Tue . 19 Sep 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Бөкей әулеті


Бөкей әулеті — Бөкей ордасының негізін салушы Бөкей ханның ұрпақтары. Бөкей ханның Тәуке, Әділ, Жәңгір, Меңдікерей атты 4 ұлы болған. Бөкей хан қайтыс болғаннан кейін ұлы Жәңгір хан сайланды. Бірақ Жәңгір жас болғандықтан, ол ер жеткенге дейін хандық билікті Бөкейдің інісі Шығай сұлтан атқарды. Жәңгір хандық билікті 1824 жылы 24 маусымнан бастап атқарды. Жәңгір өлгеннен соң Бөкей Ордасында хандық билік жойылды. Сөйтіп Бөкей әулетінен тек Жәңгір ғана хан дәрежесіне көтерілді. Жәңгірдің Ескендір, Ибрахим, Сейіткерей, Зұлқарнай, Сақыпкерей, Ысмайыл, Ғұбайдолла, Ахметкерей атты балалары болған. Оның ішінде Зұлқарнай мен Ескендір Жәңгірдің тірі кезінде-ақ қайтыс болған еді. Жәңгірдің балалары ішінде Ғұбайдолла, Ахметкерей және Ибрахим Санкт-Петебургтегі паждар корпусын бітірді. Ахметкерей орыс әскерінің полктік шенін иемденген. Ол 1877 — 78 жылы орыс-түрік соғысына қатысқан. Жәңгірдің сүйікті ұлы — Сейіткерей 1852 жылы ауырып көз жұмды. Оның артында екі ұл қалды. Үлкені — Мұхаммедкерей, кішісі — Шәңгерей Бөкеев. Мұхаммедкерей Орынбордағы кадет корпусында оқыған. Ол ислам діні ілімдерін терең меңгерген, діндар адам ретінде танылған. Мұхаммедкерейдің Ақыш атты бір ұлы, Айша, Зәуреш атты 2 қызы болған. Зәуреш Бөкеева Шәңгерейдің қолында тәрбиеленді. Бөкей әулетінің ішінде Тәукеннің ұлы Нұрмұхамбет 20 ғ-дың басында өзінің белсенділігімен көзге түскен. Ол 1901 жылы Бөкей ордасының 100 жылдық мерейтойын Санкт-Петербургте атап өтуге тікелей ат салысқан. Нұрмұхамбеттің Махамбет, Ғабдол Хакім, Хабир, Баязит деген 4 ұлы болған. Махамбет Бөкейханов күйші-композитор, ал Ғабдол Хакім Бөкейханов мемлекет қайраткері ретінде танымал. Ғабдол-Хакімнің баласы Диас Бөкейханов қазір техника ғылымының докторы, профессор, Тау-кен институтының лаборатория меңгерушісі. Ғабдол Хакімнің немере қызы Ш. Аманжолова тарихи-ағартушылық бағыттағы “Әділет” ұйымы басқармасының мүшесі және “Жаңалық” қорының атқарушы директоры. Бөкейдің үлкен ұлы Тәукеден тараған ұрпақтардың ішінен белгілі дәрігер Хазихан Бөкейханов шыққан.

Дереккөздер

  1. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8



Бөкей әулеті Туралы Ақпарат

Бөкей әулеті


  • user icon

    Бөкей әулеті beatiful post thanks!

    29.10.2014


Бөкей әулеті
Бөкей әулеті
Бөкей әулеті Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Бөкей әулеті бұл, Бөкей әулеті кім, Бөкей әулеті сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

NGC 831

NGC 831

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Альберт Март Ашылу уақыты 18 қараша 1863 Бақылау мәліме...
Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка (Аққайың ауданы)

Полтавка – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы ауыл. Ауыл Полтава ауылдық округінің әкiмш...
Бёмфельд

Бёмфельд

Бёмфельд (нем. Böhmfeld) — Германия Федеративтік Республикасының Бавария жерінде орналасқан муниципа...
NGC 4316

NGC 4316

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Вильгельм Темпель Ашылу уақыты 17 наурыз 1882 Бақылау м...