Thu . 19 Feb 2019

Владимир Афанасьевич Обручев

владимир афанасьевич обручев, владимир обручев

Владимир Афанасьевич Обручев

пол. Владимир Афанасьевич Обручев
Дүниеге келгені: 1863 ж. қазанның 10 (1863—10—10) (151 жас)
Клепино селосы,Ресей императорлығы
Қайтыс болғаны: 1956 ж. маусымның 19 (92 жаста)
Ресей
Ұлты: орыс
Мансабы: орыс геологі, палеонтологі, географі, писатель-фантаст, академик

Владимир Афанасьевич Обручев (1863-1956 жж.) Академик Владимир Афанасьевич Обручевтің есімі бүкіл әлемнің геологтары мен географтарына әйгілі. Оның осы саладағы жазған еңбектері ТМД елдерінің жер құрылысы мен беткейлерін, табиғатын тануға зор үлес қосты. Владимир Афанасьевич Обручевтің есімімен Орталық және Орта Азияда, Сібірде ғана емес, Шығыс Қазақстанда жүргізілген зерттеулер де тығыз байланысты. Ол 1905 жылғы Орта Азияға саяхаты кезінде Семей облысын солтүстігінен батысына, оңтүстігінен шығысына дейін өтіп Тарбағатай сілемдерін, Маңырақ қыраттарын, Зайсан ойпатын, Қара Ертіс жағалауын зерттеді. Зайсанда болды. Ол, әсіресе, Қалба тауларының геологиялық және географиялық құрылысына ерекше назар аударды. Алғашқы жыл өткен соң ғалым бұл жерге екінші рет экспедиция жасады. Ғалым 1911 жылы Өскеменде болып, күнделігіне ол туралы

Орталық алаңда бірнеше тастан салынған үйлері бар үлкен село. Қалада қонақ үйлер болмағандықтан біз көмір іздеумен және оның жиналуын күтумен бірнеше бөлмелі, жиһаздары жоқ бос үйге екі күн тоқтадық

, — деп жазды. Ол Өскеменде өзіне Қалба таулары туралы деректер берген саяси жер аударылған Е.П.Михаэлиспен танысты. В.А.Обручев жаз бойы өз баласы Сергеймен, тау-кен инженері Павловпен бірге Қалба тауларын геологиялық зерттеумен шұғылданып, бірқатар алтын қазатын рудниктерде болды. Ақжал поселкесі ауданында тау жыныстарының 300-ден аса түрлерін жинап, топографиялық және геологиялық карталар жасады. Ол өз еңбектерінде археологтардың назарын Қалба тауларын тас дәуірінде адамдар мекендеген жерлер ретінде зерттеу керектігіне аударды. Қалба тауларына жасаған екі экспедициясы туралы Обручевтің «Менің Сібірдегі саяхаттарым» деген кітабында жазылған.Қалба тауларында болғанда ол Алтайдың геологиясына ерекше мән берді. Алтай ежелгі тау жүйесі деген ұғым дұрыс емес деген қорытындыға келді. Ғалымның 1914 және 1936 жылғы саяхаттары Алтайды тереңірек зерттеуге арналды. Соның нәтижесінде маңызды ғылыми жаңалықтар ашылды. Бұл В.А.Обручевті біздің еліміздегі даңқты геологтар қатарына қосты.

Дереккөздер

  • Обручев Владимир Афанасьевич/ҚСЭ. Т. 8.- 431 б.
  • Черных С. Шығыс Қазақстанды зерттеген ғалым. (В.А. Обручев)/Коммунизм туы. — 1977.-1 ақпан

владимир афанасьевич обручев, владимир обручев


Владимир Афанасьевич Обручев Туралы Ақпарат

Владимир Афанасьевич Обручев


  • user icon

    Владимир Афанасьевич Обручев beatiful post thanks!

    29.10.2014


Владимир Афанасьевич Обручев
Владимир Афанасьевич Обручев
Владимир Афанасьевич Обручев Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Владимир Афанасьевич Обручев бұл, Владимир Афанасьевич Обручев кім, Владимир Афанасьевич Обручев сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Протон

Протон

 Басқа мағыналар үшін Протон (айрық) деген бетті қараңыз. Протон Протон[1](грекше prоtos ...
Дондығұл

Дондығұл

 Қазақстан, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Тау жүйесі Арғанаты Пайда болған кезеңі Архе...
Фукар

Фукар

Фукар (фр. Foucart) — Франциядағы коммуна. Жоғарғы Нормандия аймағына қарасты Сен-Маритим департамен...
Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (Кот-д'Ор)

Шеванн (фр. Chevannes) — Франциядағы коммуна. Бургундия аймағына қарасты Кот-д'Ор департаментінде ор...