспедициясында Оңтүстік Алтай мен Зайсан қазаншұңқырын зерттеді, 1864 жылы – Тарбағатайды, бұдан кейін 1876 жылдан бастап Орталық Азияны зерттеуге кірісті. Ол 1876–1877, 1879-1880, 1883-1886, 1892-1893 жылдары саяхат жасады. Бұл экспедициялардың бәрінде де өзінің сүйікті зайыбы әрі көмекшісі А.В. Потанинамен бірге болады. Бұл экспедицияларда жиналған мәліметтер бұрынғы кеңес дәуірінде толқтырылып басылып шықты.

Григорий Николайұлы 1835 жылдын 22 қыркүйегінде қазіргі Павлодар облысы, Ертіс жағасындағы Ямышев ауылында туды. Әкесі қызмет бабында бастықтарға қарсы шыққандықтан сотталып қара солдат болып төмендетілген казак–орыс еді. Ол түрмеде отырған кезде шешесі өліп Г.Н.Потаниннің үй–ішіне үлкен ауыртпалық түседі.Азияның болашақ атақты ғалымы бала кезінен өмірдің талай талқысын, жетімдікті, жеткіліксіз өмірді басынан өткізеді.
Г.Н.Потанин жас кезінде Ертіс жиегіндегі Пресногор ауылында оқып, полковник атағынан айрылған Эллизеннің үй–ішінде тәрбиеленеді. Одан кейін Омскідегі кадет корпусына түсіп, оны 1852 жылы 17 жасында бітіріп шығады. Жас офицерді Семей қаласындағы казак–орыс полкіне қызметке жібереді. Семейде ол қазақ халқының өмірімен толық танысады. Корпуста оқып жүрген кезде жан жолдасы Шоқан айтқан қазақ халқының тарихы, әдет–ғұрпы, өмірі көз алдына елестеп, ғалымды халық аузындағы бай аңыздар қызықтыра түседі.

Ғылыми еңбектер

Қазақ фольклоры үлгілерін, жалпы түркі тілдес халықтардың ауыз әдебиетін жинап, «Қазақтардың және алтайлықтардың аңыздары, аңыз-әңгімелері және ертегілері» (1916) атты еңбегін жазды. Потанин есімімен Наньшань тауындағы жота, Моңғол Алтайындағы мұздық аталған.

Дереккөздер

  1. ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  2. ↑ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6

Дереккөздер

Н. Баяндин "Атақты географтар" , Қазақ мемлекет баспасы, Алматы – 1958


григорий николаевич потанин владимир, григорий николаевич потанин григорий, григорий николаевич потанин развод, григорий николаевич потанин фонд


Григорий Николаевич Потанин Туралы Ақпарат

Григорий Николаевич Потанин


  • user icon

    Григорий Николаевич Потанин beatiful post thanks!

    29.10.2014


Григорий Николаевич Потанин
Григорий Николаевич Потанин
Григорий Николаевич Потанин Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Григорий Николаевич Потанин бұл, Григорий Николаевич Потанин кім, Григорий Николаевич Потанин сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Порте

Порте

Порте (итал. Porte) — Италиядағы коммуна, Пьемонт әкімшілік аймағына қарасты Турин провинциясын...
Патриотизм

Патриотизм

Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүддел...
Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин - 1927 жылы 11 мамырла Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданында туған. 2004 жылы 29 наур...
Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Диқан ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Мазмұны 1 Геогра...

Кездейсоқ Мақалалар (searchxengine.com)

Шохово (қалалық мекен Uvarovka)

Шохово (қалалық мекен Uvarovka)

Ресей Ресей Федерациясы Мәскеу облысы Можайский ауданы Уваровка координаттары 55 ° 30'
Каннабиноидтер

Каннабиноидтер

Каннабиноидтер - 2-алмастырылған 5-амилресорсинден алынған терфенепенолды қосылыстар тобы. Табиғатта
Волово (Липецк облысы)

Волово (Липецк облысы)

Волово - ауыл, Липецк облысының Воловский ауданының орталығы. Воловского ауылдық кентінің орталығы.
Қызыл Башқұртия

Қызыл Башқұртия

Красная Башкирия - Красная Башкирия - Абзелиловский ауданы Басқалар Красная Башқұртия - 1925-1951