Thu . 19 Nov 2019
TR | RU | UK | BE | EN |

Бұхара


БұхараӨзбекстан Республикасындағы қала, Бұхара облысының орталығы. Қызылқұм шөлінің оңтүстік шетінде, Зарафшан өзені аңғарының батысында, Бұхар шұратының орталық бөлігінде, Шахруд каналының бойында, теңіз деңгейінен 226 метр биіктікте орналасқан. Халқы 237,6 мың адам (1995). Б. з. б. 1-мыңжылдықтың орта шенінде іргесі қаланып, бастапқы кезде соғды тілінде Нумижкат деп аталған. Бұхара атауы алғаш рет жазба деректерде 5 ғасырдағыдағы қытай жылнамасында кездеседі. 709 ж. арабтар басып алған кезде, ол Орталық Азиядағы ірі сауда және мәдениет орталығы болған. Бұхара тұрғындары араб жаулаушылығына қарсы күресте Муканна жетекшілік еткен “ақ киімді адамдар” қозғалысына ( 8 ғасырдың аяғы) белсене қатысты. 8 — 10 ғасырларда Самани әулеті мемлекетінің құрамына кірді, оның астанасы болды. 10 ғасырдың аяғында Қарахан әулетіне, 12 ғасырдың ортасында қарақытайларға бағынды, 13 ғ-дың басында Хорезмшахы Мұхаммедтің иелігіне айналды. 1220 ж. Шыңғыс хан әскерлері жаулап алды. Бұхарада оларға қарсы Махмуд Тараби бастаған көтеріліс болды (1228). 1370 ж. Темір, ал 16 ғасырда Шайбани әулеті мемлекеттерінің құрамына кірді. 16 ғасырдың ортасынан 1920 жылға дейін Бұхар хандығының, 1920 — 24 ж. Бұхар Халық Кеңес Республикасының астанасы болды. 1887 ж. Бұхарада т.ж. салынды.

Қазіргі Бұхара — ірі өнеркәсіп және мәдени орталық. Қаракөл , мақта тазалау, май з-ттары, жібек, трикотаж ф-калары, ет, сүт, шарап, т.б. кәсіпорындары бар. Архит. ескерткіштер 140-қа жуық. Сәулет өнерінің тамаша үлгісімен салынған Исмаил Самани кесенесі (9 ғасырдың аяғы мен 10 ғасырдың басы), Калән мұнарасы (1127), Мір-Араб медресесі (1536), Сайфеддин Бохарзи кесенесі (13 ғасыр), Ұлықбек (1417), Көгілташ (1568), Надир Диуан бегі (1612) және Абд-ул-Әзиз хан (1652) медреселері нақышты өрнегімен көз тартады. Қала сыртындағы құрылыстардың ішінен Бехауддиннің ханакасы (1544 — 45), Чар-Бакр ғимараты (1560 — 63), Файзабад ханакасы (1598 — 99), Чар — Минар медресесі (1807) ерекше назар аудартады. Б-да әлемдік ғылым мен мәдениетке үлкен үлес қосқан Әбу Әли Ибн Сина, Бұхари, Рудаки, т.б. өмір сүрген. 1996 ж. ЮНЕСКО Бұхараны әлемдік мәдениет ошағы болған қалалардың қатарына қосып, оны өз қамқорлығына алатынын мәлімдеген. Бұхарадағы медреселерде 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасыр басында бірқатар қазақ зиялылары білім алған (қ. Бұхара медреселері). Қалада тарихи өлкетану, халық өнері музейлері, ибн Сина мұражайы бар.

Тағы қараңыз

  • Мұхаммед әл-Бұхари

Дереккөздер

  1. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
  2. ↑ Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2



Бұхара Туралы Ақпарат

Бұхара


  • user icon

    Бұхара beatiful post thanks!

    29.10.2014


Бұхара
Бұхара
Бұхара Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Бұхара бұл, Бұхара кім, Бұхара сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

IC 4089

IC 4089

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Вероника шашы Тура шарықтауы 13...
Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ) (нем. Niederhausen (Nahe)) — Германия Федеративтік Республикасының Рейнланд-Пфальц...
Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

 Басқа мағыналар үшін Қарашоқы деген бетті қараңыз. Қарашоқы тауы Координаттар: Координатта...
NGC 2139

NGC 2139

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Уильям Гершель Ашылу уақыты 17 қараша 1784 Бақылау мәлі...