Wed . 19 Feb 2019

Географиялық координаттар

географиялық координаттар әдісі
Географиялық координаттар(лат. со — бірге, ordinatus — реттелген) — жер бетіндегі экваторға және нөлдік меридианға қатысты нүктенің орнын көрсететін мөлшер. Олар географиялық ендік және географиялық бойлық болып ажыратылады. Географиялық ендік жер бетінің кез келген нүктесіне түсірілген тік сызық пен экватор жазықтығы арасындағы бұрышпен өлшенсе, географиялық бойлық бастапқы меридиан жазықтығы мен берілген нүкте арқылы өтетін меридиан жазықтығы арасындағы бұрышпен өлшенеді. Бастапқы (нөлдік немесе бірінші) меридиан ретінде халықаралық келісім бойынша Лондон қаласы маңындағы Гринвич обсерваториясы арқылы өтетін меридиан алынған. Географиялық ендік экватордан 0°-тан басталып солтүстік және оңтүстік полюстерге қарай 90°-қа дейін өзгереді. Солтүстік жарты шарда — оң, оңтүстік жарты шарда — теріс болып есептеледі. Бойлық бастапқы меридиандағы 0°-тан басталып 360°-қа дейін өзгереді. Ол шығысқа немесе батысқа қарай өлшенуіне сәйкес, шығыстық немесе батыстық бойлық деп аталады. Бойлықтың 0°-тан 180°-қа дейінгі санау әдістері де қолданылады. Географиялық координаттар бұрышты өлшегіш аспаптардың көмегімен (теодолит, секстант, т.б.), астрономиялық бақылаулар арқылы анықталады.

Дереккөздер

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
  2. ↑ “Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том


географиялық координаттар әдісі


Географиялық координаттар Туралы Ақпарат

Географиялық координаттар


  • user icon

    Географиялық координаттар beatiful post thanks!

    29.10.2014


Географиялық координаттар
Географиялық координаттар
Географиялық координаттар Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Географиялық координаттар бұл, Географиялық координаттар кім, Географиялық координаттар сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

Ақши (Екібастұз қалалық әкімдігі) — Уикипедия

 Басқа мағыналар үшін Ақши деген бетті қараңыз Ақши — Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдіг...
Тайланд

Тайланд

Координаттар: 14°27′00″ с. е. 100°56′00″ ш. б. / 14.45° с. е. 100.933333° ш. б...
Динан (Кот-д'Армор)

Динан (Кот-д'Армор)

Динан (фр. Dinan) — Франциядағы коммуна. Бретань аймағына қарасты Кот-д'Армор департаментінде орнала...
Ер Тарғын көшесі (Астана)

Ер Тарғын көшесі (Астана)

Бұрынғы атауы №20 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ер Тарғын көшесі Арқайым көшесінен бас...