Fri . 19 Dec 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Венеция

венеция, венеция фото
Венеция (итал. Venezia) — Италиядағы қала, Венето әкімшілік аймағына қарасты Венеция провинциясында орналасқан.

Қаланың тұрақты тұрғындарының саны 270 439 адамды құрайды (2009). Алып жатқан жер аумағы 412 км² шамасында. Пошта индексі — 30100.

Венециядай соңғы бес ғасырдан бері өзгермеген күйінде тұрған екінші шаһар жоқ. Расында мұнда бәрі дерлік бәз-баяғы қалпында сақталған. Мұнда ешнәрсе өзгере-де қоюы қиын. Мұнда бірнеше ғасырдан бері, қалада жаңа ғимарат салынбайды, салам десеңіз де рұхсат етілмейді, құрылыс жүргізетін алақандай жер жоқ.

Венеция – аралдарға салынған қала. Аралдардың ұзын саны –118. Осының өзі ерекшелік әрине. Бірақ Венецияның басты ерекшелігі де бұл емес. Ең таңқаларлығы – сол аралдардың көбінің қолдан жасалғандығында. Тереңдігі небәрі біржарым-екі метрлік қайраңнан тереңдігі бес метрге жететін каналдар қазып, сонан шыққан топырақтан аралдар жасаған. Адамдар құрлықтан мың–мыңдап ағаш тасып, кесілген ұзын ағаштың ұшын үшкірлеп алып су астындағы қопсыма топыраққа қада ретінде қаға берген. Венецияның барша ғимараты түгелдей дерлік қада ірге тасқа салынған дегенге сенесіз бе? Сену қиын. Сенбеске амалың жоқ. Мысалы бір ғана Санта-Мария Делла Салюта шіркеуінің ірге тасына 1500 қада қағылған екен.
Қазір Венецияны құрлық пен шағын бұғаздың үстінен тартылған 4 км жіңішке жол жалғастырып жатыр. Қала шетіне жетісімен автомобилден түсіп әрі қарай тек қайықпен жүзесің.,бұл қаладағы көліктің жалғыз түрі. «Көше деген, көк өзен» Венецияның көшесі –каналдары. Қалада 175 канал бар. Ең басты су жолы – үлкен арна. Бұл каналдың бойымен үлкенді кішілі автобустай катерлер белгіленген маршруттар бойынша жүзіп, аялдамаларға тоқтап, жолаушыларды тасымалдап жатады. Өздері оны су трамвайы дейді екен. Басқа каналдар мен тек қайықтар ғана жүзе алады. Венецияның ең ерекше экзотикасы да осы. Үлкен каналды бойлап келе жатқанда керемет бір музейдің залдарында қалқып жүргендей күй кешесіз. Каналдың екі жағында сұлу ғимараттар бірінен соң бірі жылжып қала береді. Олар Әулие Марияның шіркеуі, неміс сарайы, Калерджи сарайы, Грасси сарайы (жалпы қалада 400 астам сарай бар).
Венецияның басты кереметі, әрине Әулие Марк соборы, осы жерде Дождар сарайы да бар. Қала өміріндегі салтанаттың бәрі осы маңайда өтеді. Венецияда 318 мың адам тұрады. Қалада халықаралық аэропорт, білім және мәдениет орталығы, өнер академиясы, университет, әйнектен жасалған заттар музейі бар.

ВЕНЕЦИЯ — Италияның солт.-шығысындағы қала, провинция орталығы, Венеция шығанағындағы ірі теңіз порты. 318 мың тұрғыны бар (1991). Қалада халықар. аэропорт орналасқан, түсті металлургия, мұнай , химия, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаратын кәсіпорындар, сонымен қатар Өнер академиясы, Адрия т-н зерттеу ин-ты, Галелерия академиясы, ун-т және әйнектен жасалған заттар музейі орналасқан. Қаланың іргесі б.з.б. 5 ғ-да қаланған. Орта ғасырларда өз алдына жеке қала — мемлекет болды. 9 — 16 ғ-лар аралығында Бат. Еуропа мен Шығыс елдерін жалғастырып тұрған негізгі сауда орталығына айналды. 1797 — 1805 және 1815 — 66 жылдары Австрия-Венгрия империясының құрамына кірді. 1866 жылдан бері Италия мемлекетінің құрамында. В-да орта ғасырларда салынған архитектуралық ескерткіштер көп (Сан-Марко соборы, Санта Мария де Мираколи шіркеуі, Сан-Джорджо Маджоре монастры, т.б.).

Дереккөздер

  1. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Сыртқы сілтемелер

  • Ресми сайты  (итал.)
  • Ұлттық статистика институты  (итал.)
Венеция елді мекендері

Анноне-Венето | Венеция | Вигоново| Груаро | Доло | Йезоло | Каваллино-Трепорти | Каварцере | Кампанья-Лупия | Камполонго-Маджоре | Кампоногара | Каорле | Кона | Конкордия-Саджиттария | Куарто-д'Альтино | Кьоджа | Маркон | Мартеллаго | Меоло | Мирано | Мира | Музиле-ди-Пьяве | Ноале | Новента-ди-Пьяве | Портогруаро | Прамаджоре | Пьянига | Сальцано | Сан-Дона-ди-Пьяве| Сан-Микеле-аль-Тальяменто | Санта-Мария-ди-Сала | Санто-Стино-ди-Ливенца | Скорце | Спинея | Стра | Тельо-Венето | Торре-ди-Мосто | Фиессо-д'Артико | Фоссальта-ди-Портогруаро | Фоссальта-ди-Пьяве | Фоссо | Чеджа | Чинто-Каомаджоре | Эраклея

 


венеция, венеция архитектура, венеция зимой, венеция карнавал, венеция карта, венеция картины маслом, венеция на карте, венеция погода, венеция фото, венеция что посмотреть


Венеция Туралы Ақпарат

Венеция


  • user icon

    Венеция beatiful post thanks!

    29.10.2014


Венеция
Венеция
Венеция Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Венеция бұл, Венеция кім, Венеция сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі

Кіші Қаратау қатпарлы белдемі - Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағында. Солтүстік-бат...
Амель (Нор)

Амель (Нор)

Амель (фр. Hamel) — Франциядағы коммуна. Нор-Па-де-Кале аймағына қарасты Нор департаментінде орналас...
EMac — Уикипедия

EMac — Уикипедия

eMac — Macintosh тектес дербес компьютер, Apple Inc компаниясы шығарған Оның аты айтып тұрғандай edu...
Қарасу (Байзақ ауданы)

Қарасу (Байзақ ауданы)

Қарасу - Жамбыл облысы Байзақ ауданы Суханбаев ауылдық округі құрамындағы ауыл. Аудан орталығы Сарык...