Mon . 19 Nov 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Гранада

гранада, гранада испания
Гранада (ис. Granada) — Испаниядағы қала. Андалусия автономды бірлестігіне қарасты Гранада провинциясының құрамына кіреді. Муниципалитет Вега-де-Гранада ауданында (Комаркада) орналасқан.

2010 жылғы мәліметтер бойынша тұрғындарының саны 239154 адамды құрайды. Жер аумағы 88,02 км² шамасында.

Мазмұны

  • 1 Тарихы
    • 1.1 Гранада эмираты
    • 1.2 Реконкистаның күйреуі
  • 2 Қаланың көрікті жерлері
  • 3 Қылмыс деңгейі
  • 4 Бауырлас қалалар
  • 5 Тағы қараңыз
  • 6 Дереккөздер
  • 7 Сілтемелер
    • 7.1 Гранада картасы
  • 8 Сыртқы сілтемелер

Тарихы

Гранада «Илиберр» аймағының иберлік және финикиялық қоныс ретінде б.з.д. 500 жылдан бастап белгілі. Қала жан-жағынан қоршалған таулары мен табиғаты жайлы, құнарлы жерімен ерекшеленеді. Соған қарағанда мұнда қоныстардың өте ертеректе пайда болуы ғажап емес. Римдіктердің Пириней жартыаралын жаулап алынған соң, Илиберр атаулы қоныстардың болуы хат жүзінде (ресми) дәлелденген. Рим империясы құлағаннан кейін аталған аумақ вандалдардың солтүстікафрикандық мемлекетінің билігіне өтті, 534 жылы бұл мемлекеттің құлауына байланысты Илиберр Византияның қол астында болды. VII ғасырдың басынан бастап вестготтардың ибериялық мемлекетінің қарамағында болған еді.

Гранада эмираты

711 жылы қаланы маврлар басып алған соң, оның атауы арабтық мәнерге салынып «Ильбира» деп аталды. 756 жылы провинцияның астанасы ретінде қаладан 10 км жердегі, солтүстік-шығыста орналасқан «Маданат Ильбира» аталды. Ал қаланың ескі аудандары «Калат Граната» деп атала бастады. Қаланың қазіргі атауы осы атаудан алынған.

Кордова халифаты құлаған соң қала билігі 1012 жылы бербер әміршісі Зави ибн Зиридің қолына өтті. Осыдан кейін Гранада 80 жыл бойына басқаруында болған Зирид әулетінің резиденциясына айналып, оңтүстік Андалусиядағы гүлденген қалаларының бірі болды. Зирид үкіметі құлаған соң, Гранаданы билеу Әлмаровидтердің қолына өтті. Ал олардан соң Нәсрид сұлтандығы биледі (1238 – 1492 жж.). Нәсрид сұлтандығының кезінде Абенсераг бекзадалары мәртебелі тұлғалар еді.

Реконкистаның күйреуі

1492 жылы 2 қаңтарда нәсридтердің билеушісі XII Мухамед (Боабдиль) өзінің жеңілгенін мойындап билікті Изабелла Кастильская ханымға берді. Осылайша ол осы құрлықтағы ең соңғы ислам билеушісі болды. Бұл оқиға Пириней жартыаралын алуға ұмтылған христиандардың ұзақ жылдарға созылған Реконкистасына қойылған соңғы нүкте болатын. Капитуляция кезінде келісімге сай католик әскері мавр халқын сонау жағалауға дейін ығыстырды. Одан соң маврлар Солтүстік Африкаға, қазіргі Марокко жерлеріне қоныс аударды. Капитуляция туралы келісімшарт жеңімпаз халыққа айтарлықтай үстемдіктер беріп, испандықтар жергілікті халықты салықтарды көбейту арқылы барынша қысымға алды және христиан дініне күштеп кіргізе бастады.

