Sat . 19 May 2019

Ватикан

ватикан, ватиканские записи
Координаттар: 41°54′12.3″ с. е. 12°27′12.2″ ш. б. / 41.903417° с. е. 12.453389° ш. б. (G) (O)41.903417, 12.453389

Ватикан (Латынша: Status Civitatis Vaticanæ) Eуропада орналысқан ел. Ватикан - бір қаладан тұратын әлемдегі ең кішкентай ел. Рим католик шіркеуінің орталығы болып табылады.

Ватикан, Ватикан қала-мемлекеті – католик шіркеуінің орталығы, Рим папасы орналасқан мекен. Рим қаласының батыс жағында. Жер аумағы 0,44 км². Бұл жерден тыс Римнің іші мен сыртында Ватиканға қарайтын үш собор бар (жалпы ауданы 0,7 км²). Тұрғыны бір мың адам шамасында. Көпшілігі діни мекемелердің қызметкерлері. Ватикан азаматтығын тек жеті жүздей адам ғана алған. Ресми тілдері: латын және италия тілдері. Ватикан – абсолютті теократиялық монархия. Мемлекет басшысы – Рим папасы. Оның қолында барлық билік (заң шығару, атқару, сот төрелігі) шоғырланған. Бұған қоса Рим папасы сыртқы елдермен қарым-қатынасты да жеке өзі шешеді. Папаның жанындағы кеңесші орган – Кардиналдар кеңесі. Олар аса маңызды шіркеу істерін қарайды және өз араларынан Рим папасын сайлауға қатысады. Кардиналдардың үштен бір бөлігі Рим куриінің (Ватикан үкіметі) құрамына кіреді. Үкімет Ватиканның діни, саяси, экономикалық істерінің барлығына басшылық жасайды. Ватикан тарихы 756 жылы Папа облысы құрылған кезден басталады. 1870 жылы Италия әскерлері Папа облысын басып алып, астананы Римге көшірді. 1929 жылы жасалған Лютеран келісімі (конкордат) бойынша, Италия жағы Ватикан мемлекетінің тәуелсіздігін мойындады. 1984 жылы екі арада жаңа конкордат жасалып, италиялықтарға дін еркіндігі берілді. Қазір әлемде сегіз миллионнан аса христиан-католик тұрады. Олардың ішінде Рим папасының саясатын жүргізетін 1,7 миллион дін қызметкері, 0,4 миллион священник, екі мыңнан аса монастырьлар бар. Бұған қоса Ватикан діни емес ұйымдар (кәсіподақ, жастар, әйелдер, т.б.) арасында да үлкен беделге ие. Ватикан басшылығы әлемдегі шешуі аса күрделі мәселелерге (қарулы қақтығыстар, жұмыссыздық, кедейшілікпен, аштықпен күрес, тағыда басқа) үнемі араласып отырады. Бұл қызметтеріне кететін шығынды олар өз есептерінен төлейді. Ватикан дүние жүзіндегі аса бай мемлекеттердің бірі (алтын қоры – 13 миллиард доллар).

Ватикан: Әулие Петір алаңы

Қазақстан мен Ватикан арасындағы қарым-қатынас

Ватикан мен Қазақ Елі арасындағы достық байланыс алғаш 1998 жылдың 6-шы ақпанынан басталды. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ватиканға сапарында Папа Иоанн Павел II-мен кездесті. Аудиенция барысында екі жақ бүкіл дүниежүзілік діндер мен конфессиялар басшылары құрылтайының шақырылуы айтылды. «Иоанн Павел ІІ-нің резиденциясы орналасқан қала-мемлекет Ватиканның Әулие Петр Соборында өткен кездесу кезінде ҚР Президенті Рим Папасына оның Орталық Азия елдеріне тұңғыш сапары, Астанада сөйлеген сөзі Қазақстандағы барлық конфессия өкілдерінің тарапынан қызу қолдау тапқанын, мемлекеттегі дінаралық татулыққа септесетін болатынын разылықпен айтты. Иоанн Павел ІІ-ші Қазақстан мен Ватикан арасындағы ынтымақтастық туралы 1998 жылы Елбасымыздың Ватикан мемлекетіне сапары кезінде қол қойылған келісімнің ойдағыдай орындалып келе жатқанын атап өтті. Рим Папасы Президент Нұрсұлтан Назарбаев арқылы бүкіл Қазақстан халқына, өзіне, Астанаға сапар кезінде көрсеткен ерекше құрметі үшін разылығын жеткізудi сұрады. «Маған дәл сондай құрмет тіпті христиан дініндегі Армения мен Грузияда да көрсеткен емес», деп ерекше айтты Рим Папасы. Екеуара сұхбат соңында Рим Папасы Президентпен қоштасып тұрып: «Қазақстанның мемлекеті мен халқына Жаратқан Ие жар болсын!» деген тілегін айтқан-ды» .

Дереккөздер

  1. ↑ Vatican City. CIA — The World Factbook (ағыл.)
  2. ↑ Балалар энциклопедиясы, III-том
  3. ↑ С.Абдрахманов. «Қашаған құрықтаған Қазақстан», Астана, 2010 ж.
қ • т • ө Латын одағы

Ангола • АндорраАргентинаБоливияБразилияВатиканВенесуэлаГвинея-БисауГватемалаДоминикан РеспубликасыЭквадорИспанияИталияКабо-ВердеКоста-РикаКот-д’ИвуарКубаМальтаМексикаМозамбикМолдоваМонакоНикарагуаГондурасПанамаПарагвайПеруФилиппиндерПортугалияРумынияСан-Томе және ПринсипиСан-МариноСенегалУругвайФранцияЧили


Бұл — Ватикан туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы Уикипедияға көмектесе аласыз.


Дереккөз алу қатесі: "note" деп аталған дереккөз тобында <ref> тегі бар, бірақ тиісті <references group="note"/> тегі табылмады, немесе </ref> жабу тегін қажет етеді

ватикан, ватикан вікіпедія, ватикан карта, ватикан на карте, ватикан официальный сайт, ватикан улс, ватикан флаг, ватикан фото, ватикан что посмотреть, ватиканские записи


Ватикан Туралы Ақпарат

Ватикан


  • user icon

    Ватикан beatiful post thanks!

    29.10.2014


Ватикан
Ватикан
Ватикан Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Ватикан бұл, Ватикан кім, Ватикан сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

IC 4089

IC 4089

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Вероника шашы Тура шарықтауы 13...
Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ) (нем. Niederhausen (Nahe)) — Германия Федеративтік Республикасының Рейнланд-Пфальц...
Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

 Басқа мағыналар үшін Қарашоқы деген бетті қараңыз. Қарашоқы тауы Координаттар: Координатта...
NGC 2139

NGC 2139

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Уильям Гершель Ашылу уақыты 17 қараша 1784 Бақылау мәлі...