Mon . 19 Nov 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Валенсия

валенсия, валенсия барселона
Вале́нсия (ис. Valencia , кат. València ) — Испания мемлекетінің ірі қалаларының бірі, Валенсия автономиялық бірлестігінің орталығы. Тұрғындарының саны жөнінен Испания мемлекетінде Мадрид және Барселона қалаларынан кейінгі үшінші орында.Валенсия қаласы Турия өзенінің Жерорта теңізіне құйылысында орналасқан.

Мазмұны

  • 1 Тарихы
  • 2 Экономикасы
  • 3 Халқының саны
  • 4 Тамаша ғимараттары
    • 4.1 Шіркеу
  • 5 Дереккөздер
  • 6 Сыртқы сілтемелер

Тарихы

Валенсия қаласының б.з.д 138 жылы римдіктердің келуімен негізі қаланғанмен,ертеректе бұл қалада гректер де өмір сүрген. Б.з.д І ғасырда Лузитан тайпасы қаланы жаулап алып, елді мекенді талқандайды.Көп кешікпей римдік консул Децим Юний Брут көтеріліс кезінде жеңіске жетіп,қаланы қайта тұрғызады және оны Валентия (лат. Valentia) деп атайды.„Валентия“ сөзін тікелей аударғанда Қорған деген мағынаны білдіреді.Көне Валентияның гүлдене түсуі император Октавиан Августтың билік еткен кезеңімен сәйкес келеді.Осы кезеңде жаңа қоныс мәдениет және сауда саласында екпінді дами бастады және бұл маңызды сауда жолы Via Sucronense жолына орналасуға мүмкіндік туғызды.

Валенсияның тарихында Римдік кезең 413 жылы Вестгот тайпасының қаланы жаулап алуымен аяқталады.

714 жылы мавр тайпасы Кордов халифатымен қоса Валенсия қаласын басып алады.Вестготтардың үстемдік еткен уақытында тоқтап қалған экономика исламдық билік кезеңінде қайта жаңғырды.Тіпті 718 жылға қарай қала тұрғындарының саны 15 мың адамды құрады.ХІ ғасырдың басы мавритандық Валенсияның гүлденудің ең жоғарғы деңгейге көтерілу дәуірі және халифаттың күйреуінен кейін пайда болған мавритандық корольдіктің бас қаласы болып саналады.Бес ғасырға жуық (ХІ ғасырдың соңындағы қысқаша үзілісті қосқанда) билік еткен маврлардың кезеңінде суару каналдарының жүйесі,(1021—1061 годжылдары) қала қабырғалары қайта салынып, қараса көз тоймайтын әсем қоғамдық ғимараттар (осы күнге дейін араб моншалары сақталған ) тұрғызылды, ал қала Жерорта теңізі саудасының ірі орталықтарының біріне айналды.

1094 жылы ұлы испандық әскери басшы Родриго Диас де Вивар, көбіне Сид Кампеадор деген атпен танымал,Валенсия қаласын маврлардан азат етіп, 1099 жылы өзі қайтыс болғанға дейін басқарды.Өзі билік етіп отырған дәуірде Сид Валенсияны мұсылмандық қаладан сол уақытта Испаниядағы ірі христиандық орталықтардың біріне айналдырды — атап айтқанда, 1096 жылға қарай Валенсиядағы барлық мұсылмандық мешіттер қиратылды немесе шіркеуге айналдырылды. 1099 жылдан 1102 жылға дейін Сид Хименнің әйелі Валенсияда өз әмірін жүргізді,алайда ол соңында қаланы маврларға тастап кетуге мәжбүр болды. Шегіну барысында христиандар қаланы өртеді.

1102 жылы қалада ислам билігі қайта орнады.Сонымен қатар осы кезең бүкіл Испания үшін христиан,мұсылман және яһудилердің діни шыдамдылық шартына сәйкес бейбіт өмір сүруімен бейнеленеді.

Тек 1238 жылы ғана қаланы біржолата христиандар билейді,бұл билік патша Хайменың I Арагондық табысты әрі батыл шабуылынан кейін келді және ол маврларды Валенсия территориясынан тысқары қуып шықты.


Ортағасырлық Валенсияның қақпасы Әулие Михаилдың монастыры Валенсия шіркеуінің қоңыраулары

Экономикасы

Тарихи қала тоқыма өнеркәсібі мен сауданың орталығы болды. Қазіргі уақытта Валенсия өңірінде көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындар,«Форд» фирмасын қосқанда, орналасқан.Сонымен қатар бұл қала туризмнің де орталығы болып саналады.

Халқының саны

Тіркелген Валенсия тұрғындарының саны.

1900—2005
Испания Ұлттық институтының мәліметі бойынша

Жылы 1900 1910 1920 1930 1940 1950 1960 1970
Халық саны 215.687 233.018 247.281 315.816 454.654 503.886 501.777 648.003
Жылы 1981 1991 1996 2001 2002 2003 2004 2005
Халық саны 744.748 752.909 746.683 750.476 764.010 782.846 790.754 797.291

Негізінде қала испан тілінде сөйлейді,бірақ үкімет валенсия тілін насихаттайды. Халқының саны иммиграцияның арқасында айтарлықтай өсуде.

Тамаша ғимараттары

Қала тамаша ғимараттарға өте бай — олар бұрынғы қала қабырғасының мұнаралары, Валенсиялық үлкен шіркеу ( мұнда Римдік әкей Қасиетті Граалмен қабылдаған тостаған сақталған ), әсем қоңыраулы шіркеу ( «Мигелете» деген атпен танымал ), жібек тоқымашылар гильдиясының үйі (Ла Лонха. Валенсия 1996 жылдан бері Бүкіләлемдік адами мұраға мүше ).

Шіркеу

XIII—XV ғасырда мешіттің орнына салынған.

Шіркеу залындағы тостағанның түпнұсқасы. Валенсия.Патша алаңы.

Валенсияның кафедралы шіркеуінің бас залында ғана Римдік әкеймен қабылданған тостағанның түпнұсқасы қойылған.

Дереккөздер

1.↑Путеводитель Испания. Ле пти фюте. Изд. 7. Москва: "Авангард".2005. ISBN 5-86394-168-5.

Сыртқы сілтемелер

  • Мэрия Валенсии

Үлгі:Испания провинциясының бас қаласы

валенсия, валенсия барселона, валенсия город в испании, валенсия карта, валенсия на карте, валенсия погода, валенсия реал мадрид, валенсия фк, валенсия фото, валенсия что посмотреть


Валенсия Туралы Ақпарат

Валенсия


  • user icon

    Валенсия beatiful post thanks!

    29.10.2014


Валенсия
Валенсия
Валенсия Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Валенсия бұл, Валенсия кім, Валенсия сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

NGC 831

NGC 831

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Альберт Март Ашылу уақыты 18 қараша 1863 Бақылау мәліме...
Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл. Ауыл Полтава ауылдық округінің әкiмш...
Бёмфельд

Бёмфельд

Бёмфельд (нем. Böhmfeld) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципа...
NGC 4316

NGC 4316

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Вильгельм Темпель Ашылу уақыты 17 наурыз 1882 Бақылау м...