Thu . 20 Apr 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Бөкенші


Бөкенші— Шығыс Қазақстан облысының Глубоков ауданы жерінде, Семей қалалық әкімшілігіне бағынышты ауыл, Жиеналы ауылдық әкімшілік округінің орталығы. Ертіс өзенінің сол жағалауында, орманды белдемде орналасқан. Іргесі 19 ғасырдың 1-жартысында қаланған. Тұрғыны 1 мыңға жуық адам (1997). Бұрынғы қой кеңшарының орталығы негізінде акцион. қоғам, шаруа (фермер) қожалықтары құрылған. Ауылда тұрмыс қажетін өтеу комбинатының бөлімшесі, орта мектеп, клуб , кітапхана бар. Бөкенші арқылы Семей — Шаған автомобиль жолы өтеді. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының әр жерінде, сөз арасында қадау-қадау айтылған. Негізінен оны Тобықтыдан тарайтын Бөкенші руы жайлайтын болғандықтан, солай аталған. Романдағы мына жолдардың өзі де едәуір елес береді: «Бөкенші - ойдағы мол шапқынды қыстаулық жер: Жидебай, Мұсакөл, Шүйгінсу сияқты қорықтардан да ағылып келіп жатыр. Әр ел тұс-тұсындағы Ақбайтал, Көлденең, Шатқалаң, Жігітек, Бекенші сияқты асу-асуларға қарай беттеді. Шыңғыстағы кей асулардың аттары таудың сол тұсын иемденген ру атымен аталады, «Бөкенші» деген сондай атау еді» («Қайтқанда» тарауы). Қазіргі Абай ауданындағы Қарауыл, Көлденең, Мұқыр сияқты өзендердің бірі.

Дереккөздер

  1. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
  2. ↑ Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8



Бөкенші Туралы Ақпарат

Бөкенші


  • user icon

    Бөкенші beatiful post thanks!

    29.10.2014


Бөкенші
Бөкенші
Бөкенші Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Бөкенші бұл, Бөкенші кім, Бөкенші сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Порте

Порте

Порте (итал. Porte) — Италиядағы коммуна, Пьемонт әкімшілік аймағына қарасты Турин провинциясын...
Патриотизм

Патриотизм

Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүддел...
Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин - 1927 жылы 11 мамырла Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданында туған. 2004 жылы 29 наур...
Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Диқан ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Мазмұны 1 Геогра...