Fri . 19 May 2019

Бірлік

бірлік туралы мақал, бірлік күні
Бірлік — топоним:

  1. Бірлік – Қазалы ауданындағы ауыл, Аранды ауылдық округі құрамында. Аудан орт Әйтеке би кентінен оңтүстік-батысқа қарай 26 км жерде, Сыр бойындағы «Сол жақ» Қазалы каналы бойында орналасқан. Тұрғыны 0,7 мың адам (2005). Ауыл 1977 – 1996 жылы аудандық мал бордақылау арнайы бірлестік орталығы болды. Бірлестік негізінде ауылда өндірістік кәсіпорындар мен шаруа қожалықтары құрылды.
  2. Бірлік – Сарыағаш ауданындағы ауыл, ауылдық округ орталығы. Аудан орталығы – Сарыағаш қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 61 км жерде. Құркелес өзенінің оң жағалауында. Тұрғыны 2,7 мың адам (2003). 1964 жылдан «Бірлік» қаракөл кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. Орта мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, клуб, т.б. мекемелер бар.
  3. Бірлік – Түркістан қалалық әкімдігі аумағындағы ауыл, Қарашық ауылдық округ құрамында. Түркістан қаласынан солтүстікке қарай 5 км жерде, АрысТүркістан каналының оң жағалауында. Тұрғыны 4,6 мың адам (2003). 1954 ж. құрылған «Победа» мақта ұжымшарының құрамында болып келді. Оның негізінде ӨК, шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. Орта мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт, клуб, кітапхана, т.б. мекемелер бар. Бірлік арқылы ТүркістанКентау т. ж. өтеді.
  4. Бірлік — Жаңақала ауданындағы ауыл, әкімшілік округ орталығы. Аудан орталығы - Жаңақала ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 45 км жерде, жусан аралас әр түрлі шөптесін өсімдіктер өскен шалғынды-қоңыр, сортанды және cop топырақты, құрғақ далалық белдемде орналасқан. Тұрғыны 1,0 мың адам (1999). Іргесі 1963 ж. асыл тұқымды қой өсіретін ≪Бірлік≫ кеңшары ретінде қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан Бірлікте және әкімшілік округтегі Ақбалшық, Үшкемпір аудандарында ≪Бірлік≫ акционерлік қоғамы мен 4 шаруа қожалығы жұмыс істейді. Ауылдарда 1 орта, 2 бастауыш мектеп, мәдениет үйі, фельдшер-акушерлік және 2 медициналық пункт қызмет етеді. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
  5. Бірлік - зират. Павлодар облысы, Баянауыл ауылының маңында. 1988 - 1992 ж. Солтүстік Қазақстан археол. экспед. (жетекш. А.Бейсенов) зерттеді. Құрамында қола дәуірінің соңғы кезеңіне, ерте темір дәуіріне және ішінара орта ғасырларға жататын 40-тан аса ескерткіштер тобы бар. Оның 29-ы зерттелді. Екеуі орта ғасырларға, қалғандары ерте темір дәуірінің Тасмола мәдениетіне (б.з.б. 7-1 ғасырлар жатады. Мұның 10 обасы мәдениеттің ерте сатысына, қалған 17 оба Қорғантас кезеңіне жатады. Алғашқылары толық зерттелген. Екі кезеңнің обалары да тас пен топырақтан дөңгелене үйіліп жасалған. Мүрделер қарапайым шұңқыр қабірлермен қатар 2 - 3 м тереңдікте орнатылған жәшік тәрізді тас қабірлерге де жерленген. Ерте кезеңге (б.з.б. 7 - 4 ғасырлар) жататын 15-, 16-обалардан табылған жұптасқан үлкен тас жәшіктердің ұзындығы 3 м, ені 2 м. Ортасы тас қабырғамен бөлінген бұл жәшіктерге балалы әйелдер жерленген. Қорғантас кезеңінің (б.з.б. 3-1 ғ-лар) обаларынан алынған деректер мәдениеттің соңғы сатысына қарай орын алған өзгерістерден хабар береді. Бұл кезеңде жерлеу ғұрпында біраз жаңалықтар пайда болды, темірден жасалған бұйымдар көбейді. Бірлік зиратынан қоладан, темірден, тастан жасалған бірнеше заттар табылды. Сонымен бірге обалардың құрылысы мен жерлеу ғұрпы және жерленген адамдардың антропол. сипаты туралы құндығыл. деректер алынды. Бірлік зиратынан алынған бас сүйектерді зерттеу Тасмола мәдениеті түсындағы жергілікті тұрғындардың шығыстық (Орта Азиялық) белгілері бар еуропалық үлкен нәсілге жататынын көрсетті. Мұндай белгілер Қорғантас сатысына қарай жақындаған сайын көбейе түскен.

Дереккөздер

  1. ↑ “Қазақ Энциклопедиясы”
  2. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
  3. ↑ “Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том
Бұл бет — айрық бет боп табылады. Көп мағыналы термин сұралғанда, соның мағыналарын айырып, қолданушыны тиісті мақалаға жеткізу үшін жасалған. Қандай да бір ішкі сілтеме осы бетке келтірсе, сілтемені өзгертіп, тиісті бетіне тікелей сілтейтін етіп қылыңыз.

бірлік бар жерде, бірлік күні, бірлік мазмұндама, бірлік пен татулық слайд, бірлік туралы мақал, бірлік туралы сурет, бірлік туралы шығарма, бірлік туралы әңгіме, бірлік туралы өлең, бірлік түбі тірлік


Бірлік Туралы Ақпарат

Бірлік


  • user icon

    Бірлік beatiful post thanks!

    29.10.2014


Бірлік
Бірлік
Бірлік Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Бірлік бұл, Бірлік кім, Бірлік сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

IC 4089

IC 4089

галактика Бақылау мәліметтері (Дәуірі: J2000.0) Шоқжұлдызы Вероника шашы Тура шарықтауы 13...
Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ)

Нидерхаузен (Наэ) (нем. Niederhausen (Nahe)) — Германия Федеративтік Республикасының Рейнланд-Пфальц...
Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

Қарашоқы (шоқылы тау, Айғыз өзені аңғары)

 Басқа мағыналар үшін Қарашоқы деген бетті қараңыз. Қарашоқы тауы Координаттар: Координатта...
NGC 2139

NGC 2139

галактика Зерттелу тарихы Ашушы Уильям Гершель Ашылу уақыты 17 қараша 1784 Бақылау мәлі...