Thu . 20 Feb 2020
TR | RU | UK | BE | EN |

Будда

будда, буддаг ном
Будда – будда дінінің негізін қалаған әулиенің лақап аты. Шын есімі – Гаутама Сиддһартһа. Солтүстік Үндістанда (бүгінгі Непал жерінде), шак (сақ) халқы патшасының отбасында дүниеге келген. Будда (біздің заманымыздан бұрынғы 623 – 544 жылдары; санскритше Буддһа көкірегі ояу, көзі ашық деген ұғымды білдіреді) сол кездері Үндістанда үстемдік құрған Веда ілімін мойындамай, аһимсаны (тіршілік иелеріне жамандық жасамауды) уағыздаған.

Ұғымның мағынасы

Будда (санскрит тілінен аударғанда"оянған", "көзі ашық" деген мағынаны білдіреді) буддизм іліміндегі - айқындыққа (бодхиге) жеткенді айтады. Сиддхартха Гаутама (айқындыққа жеткен кезден Будда Шакьямуни есім алған), біздің заманымыздан бұрын шамамен 623-543 жылдары өмір сүрген, және бодхиге 588 ж. жеткен болатын, ең алғашқы да, ең соңғы будда да болып саналмайды. Буддизм ілімінің көзқарасы бойынша, будда деп кез келгеннің карманың жақсы, яғни оң санын айтарлықтай мол жинаған және ақиқатқа (дхармаға) көз жеткен тірі жанды айтады. Ғалам тарихында осындай тәріздес көптеген тірі жәндіктер жандар болатын. Осылайша, Гаутама Будда өтіп кеткен уақыт кезеңде де, әлі болашақта талай көптеген буддалар қатарының бір үзбесі болып табылады. Оның алдында Дипанкара будда болған еді, ал одан кейін келетін будданың есімі - Майтрейя.

Карма дегеніміз не

Деванагариде "Ом" бейнесі

Карма (санскритше – іс-әрекет) – ежелгі үнді философиясы мен дініндегі ұғым. Индуизм ілімінде жеке адамның табиғатпен тікелей байланысы К. заңдары арқылы реттеледі. Атма адам тәніндегі жанға айналып, жақсы, жаман әрекеттерге итермелейді. Карма – осы іс-әрекеттердің нәтижесі, жанның бір денеден екінші денеге көшуіне жағдай жасайтын себеп, сондықтан да адамның туғандағы хал-ахуалы (байлық, кедейлік, құрмет, жәбір, қасірет, тағы басқа) ата-бабаларының өткендегі іс-әрекеттері мен мінез-құлқының шарапаты не кесапатына байланысты.

Дереккөздер

  1. ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
  2. ↑ Балалар Энциклопедиясы, II- том


будда, будда бар, будда виста, будда картинки, будда медицины, будда тур, будда цитаты, будда шакьямуни, буддаг зураг, буддаг ном


Будда Туралы Ақпарат

Будда


  • user icon

    Будда beatiful post thanks!

    29.10.2014


Будда
Будда
Будда Сіз қарап жатырсыз субъектісі
Будда бұл, Будда кім, Будда сипаттамасы

There are excerpts from wikipedia on this article and video

Кездейсоқ Мақалалар

Порте

Порте

Порте (итал. Porte) — Италиядағы коммуна, Пьемонт әкімшілік аймағына қарасты Турин провинциясын...
Патриотизм

Патриотизм

Патриотизм - [грек, patris - отан, атамекен] - өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүддел...
Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин

Асан Жұмаділдин - 1927 жылы 11 мамырла Жезқазған облысы, Жаңаарқа ауданында туған. 2004 жылы 29 наур...
Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс (Жамбыл облысы)

Жеңіс — Жамбыл облысы Байзақ ауданы, Диқан ауылдық округінің құрамындағы ауыл. Мазмұны 1 Геогра...