1492 жылы 31 наурызда Гранаданың Альгамбра сарайында католиктік патша Фердинанд пен Изабелла патшалық аумағынан еврейлерді қуу туралы декретке қол қойды. Декрет жасалған орнына байланысты «El Decreto de la Alhambra немесе Edicto de Granada» деп аталды.

1499 жылы Гранаданың орталық алаңы Бибаррамблада Толедо архиепискобы Франсиско Хименес де Сиснеростың нұсқауымен ислам теологиясы бойынша он мыңнан астам трактат, Құранның нұсқалары және басқа да шығармалар отқа жағылды. Архиепископ философия, тарих, медицина және жаратылыстану бағытындағы 300 қолжазбаны сақтап қалып, бір бөлігін Алькаладағы Сан-Идельфонсоның коллегиясына табыстады. Өртенген дүниелер тамаша манускрипттер, каллиграфия өнерінің ең үздік туындарлары болған еді. Бұл оқиғалармен қатар қалада христиандық емес халықты құрту үдерістері жүріп жатты.

Гранададағы қолөнер ошақтарының күйреуіне мұсылман халықтарының 1568 жылы болған көтерілістен кейін қырылуы және айдалуы әсер етті. Кейігі ғасырларда Гранаданың сауда және мәдени орталық ретінде маңызын жоғалтты. Бұл жағдай әсіресе дербес мемлекет астанасы ретінде мәртебесінің жойылуымен байланысты еді.

1492 жылдан бастап Гранада архиепископтіктің орталығына айналды, ал 1531 жылдан бастап орталық Гранада университеті болып қайта құрылды (бұған дейін қалада 1349 жылы құрылған медресе болған). Гранада университеті XX ғасырда қаланың негізгі табыс көзін құрады. Қазірдің өзінде Гранада университеті Испания мен Еуропадағы ең беделді оқу орындарының бірі саналады. Франсиско Франконың диктатурасы аяқталысымен, қала туризмі дами бастады.

Қаланың көрікті жерлері

Гранада маврлар дәуірінен, сондай-ақ готикалық және қайта өркендеу дәуірінен қалған архитектуралық ескерткіштерімен, тарихи жәдігерлерімен көрікті. Сонымен қатар, қала гитара жасайтын цехтарымен, шеберханаларымен танымал.

Мавр дәуірінен қалған тамаша туындылардың бірі Альгамбра архитектуралық ансамблі тек Гранадада ғана емес, бүкіл Испанияның мәдени жәдігері болып саналады. Ол XIV ғасырда мавр билеушілерінің резиденциясы ретінде салынған. XVI ғасырда V Карл патшаның бұйрығымен Альгамбра аумағында сарай салынады. Сарайды салу барысында алғашқы құрылыстың бір бөлігі құлатылды. V Карл патшаға көрсетілген сый-құрмет ретінде Испания билігі қазу жұмыстарын жүргізуден бас тартып отыр.

Альграмбадан бөлек Гранаданың көрікті жерлеріне халифтердің жазғы резиденциясы болып саналған ортағасырлық Хенералифенің қабырғалары мен бақтары жатады.

Гранада қаласының панорамасы
Гранадағы ғылыми саябақ V Карл сарайы
Гранадағы ғылыми саябақ V Карл сарайы
Puerta Real Square Town hall of Granada
Пуерта Реал Сквер Гранада қаласының басқармасы

Маврлардың көне тұрғын аудандары саналған Альгамбра мен Альбайсин бүгінде ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдени мұраларының қатарында. Көршілес орналасқан Сакромонте қаласында кезінде сығандар қоныс қылған «куэвас» (үңгір) деп аталатын жерлерді кездестіруге болады. Ол үңгірлердің кейбірінде қазірдің өзінде адамдар тұрады, ал кейбірінде заманауи үлгіде жасақталған. Қала орталығында Гранада соборы орналасқан. Саборға жақын жерде 1521 жылы салынған Патшалық капелла бар. Бұл капеллада Изабелла мен Фердинант жерленген. Сондай-ақ, Гранадада археологиялық музей, Сьерра-Невада обсерваториясы және ғылыми саябақ бар.

