Wed . 19 Jul 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Гваделупа

гваделупа на карте, гваделупа
Гваделупа — Кіші Антиль топаралындағы (Кариб теңізі) Францияның территориясы. Ол өзіне жақын орналасқан бірнеше ұсақ аралдармен бірігіп, Францияның “Теңіз сырты департаментін” құрайды. Жалпы жер аумағы 1,8 мың км². Халқы 411 мың (1997). Әкімш. орталығы — Бас-Тер қ. Тұрғындары, негізінен, зәңгілер мен мулаттар. Ресми тілі — француз тілі, бұған қоса креол, ағылшын тілдері де қолданылады. Тұрғындары католиктер. Француз үкіметіне тікелей бағынатын префектура мен жергілікті өзін өзі басқару органдары (Бас кеңес пен аймақтық кеңес) бар. Бұл аралдар тропиктік белдеуде орналасқан. Жауын-шашын мөлшері жоғары (жылына 8000 мм). Топырағы құнарлы, өсімдіктер дүниесі мәңгі жасыл ормандардан тұрады. Аралдың өте бай ерекше табиғатын сақтап қалу үшін Гваделупа табиғи қорығы құрылған. Аралдарды Х. Колумб 1493 ж. ашқан. 1635 ж. Францияның отарына айналды. 17 — 18 ғ-ларда Африкадан құлдар әкелінді. 18 ғ-дың аяғы мен 19 ғ-дың бас кезінде аралды Ұлыбритания басып алды, бірақ 1816 жылғы келісім бойынша Францияға қайтарылды. 1846 ж. құлдыққа тиым салынды. 1946 жылдан бері Францияның департаменті. Экономикасының негізін а.ш., туризм, жеңіл өнеркәсіп салалары құрайды. Жан басына шаққанда орташа табыс мөлш. 8600 долл. Экономикаға негізінен француз компаниялары үстемдік жүргізеді (импорттың 64,4%-і, экспорттың 63%-і). Бұдан басқа сауда серіктестері: Германия, Италия, Жапония, АҚШ.

Серіктен көрініс

Дереккөздер

“Қазақ Энциклопедиясы”, 2-том


гваделупа, гваделупа википедия, гваделупа для украинцев, гваделупа карта, гваделупа картинки, гваделупа на карте, гваделупа пляжи, гваделупа сент мари, гваделупа сериал, гваделупа страна


Гваделупа Туралы Ақпарат

Гваделупа


  • user icon

    Гваделупа beatiful post thanks!

    29.10.2014


Гваделупа
Гваделупа
Гваделупа Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Гваделупа бұл, Гваделупа кім, Гваделупа сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду

Вила-де-Праду (порт. Vila de Prado) — Португалиядағы елді мекен және аудан (фрегезия), Брага округін...
Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима

Авейраш-де-Сима (порт. Aveiras de Cima) — Португалиядағы аудан (фрегезия), Лиссабон округінің құрамы...
Шекшек Ата

Шекшек Ата

Шекшек Ата, Сексек ата — ешкі пірі, иесі. Дәстүрлі қазақ қоғамында әрбір түлік малдың пірі болған. Ш...
Бокхорст

Бокхорст

Бокхорст (нем. Bockhorst) — Германия Федеративтік Республикасының Төменгі Саксония жерінде орналасқа...