Альгамбра және Сьерра Невада панорамасы

Қылмыс деңгейі

ЕТА (Euskadi Ta Askatasuna) басктардың террористік ұйымы Гранада аумағында бірнеше террорлық акцияларын ұйымдастырды. Баскская террористическая организация ЭТА совершила на территории Гранады ряд террористических акций. 1997 жылдың 10 ақпанында Гранада жұмысшы қозғалысының жетекшісі Доминго Пуэнте Марин машинасында жарылыстан қаза тапты. 2000 жылы Андалусия Жоғарғы сотының мүшелерінің бірі Луис Портеро Гарсия терроршылар қолынан қаза тапты.

Бауырлас қалалар

  • Флоренция (итал. Firenze), Италия
  • Белу-Оризонти (порт. Belo Horizonte), Бразилия (1975)
  • Шарджа (араб.: لشارقة‎), БАӘ

Тағы қараңыз

  • Қысқы Универсиада 2015, XXVII Қысқы Универсиада, Испаниялық, Гранадада 2015 жылы өтеді..

Дереккөздер

  1. ↑ Н. Н. Непомнящий, А. Ю. Низовский. Испания, которую мы не знали. Исторический путеводитель. М., 2007, с.225
  2. ↑ The Edict of Expulsion of the Jews
  3. ↑ Рафаэль Альтамира-и-Кревеа. История средневековой Испании. М.2003, с.491
  4. ↑ 2015 Universiades Candidates Deliver Bidding Books at FISU HQ

Сілтемелер

  • Ресми парақшасы
  • Гранада жайында мақалалар

Гранада картасы

  • Google Maps-тағы Гранада
  • Гранаданың тарихи карталары

Сыртқы сілтемелер

  • Ресми сайты
Вега-де-Гранада ауданының муниципалитеттері (Гранада) — Vega de Granada

 Альболоте  | Альфакар  | Альхендин  | Армилья  | Атарфе  | Беас-де-Гранада  | Кахар  | Каликасас  | Сенес-де-ла-Вега  | Чаучина  | Чурриана-де-ла-Вега  | Сихуэла  | Когольос-Вега  | Кульяр-Вега  | Дилар  | Дудар  | Фуэнте-Вакерос  | Лас-Габиас  | Гохар  | Гранада  | Гуэхар-Сьерра  | Гуэвехар  | Уэтор-де-Сантильян  | Уэтор-Вега  | Хун  | Лачар  | Марасена  | Моначиль  | Нивар  | Охихарес  | Отура  | Пелигрос  | Пинос-Хениль  | Пинос-Пуэнте  | Пулианас  | Кентар  | Санта-Фе  | Вегас-дель-Хениль  | Виснар  | Ла-Субиа

 


гранада, гранада альгамбра, гранада википедия, гранада изображения, гранада испания, гранада кордова севилья, гранада лакшери резорт, гранада на карте испании, гранада отель белек, гранада –аликанте


Гранада Туралы Ақпарат

Гранада


  • user icon

    Гранада beatiful post thanks!

    29.10.2014


Гранада
Гранада
Гранада Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Гранада бұл, Гранада кім, Гранада сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі - Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағында. Солтүстік-бат...
Амель (Нор)

Амель (Нор)

Амель (фр. Hamel) — Франциядағы коммуна. Нор-Па-де-Кале аймағына қарасты Нор департаментінде орналас...
EMac — Уикипедия

EMac — Уикипедия

eMac — Macintosh тектес дербес компьютер, Apple Inc компаниясы шығарған Оның аты айтып тұрғандай edu...
Қарасу (Байзақ ауданы)

Қарасу (Байзақ ауданы)

Қарасу - Жамбыл облысы Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округі құрамындағы ауыл. Аудан орталығы Сарык...